1-дәріс. Қазіргі педагогикалық технологиялардың теориялық-әдіснамалық негіздері Мақсаты



бет22/22
Дата28.10.2022
өлшемі120,5 Kb.
#45903
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
1-15 лекциялар пед.техн

Ойбөліс (дебат) – оқушы тілін дамытудың бір жолы. Оқушы ойбөліс кезінде түрлі тақырыпта сөйлеуге, пікір таластыруға, өз ойын дәлелдеуге, басқаның пікірінің қате екенін дәлелдеуге жаттығу арқылы шебер сөйлеуге төселеді. Оқушыны дұрыс ойлауға төселдіріп, терең мағыналы пайымдаулар жасауға жетелейді. Карл Поппердің дебат технологиясы тілдік тұлғаның дамуына көмектеседі. Бұл технология оқушының шығармашылық белсенділігін арттырады, сонымен бірге зерттеушілік, ізденушілік қасиеттері қалыптасады. Дебат технологиясына құрылған зерделік ойынға екі топ қатысады/бекітуші топ және даттаушы топ. Әр топтың құрамы да шектеулі болады/3-5 оқушы/. Дебат техникасы белгілі бір уақытты мөлшерлейді. Пән бойынша сабақ немесе сыныптан тыс шара осы уақытқа сәйкестендіріледі. Ойын топтардың бағытын анықтау үшін жеребе тартудан басталады. Бағыттары анықталған соң әр топтың дайындығына 15 минут уақыт беріледі. Тақырып күрделі болса, мұғалім тақырыптарды алдын-ала беріп қоюына болады. Бұл топ мүшелерінің көп материалдар жинауына, зерттеу жұмыстарын жүргізуге септігін тигізеді.
Әр топқа дауыс беру үшін сыныптағы балаларды да екі топқа бөлуге болады. Топ мүшелерінің өз бағытын қорғай алуын бақылау үшін бір оқушы бақылаушы болады. Әр топ басшысы өзін және топ мүшелерін таныстырғаннан кейін әр топқа өз бағыттарын қорғауға 5 минут уақыт беріледі. Қарама-қарсы сұрақтарға 3 минут беріледі. Бұған бүкіл сынып оқушылары қатысуға болады. Бұл кезеңнің мақсаты – оппоненттердің сөзіндегі түсініксіз жайттарды нақтылау, қарсы топты қандай да бір сұрақтармен бағытынан жаңылдыру, кейін талдау кезінде осыны пайдалану. Оппонент сөзінен, тілінен, пікірінен кемшілік табу. Топтарға қосымша дайындыққа 8 минут уақыт беріледі. Ең соңында бақылаушы екі топтың өз бағыттарын қалай қорғағандарына талдау жасайды. Жеңімпаз топ айқындалады.



1


2


3



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет