1. Дәрілік заттарды енгізудің парентеральді жолы немен сипатталады ?



Pdf көрінісі
Дата11.06.2023
өлшемі139,57 Kb.
#100520


1. Дәрілік заттарды енгізудің парентеральді жолы немен сипатталады ?
а) ауыз арқылы, тілдің астына, ұрт артына, тік ішек арқылы
б) теріге, құлаққа, көздің конъюктивасына
в) тыныс алу жолдарына деммен жұту арқылы
г) тіндерге, тамырларға, қуыстарға, субарахноидальды инъекция арқылы ас
қорыту жолын айналып өту+
д) мұрын қуысы мен қынаптың шырышты қабаты арқылы
2. Бұлшықет ішіне инъкция жасау үшін инені таңдаңыз:
а) инъекцияға арналған ине – 20мм, қимасы 0,4мм
б) инъекцияға арналған ине ұзындығы – 60мм, қимасы 0,8 мм+
в) инъекцияға арналған ине – 15мм, қимасы 0,4 мм
г) инъекцияға арналған ине – 40мм, қимасы 0,8 мм
д) инъекцияға арналған ине ұзындығы – 50мм, 0,9мм
3. Көктамыр ішіне инъекция жасау үшін инені таңдаңыз:
а) инъекцияға арналған ине – 20 мм, қимасы 0,4-0,6 мм
б) инъекцияға арналған ине – 60 мм, қимасы 0,8 мм
в) инъекцияға арналған ине – 40 мм, қимасы 0,8 мм+
г) инъекцияға арналған ине – 15 мм, қимасы 0,4 мм
д) инъекцияға арналған ине ұзындығы – 50мм, қимасы 0,9мм
4. Егер бұлшықет ішіне инъекция асепитика ережелерін сақтамай жасалса,
қандай асқыну туындауы мүмкін екенін таңдаңыз:
а) жүйке бағаналарының зақымдануы
б) жұмсақ тіндердің іріңді қабынуы (абсцесс)+
в) инъекциядан кейінгі инфильтрат
г) бұлшықеттің кенеттен жиырылуына байланысты иненің сынуы
д) дәрілік эмболия
5. Егер бұлшықет ішіне инъекция жасаған кезде инъекция орнын дұрыс
таңдамаған болса, препарат тітіркендіргіш әсерге ие және нервті
қоректендіретін тамырлардың бітелуіне себеп болса, қандай асқыну пайда
болуы мүмкін екенін таңдаңыз:
а) жүйке бағаналарының зақымдануы +
б) жұмсақ тіндердің іріңді қабынуы (абсцесс)
в) инъекциядан кейінгі инфильтрат
г) бұлшықеттің кенеттен жиырылуына байланысты иненің сынуы
д) майлы ерітінділерді енгізу кезіндегі дәрілік эмболия
6. Видеода күндізгі ауруханада болған жағдай көрсетілген. Науқасқа дәрілік
препараттарды венаішілік енгізу жасалуда. Препараттарды жіберуден 10
минуттан соң ер адамның жағдайы нашарлаған. Науқастың терісі қышып
бастаған, препарат енгізген орында гиперемия және ісіну пайда болған, сонымен
қатар беті қатты ісінген. Жалпы жағдайы ауыр. Тері жабындылары көкшіл-
бозарған, ылғалды сипағанда салқын АҚ 60/20 сынап бағаны, пульс толымы
әлсіз және кернеулі, ЖЖЖ минутына 114 соғу, тыныс жиілігі минутына 22 рет.
Науқаста анафилактикалық шок дамыған. Медицина қызметкерлері күндізгі
ауруханаға келіп алғашқы көмек көрсетуді бастады. Медициналық көмек
көрсетуде қызметкерлер қандай қателік жіберді ?
а) Оттегімен қамтамасыз ету
б) Басты жанына бұру
в) Тренделенбург қалпына келтіру+
г) Венаға түсер жолды қалтыру
д) Өмірлік көрсеткіштерін бақылау


7. Видеода анафилактикалық щок анықталған науқасқа жедел жәрдем
дәрігерлерінің көмектесуі көрметілген. Науқастағы венаға түсер жолды
қамтамасыз етті, Тренделенбург қалпына келтірді. Дәрі-дәрмектік емдеуді
бастады. Ең алдымен қандай препаратты енгізу қажет ?
А) преднизалон
Б) допамин
В) клемастин
Г) эпинефрин+
Д) дексаметазон
8. Видеода анафилактикалық щок анықталған науқасқа жедел жәрдем
дәрігерлерінің көмектесуі көрметілген. Науқасқа үш рет эпинефрин енгізген, 15
минуттан соң қысымды бақылаған. Нәтижесінде қысым 60/20. Артериялық
қысымды жоғарылату үшін анафилактикалық шок еміне қандай препаратты
қосу керек ?
А) преднизалон
Б) натрий хлориді ерітіндісі
В) декстран
Г) эпинефринді қайталау
Д) допамин+
9. Видеода анафилактикалық щок анықталған науқасқа жедел жәрдем
дәрігерлерінің көмектесуі көрметілген. Дәрігер дексаметазонды енгізу арқылы
анафилактикалық шоктың гормондық емдеуіне кірісті. Дексаметазонды қандай
дұрыс мөлшерде енгізу қажет ?
А) 8-32мг в/і тамшылата+
Б) 90-120мг в/і ағынды
В) 8-32 мг в/і ағынды
Г) 50-120мг в/і ағынды
Д) 32-90 мг в/і тамшылата
10. Видеода анафилактикалық щок анықталған науқасқа жедел жәрдем
дәрігерлерінің көмектесуі көрметілген. Эпинефрин енгізгенге қарамастан
науқаста экспираторлық ентікпе және мазасыздану симптомдары сақталған.
Дәрігер бронхтық обструкциялық синдром сақталу кезінде анафилактикалық
шокты емдеуде қолданатын қосымша ингаляциялық препарат тағайындады.
Дәрігер науқасқа қандай препарат тағайындады ?
А) аминофиллин
Б) теофилин
В) сальбутамол+
Г) флутиказон
Д) ипратропия бромид
11. Емханада көргендердің айтуынша тіркелу орнында кезекте тұрған әйел 1
минут бұрын кенеттен есінен танып қалған. Оқиға болған жерге дәрігерлер
келіп ЖӨР өткізуге кірісті. Оқиғаны бағалау және науқастың жағдайын анықтау
кезінде дәрігерлер қандай қателік жіберді ?
А) қарашықтың жарыққа реакциясын анықтау
Б) науқастың иығын қағу
В) ұйқы артериясындағы пульсті анықтау+
Г) кеудедегі қимылды анықтау
Д) жедел жәрдем бригадасын шақыру
12. Видеода 35 жастағы зақым көрушіге жүрек-өкпе реанимациясын өткізу
кезінде жүрекке жанама массаж жасаудағы кеудені басу кезеңі көрсетілген.


Медициналық көмек көрсету кезінде реаниматологтың жіберген қателігі қандай
?
а) қолды кеудесіне қою+
б) басу тереңдігі
в) реаниматологтың қалпы
г) реаниматологтың тірек нүктесі
д) басу жиілігі
13. Видеода 35 жастағы зақым көрушіге жүрек-өкпе реанимациясын өткізу
кезінде жүрекке жанама массаж жасаудағы кеудені басу кезеңі көрсетілген.
Жүрекке жабық массаж жасау кезінде төс қандай тереңдікке ығысуы тиіс ?
А) 2-3см-ге
Б) 3-5см-ге
В) 5-6см-ге+
Г) 6-8см-ге
Д)7-9см-ге
14. Видеода Сафар үштігін жасау көрсетілген. Қандай кезеңде Сафар үштігін
жасау техникасы бұзылған ?
А) тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету
Б) Сафар үштігін жасау әрекетінің жүйелілігі+
В) науқастың басын шалқайту
Г) төменгі жақты жылжыту
Д) басты бүйірге бұру
15. Видеода жүрек-өкпе реанимациясының бір циклі көрсетілген. Жүрек-өкпе
реанимациясын өткізу кезінде басу (жүрекке массаж) мен дем беру (өкпені
желдету) қатынасы қатаң түрде сақталу қажет. Егер бір реаниматолог жасайтын
болса бұл қатынас қанша болады ?
А) 10/1-ге қатынасы
Б) 10/2-ге қатынасы
В) 15/1-ге қатынасы
Г) 30/1-ге қатынасы
Д) 30/2-ге қатынасы+
16. Бала жарты сағат бұрын ағаштан құлап қалды, оң аяғы зақымдалды,
көптеген сыдырылула алды. Видеода жарақатты бірінші хирургиялық өңдеу
көрсетілген. Медициналық қызметкер жарақатты өңдеуге кірісті. Жарақат
айналасындағы теріні қалай дұрыс өңдеу қажет ?
А) жарақат айналасын ретсіз
Б) жарақаттың шетінен ортасына қарай
В) жарақаттың ортасынан шетіне қарай+
Г) жарақаттың тек жиегін
Д) жарақатқа параллель
17. Видеода біраз бұрын велосипедтен құлаған ер адамның оң аяғындағы
жарақатты медициналық қызметкердің біріншілік хирургиялық өңдеуі (БХӨ)
көрсетілген. Ол жарақат терісін өңдеді, пинцетпен жарақаттағы бөтен денелерді
алып тастады, жараны жуды. Жараны жуудан кейін БХӨ кезінде медициналық
көмек көрсетудің келесі кезеңін атаңыз:
А) жарақатты тігу
Б) өңделген жарақатқа стерильді сүрткішті қою+
В) өңделген жарақатқа стерильді мақта тығынын қою
Г) өңделген жарақатқа лейкопластырь қою
Д) жарақатқа дренажды түтік қою


18. Видеода жарақатты бірінші хирургиялық өңдеудің (БХӨ) соңғы кезеңдері
көрсетілген. Стерильді дәкелі сүрткішті салғаннан кейін медициналық
қызметкер бинттік таңғышты салады. Жараның БХӨ кезінде таңу жолымен
стерильді сүрткішті бекемдеу қалай дұрыс жасалады ?
А) төменнен-жоғары таңу+
Б) жоғарыдан төмен таңу
В) жараның ортасынан жоғары таңу
Г) жараның ортасынан төмен таңу
Д) кез-келген таңу
19. Видеода сіз медициналық қызметкердің сирағы сынған науқасқа жасап
жатқан көмегін көріп тұрсыз. Ол шинаны үлгілеп жатып қателік жіберді. Сирақ
сынуы кезінде шина қандай буындарға үлгіленуі тиіс ?
А) тек сирақ табан буынына
Б) сирақ табан және тізе буындарына+
В) сирақ табан, тізе және жамбас буынына
Г) тізе және жамбас буындарына
Д) тізе буынына жетпей сирақ табан буынына
20. Осы жағдайда төменде берілген сөйлемдердің қайсысы науқаспен өзара
қатынасты орнатады ? (салеметсіз бе дәрігер кіруге болады ма ? – сіз қаншаға
жазылып едіңіз? – иә, жазылғанмын, сағат 14:30 – Сіз уақытқа қарадыңыз ба ?
сіз қабылдауға кешіктіңіз.)
А) жылдам кіріңіз
Б) неліктен кешіктіңіз
В) сәлеметсізбе, өтінемін кіріңіз+
Г) ақыры келдіңіз ғой
Д) сізді қабылдау уақытым бітті
21. Видеода дәрігердің науқасқа тағайындаулар бергені көрсетілген.
Медициналық қызметкердің әрекеті қандай болу керек еді ? (осы тағайындалған
таблеткаларды дәріханадан сатып алыңыз және соларды қабылдайтын боласыз, -
Оларды қалай қабылдаймын? – онда барлығы жазылып тұр ғой сізге не
түсініксіз?)
А) науқастан нақты нені түсінгенін сұрау+
Б) науқастан білім дәрежесінің қандай екенін сұрау
В) науқасқа жазылған тағайындауларды дауыстап оқуын өтіну
Г) тоқтау, сосын тағыда түсіндіру үшін уақытты кетіру қажет пе деп ойлану
Д) әрі қарай түсіндіруді жалғастыру
22. Видеода дәрігердің науқасты қабылдау көрсетілген. Видеода дәрігер
сұрақтың қандай түрін қойып жатыр ? (мен сізге тағайындаған диетаны сақтап
жүрсіз бе)
А) ашық
Б) жабық
В) альтернативті
Г)
Д)
23. На видео представлен конфликт между пациентом и врачом. Какой путь
разрешения конфликта использовал врач ?
А) компромисс
Б) принуждение
В) сотрудничество
Г) уход от конфликта+


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет