1 дәріс. Қазіргі қазақ тілінің лексикология курсы


-дәріс. Қазақ лексикографиясы: сөздіктер



бет5/6
Дата26.12.2022
өлшемі127,67 Kb.
#59703
1   2   3   4   5   6
14-дәріс. Қазақ лексикографиясы: сөздіктер
"Қазақша-немісше сөйлесу" (1968) шықты. Қазақ тілінің басқадай сөздіктерін жасауға да екі тілді аударма сөздіктердің мол тәжірибелері бірден-бір негіз болды. Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеге ие болуына байланысты соңғы жылдарда оны үйренушілерге арналып, бірқатар орысша-қазақша шағын сөйлесу сөздіктері жарық көрді.
Терминологиялық сөздіктер. Белгілі бір тілдегі ғылым мен техника саласындағы арнаулы атаулардың сөздігін терминологиялық сөздік деп атайды. Терминдер топталып бір сөздік түрінде де, белгілі бір ғылым саласына байланысты жеке-жеке кітап болып та шыға береді. Мысалы 1931 жылы шыққан "Атаулар сөздігі", 1936 жылы шыққан "Қазақ тілінің терминдері", 1948, 1950 жылы шыққан "Терминология сөздігі" ғылым мен техниканың жеке бір саласына ғана арналған сөздіктер еді.
Қазақ тілінің терминологиялық сөздіктерін жасауға өз ісіне жетік деген маман кадрлар қатыстырылды. Алайда, жарық көрген ірілі-ұсақты терминологиялық сөздіктерде ана тілінің өзіне тән сөзжасам тәсілдерін әрдайым сарапқа пайдаланып келе жатыр деп үзілді-кесілді айтуға болмайды. Сөздік жасаушылар тілдің әрқайсысына тән заңдылықтары мен ерекшеліктерін терең зерттеп, осыған дейін орын алып келген олқылықтар мен ала-құлалықтардан арылу жолын іздестіруде.
Орфография бір тілдегі сөздердің дұрыс жазылу нормаларын белгілейді. Ал дұрыс жазудағы негізгі мақсат - ойды жазба түрде айқын етіп, дәл жеткізу. Сол үшін емле ережелері де жалпыға бірдей әрі тұрақты, анық болуға тиіс. Сондықтан емле ережелерін тұрақтандыру - сауатты жазудың бірден-бір кепілі деп танылады. Қазақ тілінің емле ережелері революциядан бергі кезеңде туып қалыптастты. Олар дүркін-дүркін өзгеріп, жаңарып отырды. Соның негізінде ірілі-уақты "Орфографиялық сөздіктер" жарық көріп отырды. Алғашқы сөздіктер негізінде мектеп деңгейінен аса алмады. Неғұрлым көлемді "Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі" 1963 жылы, одан кейін толықтырылып, 1988 жылы басылып шықты.
Р.Сыздықованың "Қазақ орфографиясы мен пунктуациясы жайында анықтағышы" 1960, 1974 және 2000 жылдары басылды.
Түсіндірме сөздіктер. Түсіндірме сөздіктің алға қоятын мақсаты - бір тілдің белгілі дәуірдегі жалпыхалықтық сипат алған сөздеріне мағыналық, стильдік әрі грамматикалық жан-жақты сипаттамалар беріп, тілдің қазіргі даму тұрғысындағы сөздік құрамының сан мөлшерін біршама анықтау, сөздердің мағыналық нормаларын, стильдік түрлі қолданыстарын саралап көрсету. Сонымен қатар сөздердің жазылуы мен айтылуындағы нормалардың ең дұрыс деген қалпын айқындай отырып, соған нақтылы түсінік беруді қарастырады.
Диалектологиялық сөздіктер. Қазақ халқының ауызекі сөйлеу тілінде қыруар жергілікті ерекшеліктер бар. Бұлардың көпшілігі фонетика мен грамматикадан гөрі лексика саласында жиірек ұшырасады. Қазақ тіліндегі сөз таптарының барлық түрінде жергілікті ерекшеліктер табылады. Әсіресе зат есім, етістік, сын есім диалектілік сөздерге бай. Ауызекі тілдегі сөз айырмашылықтарын жинап-теріп, жеке сөздік етіп шығару жалпы халықтық тілінің сөз байлығын жете білуге үлкен жәрдем етеді, тіл тарихын салыстырып зерттеуге себін тигізеді.
Синонимдік сөздіктер. Әр халықтың тіліндегі мәндес сөздерді жинақтап, жеке сөздік етіп шығару тәжірибесі озық мәдениетті елдердің көбінде бар. Мысалы, орыс тілінде синонимдер сөздігін шығарумен екі ғасырдан астам уақыт дүркін-дүркін айналысып келе жатыр. Соның нәтижесінде үлкенді-кішілі әр алуан сөздіктер жарық көрді. Бұлардың әрқайсысының құрылысы да , көлемі де, жасалу принципі де түрліше, бір-бірінен өзгеше. "Қазақ тілінің синонимдер сөздігі" тұңғыш рет 1962 жылы шықты. Бұған 4 мыңнан астам сөз кірді. Сөздіктің соңында жұртшылықтың пайдалануына жеңілдік келтіру мақсатымен, екі түрлі көрсеткіш (әдебилік көрсеткіш пен синонимдік қатарлардың көрсеткіші) берілген.
Фразеологиялық сөздік. Фразеологиялық сөздік тілдегі сан алуан тұрақты сөз тіркестерін қамтиды. Қазақ тілі неше қилы фразеологиялық сөз тіркестеріне өте бай. Бұлар аз сөзбен көп мағынаны жеткізуде айрықша қызмет атқарады. Көркем бейне жасауда тұрақты сөз тіркестерінің алатын орны ерекше. Мәдениеті ғарыштап дамыған елдердің көпшілігінде фразеологиялық сөздіктер бар. Қазақ тілінің тұңғыш фразеологиялық сөздігі 1977 жылы акад. І.Кеңесбаевтың авторлығымен жарыққа шықты.
Этимологиялық сөздік. Этимологиялық сөздік белгілі бір тілдегі сөздердің шығу төркінін, олардың бастапқы дыбысталу түрі мен мағынасын анықтайды. Тілдің даму барысында сөздер түр-тұрпаты мен мән-мағынасы жағынан қандайлық өзгерістерге ұшырағандығы айқындалады. Яғни сөздің о бастағы түрі мен мәнін тұтас тілдердің материалдарымен салыстыра отырып ашып, қазіргі қалпына дейін қандай даму процестерін өткендігі көрсетіледі. "Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі" 1966 жылы жарық көрді. Мұнда 333 сөздің арғы түп-төркіні, алғашқы мағынасы түсіндірілген. Шығу тегі шет тілдік сөздердің қай тілден ауысқандығы, қандай тілде айтылғандығы көрсетілген. Мысалы, такелаж деген орыс сөзі өзгере келе кателажка, ал қазақ тілінде әуелі каталашка, одан кейін кәтелешке болып кеткендігі түсіндірілген.
Қазақ лексикографиясының алдағы міндеттері. Қазақ лексикографиясы соңғы жарты ғасыр ішінде тек сан жағынан ғана көбейіп өсіп қойған жоқ, сөздіктің түр-түрі де молайып, сапа жағынан да жақсарды. Қырқыншы жылдары шыққан сөздіктерге қарағанда соңғы жылдары жарық көрген сөздіктер тек көлем жағынан ғана емес, сапасы жағынан да анағұрлым ілгеріледі. Өңделіп қайта шығып жатқан аударма, терминологиялық, орфографиялллық, түсіндірме, синоним сөздіктерінің қай-қайсысы болса да, соңғы басылымдары алғашқыларынан көш ілгері екендігі ешқандай күмән келтірмесе керек. Тіл мамандары лексикология мен лексикография теориясын зерттеп, оны үнемі жетілдірумен келеді.
Қазақ лексикологиясы мен лексикографиясын жан-жақты әрі тыңғылықты зерттемей тұрып, сапалы ғылыми сөздіктер шығару мүмкін емес. Қазіргі кезде лексикография әр халықтың күнделікті сөйлеу мәдениетін, оның қалыптасқан әдеби нормаларын жылма-жыл жұртшылыққа насихаттап, білім берудің дағдылы бір түріне айналып отыр. Осымен байланысты жұртшылықтың сөздікке деген талғам-тілегі күннен-күнге арта түсуде.

Пайдаланылатын эдебиеттер



  1. Ә. Болғанбаев, Ғ. Қалиев. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А, Санат, 1997 ж.,

  2. Ә. Болғанбаев. Қазақ тілі лексикологиясы. А, 1979, 1988.1995.,

  3. Ә. Болғанбаев. Казак тілінің лексикологиясына кіріспе. Санат, А.

  4. М. Белбаева. Қазақтілінің лексикологиясы. Мектеп, А., 1976. ^

  5. Кеңесбаев. Ғ. Мұсабаев. Қазіргі қазак тілі (лексика, фонетика). А., 1975.

  6. Ф.Ш.Оразбаева және т.б. Қазіргі казак тілі. А., 2005.

  7. А. Айғабылов . Қазақ тілінің лексикологиясы. А., 1996 ж.

  8. К. Аханов. Қазақ тілінің лексикологиясының мәселелері. А. 1956 ж.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет