1-деңгей сұрақ. Мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаттарын сипаттап беріңіз?


сұрақ Еңбек ұжымындағы моральдық-этикалық



бет4/6
Дата26.12.2022
өлшемі86,7 Kb.
#59613
1   2   3   4   5   6
4 сұрақ
Еңбек ұжымындағы моральдық-этикалық жауапкершілік
Қызметтік қарым−қатынастың этикалық нормалары жалпы адами нормаларға және тәртіп ережелеріне негізденеді. Клиенттердің, қызметкерлердің және басшылықтың кәсіби немесе жеке ісіне байланысты Халықтың алдында әшкерлеуге жол берілмейді. Бұл жала мен тіл тигізуге тең. Қызметкерлердің жеке басының мүдделері әріптестері, контрагенттер мен мекеме қызметкерлерінің қарым−қатынасқа әсер етпеуі керек.
Қызметтік міндеттерді орындау, клиенттермен жұмыс жасау барысында, сондай−ақ, даулы жағдайларды шешуде қарым−қатынасты ерекше этикалық және кәсіби негізде құрған қажет.
Мүдделердің потенциалды дау−дамайларын шешуде сонымен қатар қызметкерлердің, клиенттердің және үшінші тұлғалардың мүдделерін қорғау мақсатында ашық қарастырылуы керек.
Халықаралық этикет ережелеріндегідей: әртүрлі формада бір−біріне қайырлы таң, күн, кеш, денсаулық, еңбекте табыс, жақсылық пен амандық тілеуді құптайды. Ережеге сай ер адамдар үшін бұл – дәстүрлі – қол алысу немесе бас изеу секілді символдық жестер. Қол алысқанда қолды еркін, сенімді жестпен берген жөн. Қол алысу ұзаққа созылмауы тиіс. Алғашқы болып кішілер үлкендерге қол созуы керек, ерлер− әйелдерге бірінші амандасып, ер адамның жасы үлкендеу болса әйелдер ерлермен амандасады. Бұл ережеден шығарылатын қорытынды: бөлмеге кірген кісі мейлі ол әйел адам болсын, мейлі ер адам болсын, отырғандармен бірінші болып амандасады. Ал кетіп бара жатқан адам отырғандармен бірінші болып қош айтысады.
Ер адаммен әйел адам амандасқан кезде алғашқы болып әйел адам қол созуы керек. Сондай-ақ, ер адамдар амандасқанда жасы кіші ер адам жасы үлкен ер адамға қол созу керек. Қызметтік жағдайда ер адам амандасып жатқан әйел адамды көргенде орнынан тұрмауға болады.
Кез келген жағдайдағы амандасу қызметкерлердің ниеттілігін және тілектестігін көрсетуі керек. Амандасқан кезде сөздер анық және айқын шығу керек. Мүмкіндік болса, амандасып жатқан немесе сізбен амандасып тұрған адамға сәл күлімсіреп амандасқан жөн.
«Өз сөздеріңізді байқап сөйлеңіз, қарым−қатынаста сақ болыңыз. Сіздің айналаңызда өзіңіздің әріптестеріңіз жұмыс жасап жүргенін ұмытпаңыз. Олардың да еңбектерін сыйлаған жөн. Жиналыстар мен отырыстар жүргізген кезде қызметкерлер іскери этиканы сақтаған жөн. Жиналыстар мен отырыстарға дер кезінде кешікпей келіп, күн тәртібіндегі мәселелермен алдын ала танысулары керек. Өзіңізбен бірге қажетті материалдар, алдын ала даярланған сұрақтар мен түсініктемелер қолыңызда болғаны жөн.


5 сұрақ\
Академиялық адалдық - жазбаша жұмыстарды (бақылау, курстық, эссе, дипломдық, диссертациялық) орындау кезінде, емтихандағы жауаптарда, зерттеулерде, өз ұстанымын білдіруде, академиялық қызметкерлермен, оқытушылармен және басқа студенттермен өзара қарым-қатынаста, сондай-ақ бағалауда студенттің шыншылдығын білдіретін құндылықтар мен қағидалар жиынтығы.
Академиялық адалдық принциптері: 1) адалдық 2) автордың және оның құқықтық мирасқорларының құқықтарын қорғауды жүзеге асыру 3) ашықтық 4) білім алушылардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу 5) теңдік.
Академиялық адалдық қағидаларын бұзу шаралары: Әділдікті алғашқы анықтау - актілер жасап, оны жеке іске тігу, нәтижелерді жою, кінәлілерді кафедра отырысына шақыру, қайта тапсыру құқығы. Әділдікті қайта анықтау (3 жағдайға дейін) – актілер жасап, оны жеке іске тігу, нәтижелерді жою, қайта тапсыру құқығынан айыру, жазғы сесияға қалдыру. Академиялық адалдық қағидаларын 3-тен артық бұзушылық болса - актілер жасап, оны жеке іске тігу, нәтижелерді жою, университеттен шығару. Қорытынды аттестаттауда академиялық адалдық қағидалары бұзылса, плагиат, қосарланушылық, көшіріп алушылық фактілері туралы материалдар мамандық бойынша МАК-қа ары қарай шешім қабылдау үшін жіберіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет