Сөз таптары
1-деңгей
Сөздерге сұрақ қойып мағыналарына қарай топтастырып жаз.
Жиырма, нан, кішкентай, суретші, бес, қызыл, үйретті, үрледі, бөбек, дәптер.
Сөйлемдерді көшіріп жазып, зат есімдердің астын сыз.
Оқушы сыныпқа кірді. Мұрат көбелекке жақындады. Күн шайдай ашылды. Бақта құстар сайрады.
2-деңгей
Негізгі зат есімдерге тиісті жұрнақ жалғап, туынды зат есімге айналдырып жаз.
Кезек, өрмек, егін, аң, мал, теңіз, жол.
Сөйлемдерді көшіріп жазып, тәуелдік жалғаулы зат есімдердің астын сыз.
Менің әкем – құрылысшы. Асқардың әкесі – дәрігер. Сенің әкең қай жұмыс істейді? Ол үйірмеге қатысып жүр. Құрмағазының күйі – «Балбырауын».
3-деңгей
Берілген зат есімдерді тәуелдеп жаз.
Сап, мысық, тарақ.
Достарыңызбен бөлісу: |