1-дәріс. Қазіргі педагогикалық технологиялардың теориялық-әдіснамалық негіздері Мақсаты


Оқушының туа бiткен ақыл-ой қабiлетiнiң жеке дамуына негiзделген –саралап оқыту технологиясы (Н.Гузик, И.Первин, В.Фирсов т.б.)



бет4/4
Дата26.04.2023
өлшемі47,63 Kb.
#86992
1   2   3   4
Байланысты:
дидакт техн 1-2 лек

4. Оқушының туа бiткен ақыл-ой қабiлетiнiң жеке дамуына негiзделген –саралап оқыту технологиясы (Н.Гузик, И.Первин, В.Фирсов т.б.) ;
5. Оқушы мен оқытушы арасындағы қарым-қатынастың тең дәрежеде жүзеге асуын қамтамассыз ететiн – ынтымақтастық педагогикалық технологиясы;
әр оқушының жеке қасиетiн аша отырып, оның қабiлетi мен мүмкiндiк деңгейiне қарай оқыту, тәрбиелеу бағытында жүзеге асатын технологияның түрi – деңгейлеп саралап оқыту технологиясы ;
6. Оқушылардың өз бетiмен жұмыс жасауына және қоғамдық белсендiлiгiнiң артуына әсер ететiн – дамыта оқыту технологиясы (Эльконин-Давыдов, Л.В. Занков, Г.Д. Кириллова, Г.И.Щукина т.б.);
7. Білім алушыларды ұжымда жұмыс iстеуге үйретуде, тiлдесiмде болуына, бiрiн-бiрi үйретуiне үлкен әсер ететiн технология – оқытудың ұжымдық тәсiлi жатады (В.Дьяченко, А.Соколов, А.Ривин, Н.Суртаева т.б.).
Бұл технологиялардың философиялық негiзiнде дамытушы, проблемалық, тұлғаға бағдарланған оқыту жатады. Олар білім алушыларға бiлiмдi дайын күйiнде бермей, тек баланың өз алдына iзденiп өзiндiк дамуына жағдай жасатуға, белсендiлiкке, мәселеге сыни көз қараспен қарауға бағытталған.
Технология – жеке тұлғаны дамытуға негiзделген мақсатты педагогикалық жүйе. Технологияны қолдануда мұғалiм шеберлiгi ерекше мәнге ие. Оның кәсiби шеберлiгi мен оқытудың қандай әдiс-тәсiлдерiн таңдауы ғана технологияның ұтымды болуына алғышарт жасайды. Дәстүрлi оқыту жүйесiнен тыс жасалған технологиялар оқытудың мотивациялық сипатын арттырып, оқушылардың пәнге қызығуын тудырады, оқушының өз айналасындағылармен табиғи бәсекелестiгiн дамытады, оның дара тұлғалық белсендiлiгiн күшейтедi, өз бойындағы қабiлетiн саналы түрде ашуына қолайлы жағдай туғызады, олардың адамгершiлiк сапаларын жетiлдiредi, шығармашылыққа, еркiндiкке ұмтылдырып оқушылардың бейiндi бiлiктiлiгiн арттыруға мүмкiндiк туғызады.
Білім берудегі педагогикалық технологиялар мынандай ұстанымдарға сәйкес қолданылады:
1. Білім беру үдерісінің жариялылығы. Сыныптағы оқушылардың көпшілігі оқылатын материалдың мазмұнын емес, мәнін түсінбеуі себепті оқуға деген қызығушылығын жоғалтады, өз мүмкіндігінен төмен деңгей көрсетеді. Бұл ретте оқушылардың білімге деген оң көзқарасын туғызу үшін өздері орындай алатын оқу қызметін, әрекет түрлерін оқушының өзіне тапсырған дұрыс. Бұл ұстанымның негізі Ш.А.Амонашвили, В.К.Дьяченко, И.П.Иванова, В.Ю.Кричевский, А.С.Макаренко, С.Т.Шацкий еңбектерінде көрініс тапқан.
2. Педагогикалық үдерісті ізгілендіру ұстанымы. Білім беруді ізгілендіру дегеніміз – оқыту барысында мұғалім мен оқушы арасында ізгілікті, ынтымақтастық қарым-қатынас қалыптастыру. Гуманитарлық пәндер мазмұнында оқушылардың басқа адамдармен ынтымақтаса еңбек ету қабілеті, өзіндік “Менін” қалыптастыру, оқушының жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік мол.
3. Оқушының әлеуметтік құзыреттілігін дамыту ұстанымы. Білім беру мен оқытудың жаңа талаптарына сай мұғалім оқушының кез келген әлеуметтік ортада, жағдаяттарда басқа адамдармен қарым-қатынас жасай білу қабілеті мен білігін қалыптастыруға ықпал етуі керек.
4. Дамыта оқыту ұстанымы.Оқыту мен тәрбиелеуді қатар алып жүретін бұл ұстаным оқушының интеллектуалдық, эмоционалдық, ерік-жігерлілік пен ынталану бағыттарын қамти отырып, тұлғаның үйлесімді дамуына қызмет етеді.
5. Педагогикалық технологиялар тиімділігін арттыру ұстанымы берілген оқу материалының жүзеге асырылуын және күтілетін нәтижені анықтауға көмектеседі.
6.Іс-әрекет теориясын жүзеге асыру. Бұл теорияның негізі – оқушының білімге деген саналы көзқарасын қалыптастыру (А.Н. Леонтьев).
7. Жүйелілік ұстанымы. Қазіргі қолданыстағы педагогикалық технологиялардың мақсаты – тұлғалық қасиеттерді дамыту мен жетілдіру болып табылатындықтан оқыту белгілі бір жүйеге құрылуы тиіс.
Сайып келгенде, бұл ұстанымдардың барлығы оқу іс-әрекеті нәтижесіне оқушының өзіндік “Менін” қалыптастыру арқылы өзіне деген сенімділігін туғызуға көмектеседі. Егер оқушының бойында өзіне деген сенімсіздік болып, ол өз мүмкіндіктерін дұрыс бағалай алмаса, оның сабақты түсінуі, меңгеруі қиындық тудырады. Сонымен қатар мұғалім ынталандыру, қызықтыру, оқушы ерік-жігерін шыңдау, қиындықтарды жою және мақсат қоя білуге бағыттау мәселесіне көп көңіл бөлуі тиіс. Оқушының интеллектуалдық қабілеті, оқу біліктері, “Мен – тұжырымдамасы”, ынталандыру мен ерік-жігері өзара тығыз байланыста өз нәтижесін береді. Аталған функциялар бірін-бірі өзара толықтыра отырып, кері байланыс орнатуға және оқушы білімін бағалауға септігін тигізеді.
Кері байланыс мәселесі жаңашыл педагогтар В.Ф.Шаталов, С.Д.Шевченко еңбектерінде кеңінен қарастырылған. Бұл әдіске арнайы, қажетті жағдай жасалғанда ғана қол жеткізуге болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет