3-деңгейдің сұрақтары Этнопедагогиканың ең негізгі категориясын жазыңыз.
Этнопедагогиканың халыққа білім беру саласында қолданылу жағдайларымен байланысты мәселелер проблеманың өзіне және оның шешілу жолдарына толық түсіндірме беру арқылы баяндалғаны тиімді.
Дәл сондықтан да этнопедагогиканы алдымен оку-тәрбие процесіне кеңінен енгізудің негізгі жолы өткен кезендерде қисынсыз алынып тасталған халыктық жөне табиғатпен үйлесімділік педагогикалық принциптерін жаңарту екеңдігі арнайы атап көрсетіледі. Халықгың педагогикалық даналығы халықтық тәрбие құралдарын толық пайдаланған жағдайда дәл осылар педагогика ғылымын байытуға; халыққа білім беруді жаңартуды жүзеге асыруға; отбасы, балабақша, кәсіби оқу орындары тәрбие проблемаларын шешудегі одағын нығайтуға елеулі үлес қосатын бастау болып табылатындығын ескеру керек.Этнопедагогикадағы бала денсаулығы мен денесінің жетілуі өніндегі қамқорлық, ақыл - ой мен еңбекке дайындық, саналы адамгершілік - эстетикалық тұрғыда бағыттау, мінез - құлықты реттеу, өзін - өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеу, яғни тұлға қалыптастырудың бүкіл жетекші багыттарын камтитын аса бай фактілермен танысу болашақ мамаңдарды оқытылатын материалға қызығушылығын, арттырады.Құрылымында этнопедагогика элементтері бар немесе өзге өлшем мен көрініс беретін сабақтар жобаларын кластан тыс жұмыс түрлерін дайындап, өткізу, этнопедагогикалық тақырыптарды үйірмелер жұмыстарының бағдарламаларына енгізу, этнопедагогикалық факультативтер ұйымдастыру, халық педагогтары шығармалары бойынша класс сабақтары циклін ұйымдастыру, тарихи этнопедагогикалық тақырыптамалар бойынша жоғары кластар үшін кештер дайындау, арнайы этнопедагогикалық газеттер, хабарламалар ұйымдастыру жөне өткізу өдістемелері жайлы бірізділікпен баяңдаудың студентті этнопедагогика материалдарымен жұмыс істеуге баулудың мәні ерекше.