1-дәріс. Қазіргі педагогикалық технологиялардың теориялық-әдіснамалық негіздері Мақсаты


Студент білімін бақылау және тексеру сұрақ-тапсырмалары



бет3/4
Дата26.04.2023
өлшемі47,63 Kb.
#86992
1   2   3   4
Байланысты:
дидакт техн 1-2 лек

Студент білімін бақылау және тексеру сұрақ-тапсырмалары:



  1. Қазіргі қоғамдық-әлеуметтік жағдайлар білім беру сапасына, оқыту үрдісіне қалай әсер етеді деп ойлайсыңдар?

  2. «Технология» ұғымы қандай қажеттіліктерден туындаған? Пікірлеріңді нақты мысалдармен дәлелдеп айтыңдар.

  3. «Білім берудегі педагогикалық технологиялар» ұғымына берілген ғылыми анықтамаларды саралап, өз ойларыңмен дәйектеңдер.

  4. Педагогикалық технологиялардың оқыту үрдісіндегі маңызы мен рөлін болашақ педагог маман ретінде түсіндіріңдер.

  5. Қазіргі оқыту технологияларына тән белгiлерді және олардың өзіндік ерекшеліктерін айқындап , тұжырымдаңдар.

  6. Педагогикалық технологияларды iрiктеу мен жүйелеудің қандай критерийлерiн білесіңдер?

  7. Педагогикалық технологияларға қойылатын әдіснамалық талаптарды жіктеп көрсетіңдер.



2-дәріс. Білім берудегі педагогикалық технологиялардың оқыту үдерісінде жіктелуі


Мақсаты: студенттерге білім беру жүйесінде қолданылатын педагогикалық технологиялардың оқыту және оқу тиімділігін арттырудағы рөлін ұғындыру, ББПТ қолданылу өрісіне орай жіктелуі туралы түсінік беру.
Жоспар:

  1. Қазіргі пед. технологиялардың оқыту үдерісінде жіктелуі.

  2. Оқыту технологияларын жобалау заңдылықтары мен ұстанымдары.

  3. Білім берудегі педагогикалық технологиялардың түрлері және оларға жалпы сипаттама.

Түйінді ұғымдар: пед.технологиялар, жіктелу, ұстанымдар, заңдылықтар, оқыту теориясы, болашақ маман, технологиялар тізбегі және т.б.

Білім берудегі педагогикалық технологиялардың негізгі қызметі – оқу үдерісінің білімдік мақсаты мен міндеттерін іске асыру және жеке тұлғаны дамыту екендігін ғалымдар педагогикалық-психологиялық негіздерін анықтап, оларды философиялық тұрғыдан дәлелдеген. Педагогикалық технологиялар оқушыларға нәтижелі білім беруге бағытталған тиімді құрал болуымен қатар, мұғалімді де сапалы қызметке, нақты нәтижеге жетелейтін механизм болып табылады Ең бастысы оқыту үдерісінде қолданылатын пед.технологиялар сабақтың сапасын арттыруға, дара тұлғаны дамытуға және түпкі нәтижеге жетуге ықпал етуі қажет.


Осы ретте білім беру технологияларын әдіскер-ғалымдар тұлғалық-бағдарлы білім беру технологиялары, дамыта оқыту технологиялары, ұжымдық өзара оқыту технологиялары, проблемалық оқыту деп төртке бөліп жіктейді.
Қазіргі оқыту үдерісінде қолданылып жүрген білім берудегі тиімді педагогикалық технологиялар ретінде мынадай педагогикалық технологиялар жіктемесі сұрыпталған:
1. Оқушыны объект ретiнде емес, субъект ретiнде қарастырып, оның дара тұлға ретiнде қалыптасуына жан-жақты әсер ететiн, қарым-қатынастың демократиялық, iзгiлендiру бағытын негiзге алған – оқытуды демократияландыру мен iзгiлендiру негiзiндегi педагогикалық технологиялар (оған жататындар: Е.В. Бондаревский, Д.Б. Серикова, Ю.И. Турчанинова, И.С.Якиманский, Ш.А.Амонашвилидiң iзгiлiктi-жеке тұлғалық технологиясы, Е.Н. Ильинаның гуманитарлық пәндерді адам қалыптастырушы пән ретiнде оқыту жүйесi және т.б. жатады);
2. Оқушының белсендi болуына, проблемалық жағдайда одан шығуды үйрететiн – оқушы әрекетiн белсендiру мен интенсификациялау негiзiндегi педагогикалық технологиялар (оған Е.И.Пассовтың коммуникативтiк оқыту технологоиялары, В.Ф. Шаталовтың тiрек сигнал конспектiлерi негiзiндегі оқыту технологиясы, проблемалық оқыту технологиялары жатады);
3. Балаға сырттан әсер етпей өзiнiң табиғий дамуына ықпал жасайтын, баланың жаны мен жүрегiне жылулық ұялататын – халықтық педагогиканың әдiстерiне сүйене отырып баланың табиғи дамуына негiзделген педагогикалық технологиялар (Л.Н. Толстой, А.Кушнир, М.Монтессори технологиялары жатады);


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет