1. Дене тәрбиесі құралдарының жалпы сипаттамасы



Дата06.01.2022
өлшемі30,38 Kb.
#15613
түріСабақ

1.Дене тәрбиесі құралдарының жалпы сипаттамасы.

 

Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің міндеттерін шешу үшін, гигиеналық факторлар табиғаттың жаратылыс күштері, дене жаттығулары және т.б. қолданылады. Барлық құралдарды кешендік түрде пайдаланғанда ғана дене тәрбиесін толық мәнде жүргізуге болады. өйткені олардың әрқайсысына ағзаға  өзінше әсер етеді:



1. Гигиеналық факторлар (сабақ, демалыс, тамақтану және үйықтау тәртібі, киім, денетәрбиесі жабдықтары мен құралдары, гигиенасы, т.б.). Дене тәрбиесінің өзіндік мәні бар құралы болып табылады. Олар дене жаттығуларының ағзаға тигізетін тиімділігін арттырады. Мысалы, дене жаттығуларымен айналысу, тамақтану мезгілінде және толық мәнінде болған жағдайда сүйек және бұлшық ет дамуына оңды әсерін тигізеді. Қалыпты ұйқы демалысты және жүйке жүйесінің жұмыс қабілеттілігін көтеруді қамтамасыз етеді. Бөлменің, дене тәрбиесі жабдықтарының, құралдарының, ойыншықтардың, балалар киім-кешегінің тазалығы түрлі ауруларды алдын алуға мүмкіндік береді. Жеке жастың және қоғамдық  гигиена талаптарын сақтау, балаларға оңды әсер етіп, олардың дене жаттығуларын меңгеруіне қолайлы жағдай туғызады. Гигиеналық факторлардың дербес мәні де бар. Олар барлық ағзалар мен жүйелердің қалыпты жүмысына әсерін тигізеді. Мысалы, жүйелі және сапалы тамақтану ас қорыту қызметтерінің жақсы жұмыс істеуіне әсерін тигізеді және басқа ағзаларға қажетті қоректену заттарын мезгілінде жеткізуді қамтамасыз етеді. Бұл баланың қалыпты өсіп, дамуына қажетті басты шарттардың бірі. Жарықтың дұрыс берілуі көз ауруынан сақтандырады (алысқа көз жетпеушілік т.б.). Балалардың кеңістікте дұрыс болжай алуына қолайлы жағдай туғызады. Қатаң күн тәртібін сақтау балаларды тәртіппен жинақылыққа және т.б. жағымды қасиеттерге үйретеді;

              2) Табиғаттың жаратылыс күштері (күн, ауа және су) дене жаттығуларының ағзаға тигізетін әсерін күшейтеді және адамның жұмыс қабілетін арттырады. Ауада немесе суда дене жаттығуларымен айналысу процесінде жекелеген органдары мен ағза жүйесінің қызмет мүмкіндіктері күшейеді. (оттегін жұту көбейеді, зат алмасу жақсарады және т.б.). Күн сәулесі ауа және су ағзаны шынықтыру үшін қолданылады. Соның нәтижесінде адам ағзасы ауа райы құбылысының факторларына мезгілінде әсерленіп, қажетті төзімділік танытады. Табиғаттың жаратылыс күштерін дене жаттығулары мен үйлестіре пайдалану шынығудың тиімділігін арттыра түседі. Табиғаттың жаратылыс күштері дербес құрал ретінде де пайдалануы мүмкін. Су – теріні кірден тазартуға, қан тамырларын кеңейтуге және таратуға, адам денесіне механикалық әсерін тигізуге пайдаланылады. Орман, бақша, парк ауасының құрамында ерекше заттар (фитонциттар) болады. Олар микроптардың жойылуына ықпал етеді. Қанды оттегімен қамтамасыз етіп адам ағзасы не оңды әсер етеді. Күн сәулесі – тері астына Р витаминінің жиналуына ықпал етеді. Түрлі микроптарды өлтіріп адам ағзасын түрлі аурулардан (рахид және т.б.) қорғайды. Табиғаттың жаратылыс күштерін пайдалану балалардың мінез-құлқына оңды әсер етеді. Ағзаға жан-жақты әсер ету үшін, табиғаттың жаратылыс күштерін барынша мақсаткерлікпен үйлестіріп пайдалануы керек;

3) Дене жаттығулары – дене тәрбиесінің негізгі арнаулы құралы, дене жаттығулары адамға алуан түрлі әсерін тигізеді: дене жағдайын өзгертеді; адамгершілігін ақыл-ой; эстетикалық және еңбек тәрбиесінің міндеттерін жүзеге асыруға ықпал етеді. Сондай-ақ мінез-құлық қасиеттерін қалыптастыруға әсер етеді. Дене жаттығуларымен бірге би, массаж пайдаланады. Музыкамен қосарланып жүргізілетін би жаттығулары ағзаның бүкіл жүйесіне әсерін тигізеді. Дененің сапалық қасиеттерін (ептілікті, жылдамдықты т.б.) дамытады. Сондай-ақ қозғалыстың  әсем, байсалды, табиғи болуын қалыптастырады;

4) Массаж (сипау, уқалау, шапалақтау, жұмсарту және т.б.) теріге бұлшық еттерге, сүйек жүйесіне әсер етеді. Демалысты күшейтеді, қан айналымын зат алмасуды жақсартады және т.б.;

5) Түрлі іс-әрекет жағдайлары (еңбек, сурет салу, пішіндеу, музыка аспаптарында ойнау және т.б.) қимыл-қозғалысы арқылы жүзеге асырылады. Сөйтіп бұларда адам ағзасына әсерін тигізеді. Бірақ еңбек процесінде атқарылатын қимыл-қозғалыс ең алдымен нақты нәтиже алуға бағытталған, ал оның ағзаға тигізетін әсері қосалқы фактор болып есептеледі. Сондықтан іс-әрекеттің алуан түрін ұйымдастырғанда баланың дұрыс жүріп тұруын, оныңағзасына түсетін күштің жас ерекшелігіне сай келуін олардың дербес ерекшеліктерін, денсаулық жағдайын, дене дамуын және әзірлігін есепке алу керек. Түрлі жас кезеңінде дене тәрбиесі тапсырмаларын жүзеге асыру негізгі және қосалқы құралдарда дұрыс ұйымдастыру кезінде ғана тиімді болмақ. Мысалы: нәресте өмірінің алғашқы 3 айында гигиеналық факторлар мен табиғат жаратылыс күштерінің маңызы ерекше. Одан әрі дене жаттығулары мен іс-әрекеттерінің алуан түрінің рольі ұлғаяды.

 

 



 

 

2. Дене тәрбиесі жаттығуларының сипаттамасы.



 

Дене жаттығулары бір-бірінен мазмұны сондай-ақ формасы бойынша ерекшеленеді. Мазмұнға: дене жаттығуларының құрамына кіретін іс-әрекеттер, процесстер (психологияның, физиологияның, биохимияның, биомеханикалық) кіреді. Олар жаттығу барысында ағзаға орнығады және олардың әсері жаттығушының дене жаттығуымен айналысу қажеттілігін анықтайды. Дене жаттығуларын орындау (еркін қимылдау) қимыл-қозғалыс түсінігі мен назарымен, ойымен, ерік-күшімен, сезімімен және т.б. психологияның процесстерімен тығыз байланысты. Түрлі дене жаттығуларын орындау кезінде жүрек, қан тамырлары, тыныс алу жұмысында және ағзаның басқа жүйелерінде әр алуан өзгерістер жүреді. Бұл қозғалыстар ағзаның қызметін, мүмкіндігін, тиісінше деңгейде өзгертеді және ағзалар массасының ұлғаюына, құрылымдарының дамуына әсер етеді. Дене жаттығуларының мазмұнын педагогикалық көзқарас тұрғысынан қарастырғанда, олардың мәнін, білім беру,тәрбиелеу міндеттерін жүзеге асыру тұрғысынан қарастырған жөн (қимыл-қозғалыс әдеттерін қалыптастыру, дененің сапалық дамуын қамтамасыз ету т.б.). Дене жаттығулары формасы, оның ішкі және сыртқы құрылымын көрсетеді. Ішкі құрылым – жаттығу жасау кезінде ағзада болатын түрлі процесстермен тығыз байланыста сипатталады. Сыртқы құрылым – қозғалыстың кеңістікке, уақытқа, динамикалық параметрлердің қатысына қарай сипатталатын көрнекілік форма. Дене жаттығуларының формасы мен мазмұны өзара байланысты болады. Мазмұн – форма үшін жетекші роль атқарады. Мысалы: жүгіру жылдамдығы ұлғайғанда, адымның ара-қашықтығы және дененің еңкею бұрышы өзгеріске түседі. Сондай-ақ формада мазмұнға ықпал етеді. Мысалы: алысқа лақтыру кезінде, қолды дұрыс сермеу қашықтықты айтарлықтай ұлғайтады яғни бұлшық ет күші өзгеріске түседі деген сөз.

Дене жаттығуларының техникасы. Бұл қозғалыс тапсырмасын орындаудың тәсілі болып табылады. Дене жаттығуларының техникасы өзгереді жетіледі. Техниканы жетілдіру, жаңа формаларды игеру жоғары нәтижелерге жетуге дене дайындығын жақсартуға, қозғалысының биомеханикалық заңдылықтарын ашуға, күрделі спорт жабдықтарын пайдалану мүмкіндіктер береді. Сыртқы форма (конкимен мәнерлеп сырғанау) сапалық нәтиже (секіру, жүгіру және т.б.) немесе іс-қимыл тапсырмаларын орындау (нысанаға тигізу), дене жаттығуларын орындау тәсілдерінің (техникасының) тиімділік деңгейін көрсетеді. Дене жаттығулары техникасында оның негізі айқындаушы звеносы және детальдары болады. Техника негізі – қозғалыс тапсырмаларын орындау үшін қажетті жаттығулардың басты элементі. Техника негізінің қандай да бір элементі жетіспесе жаттығу орындалмайды немесе бұрмаланады.

Техниканың айқындаушы звеносы. Бұл аталдған іс-қимыл техникасы негізінің барынша маңызды және шешуші  бөлшегі. Мысалы: жүгіріп келіп биіктікке секіру де, бір аяқпен серпіп, оны жоғары және алдыға созылған екінші аяққа біріктіре көтеріп алып, техниканың айқындаушы звеносы болады. Ал, артқа лақтыру сәтінде соңғы серпу айқындаушы звено болып табылады. Жаттығу кезінде айқындаушы звено қасқағым сәтте атқарылады және бұлшық еттің үлкен күшпен жұмыс істеуін қажет етеді.

Техниканың детальдары. Техниканың кесел жасамай өзгеріске түсуі мүмкін, екінші кезектегі ерекшеліктер, мысалы, доп лақтырып болғаннан кейін, тепе-теңдігін сақтау үшін жаттығуларының кейбіреуі екі аяқпен кезектесіп секірсе, кейбіреулері бір аяғын екіншісіне қояды. Дене жаттығулары бірінен кейін бірі ауысып келіп тұратын фазалардан (немесе бөлшектерден) тұрады.

Ациклдік жаттығу. Ациклдік жаттығу (лақтыру, секіру т.б.) кезінде орындалатын әрбір іс-қимыл толық аяқталған іс-әрекет болып табылады. Бұлар үш фазаға бөлінеді:

a.      әзірлік;

b.     негізгі;

c.      қорытынды.

Бұл фазалар бір-бірімен тығыз байланысты, қосарлана жүреді және бір-біріне тәуелді болады. Дегенмен олардың әр қасысының өзінді ерекшелікері тұтас жаттығу барысында атқаратын белгілі бір атқаратын қызметтері бар.

Әзірлік фазасы. Негізгі фазаны орындау үшін барынша қолайлы жағдай туғызады. Мысалы, допты артқа лақтыру кезінде  қолда, денеде серпілу үшін кейін қарай шалқайуға мәжбүр болады. Бұл лақтыруды (негізгі фазаны) қамтамасыз етеді. Әзірлік фазасы кезінде бұлшықеттер созылады. Негізгі фаза кезінде олар жылдам және қатты жиырылады. Қол қозғалысының алысқа серпіліп, жылдам жиырылуы, доптың ұшу қашықтығын қамтамасыз етеді. Биіктікке секіру кезінде жаттығушы негізгі фазаны орындау бағытына жүгіреді. Бұл серпілу күшін ұлғайтады және үлкен кедергілердің жеңіп шығуға мүмкіндік береді.

Негізгі фаза. Негізгі фаза негізгі қимыл қозғалыс міндетін шешуге бағытталады. Мысалы: лақтыруда допты серпу, секіруде қатты серпілу, кедергіні жеңіп өту. Бұл фазада атқарушы күштерді тиісті бағытта орындап қажетті сәтте тиімді пайдалану маңызды.

Қорытынды фаза. Қорытынды фазаның міндеті қозғалысты тоқтату және тепе-теңдікті сақтау: алысқа лақтыру сәтінен соң, мәре сызығынан шығып кетпеу. Жүгіріп келіп, алысқа секірген соң, құлап қалмау.

 

 



Жаттығудың ерекше элементтері болады:

                 басты жағдай;

d.     көздеу;

e.      серпу;

f.       жіберу.

Кеңістіктің сипаттамасы. Бүкіл дене жаттығулары кеңістікте атқарылады. Кеңістіктік сипаттамаға бастапқы жағдай дене мен оның бұлшектерінің іс-қимыл кезіндегі жағдайы траектория енеді. Бастапқы жағдай – бұл жаттығу алдындағы салыстырмалы түрде қозғалыссыз тұрған жағдай. Ол іс қимылға дайындықты білдіреді. Бастапқы жағдайдағы дененің және оның бұлшектерінің өзгеріске түсуімен жаттығуының күрделілігін өзгертуге бұлшық еттерге түсетін салмақты күшейтуге және ағзаға оңды ықпал жасауға болады. Мысалы: орындықта отырып оңға, солға бұрылу, қарын бұлшық етінің жұмысын күшейтеді. Еденге жатып жаттығумен айналысу-дене салмағының омыртқаға түсетін күшін азайтады. Бастапқы жағдай жаттығуды дұрыс орындау үшін және келесі іс-әрекеттің нәтижелі болуы үшін тиімді жағдай туғызады. Мысалы: сөреде (старт) еңкейіп тұру, жүгіру кезінде жылдам қозғалуды игеруді қамтамасыз етеді. Дене жаттығуының орындалу процесінде дененің немесе оның жекелеген бұлшектерінің қозғалыссыз тұруы, бұлшық еттерінің статистикалық күші арқылы қамтамасыз етіледі. Атқарылатын дене жаттығуларының тиімділігі денені қажетті қалыпқа қоюға, оның бұлшық еттерін барынша ыңғайлы жағдайға ұстауға байланысты болады. Айталық конькишінің, шаңғышының, велосипедшінің еңкейіп тұруы, ауаның қарсылығын азайтады. Сөйтіп алдыға қарай жылдам қозғалуды қамтамасыз етеді. Кейбір жаттығуларды орындау техникасында басты белгілі бір жағжайда ұстаудың маңызы бар. Мысалы: орындықта немесе бөренеде жүру кезінде тепе-теңдікті сақтау үшін, басты түзу ұстайды. Мәнерлеп сырғанауда, спорттың және көркем гимнастика кезінде дене мен оның жекелеген бөлшектерінің дұрыс жағдайда болуына арнайы эстетикалық талап қояды: аяқтың ұшын созып түзу ұстау денені иіу және т.б.

Қозғалыс траекториясы – дененің қозғалатын бөлшектерінің немесе заттарының жүріп өткен жолы траектория деп аталады. Траекторияда үш ерекшелік көрінеді:

а) форма;

б) бағыт;

в) қозғалыс шегі.

Формасы жағынан траектория түзу және қисық сызықты болады. Дене бөлшегі қысқа қашықтықта үлкен жылдамдықпен қозғалуы қажет болғанда, түзу сызықты форма пайдаланылады. Мысалы: семсерлесу (фехтования) сәтінде шаншу бұлшықетінің қосымша жұмыс жасауын қажет ететіндіктен, қисық сызықтың қозғалысы жиі қолданылады (теннис кезінде ракеткамен допты ұру үшін қолданылатын шеңбер қозғалыстар). Траектория формасының күрделілігі қозғалатын дененің салмағына тәуелді болады. Салмағы үлкен болған сайын форма қарапайым болады. Мысалы: аяққа қарағанда, қолдың қозғалысы алуан түрлі болады.

Қозғалыстың бағыты. Қозғалыстың денеге оның бөлшектеріне немесе затқа берілетін бағыт дене жаттығуының жекелеген бұлшықеттерді дамытуға тигізетін әсерінің тиімділігін және қозғалыс міндеттерін ойдағыдай орындауды айқындайды. Қозғалыстың бағыты адамның өз денесіне қатысы немесе сыртқы дүниеге араласуы арқылы анықталады. Яғни қолды алға созу немесе допты тордың сыртына лақтыру. Адам денесінің қозғалысқа түсетін негізгі бағыттарына мыналар жатады: жоғары-төмен, ілгері-кейін, оңѓа-солѓа.Қозғалыс шегі. Қозғалыс шегі – бұл қозғалу тербелісінің адымы. Дененің немесе оның бұлшегінің тепе-теңдік жағдайынан барынша аулақтап барып өшеді. Қозғалыстың шегі бүрыш өлшемі мен (градуспен), түзу өлшемімен (қадам ұзындығымен), шартты белгілермен (жартылай отыру), сыртқы заттармен (еңкейгенде еденге қолын жеткізу) немесе өз денесіндегі белгілерге қарай (еңкейгенде тізесіне қол жеткізу) анықталады. Қозғалыс шегі буындарының құрылымына бұлшықеттер мен сіңірлердің созылмалдығына байланысты болады. Бұлшық еттердің белсенді жиырылуы арқылы мүшелердің қозғалысқа түсуін белсенді қозғалыс деп атайды. Қозғалыстың енжарлығы сыртқы күштердің әсерінен пайда болады. Енжар қозғалыстың көлемі белсенді қозғалысқа қарағанда үлкен қозғалыстың ең үлкен шегіне жету үшін бұлшық еттердің, сіңірлердің барынша үлкен көлемде жиырылып, созылуына бағытталған қосымша бүлшық ет күші қажет болады. Егер қозғалыс шегін шектен тыс ұлғайта берса, бүлшық еттер мен сіңірлерге зақым келуі мүмкін. Шегі әр түрлі қозғалыстарды белгілеу үшін «серпінді» және «ұсақ» терминдерді қолданады. Шегі үлкен қозғалыстар – серпінді, шегі қысқа қозғалыстар – ұсақ деп аталады. Қозғалыс шегі немесе бағыты алға қойылған қозғалыс міндетіне сай келмеген жағдайда мұндай қозғалыстардың дәлдігі төмен қозғалыстар деп атаймыз.

Кеңістік, уақыттық сипаттамалар. Қозғалыс жылдамдығы дененің немесе оның бөлшегінің жүріп өткен жолының ұзақтығы мен оған жіберілген уақыттың көлемі арқылы айқындалады. Жылдамдық метрдің секундқа қатысы арқылы өлшенеді. Жылдамдық жолының барлық бөлшегінде бірдей деңгейде болса мұндай қозғалысты қалыпты деп атайды. Егер ол өзгеріске түссе, қозғалыстың мұндай түрі әртүрлі жылдамдықты болып саналады. Уақыт бірлігінде жылдамдықтың өзгеруі жеделдету деп аталады. Ол қолданылу сипатына қарай жағымды не жағымсыз болуы мүмкін. Қозғалысты жүзеге асыру процесінде жылдамдықта, жеделдікте өзгеруі мүмкін. Тұрақты жылдамдықтағы немесе тұрақты жеделдіктегі қозғалыс сиреп кездеседі. Сауатты орындалған дене жаттығуларында, жылдамдықтың кенет, күрт  өзгеруі бола бермейді. Бүкіл дененің қозғалыс жылдамдығы оның жекелеген бөлшектерінің қозғалыс жылдамдығына және басқа да факторларына (аяқ-қолдың ұзындығына, сыртқы ортаның қарсылығына т.б.) тәуелді болады. Жылдамдық жоғары болған сайын нәтижеде үлкен, әйткенмен жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін, көп жағдайда жоғары қарқынды жылдамдыққа қарағанда қалыпты жылдамдық әлдеқалай тиімді болады. Қозғалыс жылдамдығы еркін (өрге қарай) және мәжбүрлі (төмен қарай) болуы мүмкін. Дене мәдениеті процесінде жаттығушыларды қозғалысты басқаруға оны процесс барысында үйретудің мәні зор.

Уақыттық сипаттамалар. Уақыттық сипаттамаға жаттығулар мен оның элементтерінің жекелеген статикалық жағдайлардың ұзақтығы және қозғалыс ырғағы жатады. Дене жаттығуларын орындау кезінде техниканың жекелеген элементтерін атқару, түрлі ұзақтықта жүреді. Жаттығу ұзақтығының көлемін, оның жекелеген элементтерін орындауға жіберетін уақытты білген жағдайда жүктеменің жалпы көлемін анықтауға және реттеуге болады.

    Темп (ырғақ) – бұл қозғалыс циклінің қайталану жиілігі немесе уақыт бірлігіне шаққандағы қозғалыстың саны мысалы, (аяңдап жүру ырғағы минутына 120-140 қадамына тең). Қозғалыс ырғағы дененің қозғалатын бөлшегінің салмағына тәуелді болады мысалы (дене секундына 1-2 қозғалыс жасаса, саусақтар осы мезгілде 8-10 қозғалыс жасайды). Ырғақтың өзгеруіне қарай қозғалыс құрылымы өзгеруіне қарай қозғалыс құрылымы өзгеруі де мүмкін. Айталық ырғақ белгілі бір шектен артық болса, аяқ жүгіріске айналады. Әрбір адамның қозғалыс ырғағы дербес болады. Ол ағзаның ерекшелігіне (бойына, салмағына, жүйке-жүйесіне), ал адамның тұлғалық сипатына (белсенділігіне, т.б.). Сондай-ақ қозғалыс түрін меңгеру деңгейіне байланысты болады. Дене жаттыңғулары мен жүйелі айналысу нәтижесінде қозғалыстың атқару ырғағын өзгертуге болады.

Динамикалық сипаттама. Адам денесінің қозғалысына әсер ететін күштер ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі күштерге тірек-қозғалыс аппаратының енжар мөлшелері жатады (бұлшықеттердің созылмалылығы, элластикалар және т.б.). Қозғалыс аппаратының белсенді күштері (бұлшық еттердің тарту күші). Реактивті күштер жылдам қозғалу процесі кезінде дене мөшелерінің тізбектеле әрекет жасауы арқылы пайда болатын күштердің бейнелі көрінісі жатады.

Сыртқы күштерге адам денесіне сырттан әсер ететін күштер жатады:

1)     Өз денесінің салмақ күші ;

2)     Тірек-қозғалыс реакциясының күші;

3)     Сыртқы ортаның (судың, ауаның, құмның) қарсылық күші және физикалық денелердің қарсылығы (күрес үстіндегі қарсыластар акробатикадағы партнерлар);

4)     Сырттан ауырлық түсуі (допты ұру, штанганы көтеру) ауысатын денелердің энерциялық күштері.

 

 



3.Дене жаттығуларын қалыптастыру.

 

Топтастыру дегеніміз – белгілі бір қасиеттеріне қарай дене жаттығуларын топтарға және одан да кіші бөлшектерге жіктеу болып табылады. Жалпы топтастыруға ден тәрбиесі құралдарының тарихи қалыптасқан жүйесі мен оларды қолдану әдістері негіз болып табылады:



1)     Гимнастика;

2)     Қимылды-ойындар;

3)     Спорт;

4)     Туризм.

Бұл топтардың әрқайсысының мақсаты, маңызы болады. Олар одан әрі қарай шағын бөлшектерге жүктеледі.

Гимнастика    ерекшелігі болып табылатын қасиеттер:

1)     Дененің түрлі бөлшектеріне;

2)     Жекелеген буындарға;

3)     Бұлшық ет топтарына (бұлшық еттерді босату және созу т.б.)

4)     Таңдап әсер ету.

Денеге түсетін салмақты дәл анықтау мүмкіндігі, жаттығулардың алуан түрлілігі құралдар мен снарядтарды пайдалану. Музыка ырғағымен жаттығулар жүргізу. Гимнастиканың осындай ерекшеліктері оны дене дайындығы мен денсаулық жағдайы алуан түрлі әр жастағы адамның пайдалануына мүмкіндік береді.

Қимылды-ойындар. Дене жаттығуларының басқа түрінен жаттығушылармен ойын жетекшілерінің қимыл-ойындарын ұйымдастыру ерекшелігі арқылы бөлектенеді. Ойын үстінде балалардың қызметі образды-сюжетке немесе ойын тапсырмасына негізделіп ұйымдастырылады. Онда жағдайдың күрт өзгеруі кезінде мақсатқа жету ескеріледі. Ойын іс-әрекеті кешенді сипатта болады және түрлі қозғалыс әрекетінің (жүгіру, секіру т.б.) араласып келуі арқылы атқарылады. Ойын үстінде қиымыл әрекеттері бөлеиді, дененің төзімділігін қасиеттерін сондай-ақ моральдық еріктіліктері дамиды.

Спорт. Барынша жоғары нәтижеге жетуге бағытталған. Жарыстарға қатысуды көздеген жүйелі жаттығуды қарастырады. Спорт адамның дене және рухани күштеріне қатты талап қояды. Сондықтан онымен жас дамуының белгілі бір кезеңіне жеткен жәнеден дайындығы тиісті деңгейде болатын адамдар ғана айналысады. Мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесіне тек жекелеген спорт жаттығулары ған пайдаланады (шаңғы, велосипед, коньки, суда жүзу және т.б.). балалардың жас ерекшелігін ескере отырып,  дене тәрбиесінің басты міндеттерін шешуге мүмкіндік туады.

Туризм. Қозғалыс әдеттері және дене қасиеттері табиғат жағдайында дамытуға мүмкіндік береді. Мектеп жасына дейінгі балалардың серуенді ұйымдастыру кезінде қозғалыстың түрлі тәсілдері пайдаланылады: жаяу, шаңғымен, велосипедпен және т.б.  Жол үстінде аялдамаларды әр түрлі дене жаттығулары доп ойнау, қимыл-ойындарымен айналысу және т.б. қолданылады.

Құрылымдық белгісі арқылы құрастырылған: циклді, ациклді және аралас типті жаттығуларды біріктірген топтастыру тәсілі қолданылады.

Циклді қозғалыстар. Жүру, жүгіру, жүзу, шаңғы, коньки тебу циклдарының заңды жүйелігі және циклдағы қозғалыс элементінің байланысы арқылы қолданылады.

Ациклді қозғалыстар. Лақтыру, секіру т.б. Әрбір  жаттығу аяқталған әрекет болып табылады.

Аралас қозғалыстар. Жүгіріп келіп секіру, циклді және ациклді жаттығулардың араласып бірігіп кетуі.

 

 

 



 

4.Спорттық жаттығулардың жалпы сипаттамасы.

 

Балабақшалардың бағдарламасында шаңғы, коньки, шана, велосипед, самокат, спортроллер, тербеткіш, әткеншек, корусел тебу, әткеншек тебу, жүзу т.б. спорттық жаттығулар көзделген. Бұрлардың бәрі бұлшық еттердің негізгі топтарын нығайтуға, сүйек, жүрек, қантамыр, тыныс алу, нерв системаларын шынықтыруға көмектеседі. Оның үстіне жаттығулар процесінде дене қасиеттері: ептілік, шапшаңдық, көзбен мөлшерлеу, тепе-теңдік, күш, төзімділік дамиды.



 

1.Шаңғы


Балабақша бағдарламасында шаңғымен жүруге естиярлар тобынан бастап үйрету көзделеді. Егер балабақшадағы жағдай жақсы болса және балалар ата-аналарының байыптылығымен бірқатар тәжірибе алса, онда жаттығуды балалардың кішкентай кезінен бастап жүргізуге болады. Ата-аналарды өз балаларын үйретуге белсенді түрде қатыстыру үшін тәрбиешілер жиналыстарында балалар үшін шаңғыны, таяқты таңдап алу, шаңғының аяќ киімге бекіткіші киі мен аяқ киімге қойылатын талап жөнінде шаңғыны сақтау және оны күтіп ұстау жөнінде әңгімелейді. Бұған қоса, ата-аналарға шаңғымен жүрудің әр түрлі әдістерінің техникасы бұрылыстар, төбеге көтерілу, және одан төмен қарай сырғанау методикасы туралы айту тиімді болады. Ересектер балалар үшін үлгі болуы үшін ата-аналарға балаларды шаңғымен жүруге үйрету жөніндегі және өздерінің дағдыларын жетілдіру жөніндегі әдебиеттер ұсынылады. Тәрбиешілер ата-аналарға балаларды шыңғымен жүруге, қашан және қай жерлерде үйрету дұрыс екендігі жайлы кеңес беру керек. Балаларды шаңғымен жүруге үйрету алдында әңгіме өткізілу керек, әңгімелесу кезінде жаттығулардың маңызы, олар үшін арнаулы киім мен аяқ киі туралы түсінікті етіп айту қажет. Бұған қоса, балаларға шаңғымен жүрудің бұрылу, өрлеу, төмен қарай жылжу әдістерінің қайсысына үйретілетіні шаңғымен қай жаққа серуендеу ұйымдастырылатынын айтуы керек.  Одан кейін балаларда шаңғыны әртүрлі әдістермен: иыққа салып, қолтыққа қысып немесе қолға ұстап алып жүруге , шаңғыны кию мен шешуге үйретеді. Әуелі тәрбиеші бұлардың қалай жасалатынын көрсетеді және түсіндіреді. Сонан кейін балалар өз беттерімен қайталап жасайды.

 

 



 

2.Коньки


Конькимен сырғанау бұлшық еттерінің негізгі топтарын әсіресе, аяқ бұлшық еттерін дамытады, жүрек, қан тамыр, тыныс алу жүйесін күшейтеді, ағзаны шынықтырады, зат алмасуды жақсартады, дене қасиетін (шапшаңдық, ептілік т.б.) ерік-жігер қасиетін (батылдық, табандылық) қалыптастыруға көмектеседі. Мектеп жасына дейінгі балалар мұздың үстінде сырғанауды және мәнерлеп тебудың қарапайым элементерін орындауды өте ерте (шамамен 3 жасынан бастап) үйрене алады. Бірақ балабақша жағдайында сәбилер тобындағы баларға коньки тебуді  ұғындыру   қиын болады, өйткені олардыњ тізе, тобыќ буындары µте єлсіз жєне жараќаттану ќаупін болдырмау үшін білікті басшылық талап етіледі. Кішкентай балалар ересектердің көмегінсіз ботинканы кие алмайды немесе оның бауын өткізіп байлай алмайды. Сондықтан балабақшада коньки тебуді үйрету 5-6 жастағы балалармен жүргізіледі. Бөлмеде конькимен жєне конькисіз өткізілетін дайындық жатығуларына үлкен көңіл бөлінеді. Бұл тепе-теңдікті дамытады. Аяқ, жамбас, сан, табан, тізе буындарын нығайтады. Сондай-ақ қозғалыс техникасын игеруді жеңілдетеді.

 

 



3.Шаналар

Балаларды сырғанау әр түрлі қимылдарды (жүру, жүгіру) өзіне қамти отырып, бұлшық етттердің негізгі топтарын нығайтуға, жүрек қантамыр, тыныс алу жүйелерін дамытуға, зат алмасуларды күшейтуге, шынығуға көмектеседі. Оның үстіне балалрдың дене және ерік-жігер қасиеті, сондай-ақ жағымды эмоциялары дамиды.

Балаларды бірін-бірі шанаға мінгізіп, сырғанауға, шананың жанында әр түрлі жаттығуларды орындауға, шананы жотаға алып шығуға және әр түрлі қалыпта (отырып, етпеттеп жатып, түрегеп түрып) және қосымша тапсырмаларды орындап шанамен төмен қарай сырғанауға үйретіледі.

Сәби жастағы балаларды шанамен ересектерге сырғанатады. Балалар үш жасында шаналарына қуыршақтарын отырғызып, қар салып, жіппен сүйреп жүреді. Неғұрлым ересек жасында балалар тура жолмен, шеңбермен айналдырып, бұралаң жолмен бірін-бірі сырғанатады және әр түрлі тапсырмаларды орындайды. Жотадан төмен қарай сырғанау кезінде балалар (жарақаттанып қалмау үшін) белгіленген ережені орындауы керек (алда кеткен бала сырғанақты шетіне жеткенше асықпай күтуі, сырғанаққа шалқасынан жатпайы керек).

 

4.Велосипед



Балаларды үш дөңгелекті велосипедті тебуге бес жасынан бастап үйретеді: оларды машинаға қалай отыруға жєне одан түсуге, тура, биік, бұралаң жолдармен айдаған кезде велосипедті жүргізе білуге, оңға, солға, артқа, бұрылуға, тежеуге, тоқтауға ұйретеді. Үйрету кезінде төмендегіше жүйелілікті сақтау тиімді болады: велосипедті тура бағытпен, оңға, солға, артқа бұрып жүргізу, шеңбермен айналып, бұралаң жолмен жүргізу, ересектердің көмектесуімен тура жолмен оңға, солға, бұрылып айдау, велосипедке отырғызу және одан түсу, велосипедті әдетінше тура жолмен оңға, солға, артқа бұрылып тебу өз бетінше, шеңбермен айналып, бұралаң жолмен айдау, қосымша тапсырмаларды орындап айдау.

 

5.Тербелмелер, әткеншектер, коруселдер



Жаттығулардың бұл түрлері сезім мөшелері аппаратын дамытады, қызбалықты бәсеңдетеді, шапшаңдық тұрақтылығын дамытады, бұлшық еттерді нығайтады, дене қасиетін жетілдіреді, батылдықты дамытады.

Балаларда тербелмелер, әткеншектер, коруселдер болуы қажет және барлық балаларға оларды пайдалануды үйрету керек. Әуелі тербелу, теңселу ережелері балаларға істеп көрсету және түсіндіру, қажет болған жағдайда тікелей көмектесу, ал одан кейін көбірек дербестік беру керек, бірақ белгіленген ережелердің сақталуын бақылау қажет.

 

6.Жүзу


Мектеп жасына дейінгі балаларды жүзуге мынадай әдістермен үйретуге болады: қолды судан шығармай ептеп кроль әдісімен жүзу, қолды судан шығара етпеттеп кроль әдісімен жүзу, шалқалап кроль әдісімен жүзу. Балалар жүзуді біршама тез игереді. Оларда ересектерге қарағанда тері асты қабаты көбірек дамыған, осының арқасында олар суда жақсы қалқиды. Бірақ мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде жүзуге үйретуді ұғындыру қиын, сондықтан тәрбиешілер жүзуге дайындауды ғана жүзеге асырады. Сонымен бірге өз балаларын көрсетілген әдістерге үйрете алатын ата-аналармен жұмыс жүргізіледі.Балаларды жүзуге үйрету, балаларды суға, суда жүзуге және (жерде және суда) дайындық жаттығуларын орындауға үйретуден басталады.

 

7.Балалармен жеке жұмыс істеу



Балаларды физкультура сабақтарына жіберу мәселесі дәрігерлік байқаудың мәліметтері бойынша шешіледі. Балаларды денесінің жетілуі жағынан төменгі, ортанғы және жоғарғы топтарға бөлуге болады. Дәрігер бел омыртқа мен арқаның формасын, табандардың түзу қалыптасуын зерттей отырып, тірек-қимыл аппаратының жағдайын анықтайды. Мұнымен қатар ол бұзылу себептерін анықтайды, балалардың емдеу мекемелерімен физкультуралық диспансерлері арқылы жүргізілетін корригириялық шараралар комплексін белгілейді. Балалар бақшасы тек профилактикалық жұмысты жүргізеді.

Балалардың сабақтары мен ойындар кезіндегі белсенділіктерін бәріненде бұрын дәлірек қадағалауды педагог хронометраждардың көмегі арқылы атқарады. Оның нәтижелері бойынша сабақтың толымдылығы есептеліп шығарылады. Балалардың сабақтарындағы, ойындар кезіндегі және күні бойғы қозғалыс белсенділіктерін шагомермен анықтау ыңғайлы.

Балалардың дене жағынан дайындығы қозғалыс дағдыларын меңгеру және олардың дене қасиеттерінің өсу дәрежесін байқатады. Қозғалыстың жетілуін тексеру жылына екі рет жүргізіледі: оқу жылының басында, қыркүйекте, топ толығымен жинақталғанда және оқу жылының аяғында, мамырда – шілдеде де.Меңгеруші барлық топтағы бақылаудың дұрыс жүргізілуін қадағалайды. Бақылауды өткізу кезінде медсестраның қатысқаны және көмектескені дұрыс.

Балалар бақшасында педагогикалық мәжілістер, семинарлар, өткізіледі, оларда бақылау жөніндегі инструкциялар анықталады.

Байқаудан өткен балалардың жалпы саны және орташа нәтижесі төменгі жағына қойылады. Ескертулерде қандайда болсын бір баланың қозғалыс техникасындағы алдағы уақытта көңіл бөлуді керек ететін айқын байқалған кемшіліктері атап көрсетіледі.

Жүргізудің жылдамдығын өлшеуді бәрінен гөрі далада кезкелген түзу және тегісжолда өткізген жақсы. 30 м аралыққа жүгіру жылдамдығын өлшеу үшін жолдың ұзындығы кемінде 40 м болуы керек.



Бір орыннан ұзындыққа секірудің нәтижесін өлшеу. Бала мүмкіндігінше  алысқа секіруге тапсырма лаады. Тәрбиешінің шақыруы бойынша ол сызыққа келіп тұрады, аяқтарының ұшымен сызыққа жанаса, өзі еркінге секіріп кетеді. Сызықтан бастап өкшенің топыраққа тиген орнына дейінгі қашықтығы есептелінеді. Секіріп түскеннен кейін бала маттан ілгері немесе бір жағына қарай шығып кетеді. Бала қатарынан үш рет әрекет жасайды.

 

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет