5-сұрақ.Ұжымдық оқыту технологиясы (В. К. Дяченко, А. Г. Ривин)
Ұжымдық өзара оқыту технологиясын (ұйымдастырылған диалог, байланыстырушы диалог, талгенизм таланттар жəне дарындылар, оқудың ұжымдық тəсілі, ауыстыру құралында оқушылардың жұппен жұмысы) А. Г. Ривин жəне оның оқушылары мен ісін жалғастырушылары (В. К. Дяченко, М. Д. Брайтермен, А. С. Соколов, т.б.) жасап шығарған. Мұндай технологияда оқу материалын дайындау оқу мəтіндерін, қосымша жəне анықтама, сабақ тақырыбы бойынша (немесе сабақтар циклі бойынша), оқу мазмұнынмеңгерубірлігіне бөлу(авторлық нұсқада ойлаусағаттары), мақсатты тапсырма жасау, оның ішінде үй тапсырмаларын жасау жатады. Оқушылар екі кезеңді бағдарға алады:
қалыптастыру жəне өңдеу мақсатындағы; кеңістікті бағдарлау; жолдасыңды тыңдап, оның не айтып отырғанын есту; шулы ортада жұмыс істеу; қажетті ақпаратты табу; жекеше есеп парақтарын қолдану; белгілі кейіпкерді сөзге жəне сөзді кейіпке айналдыру. Бұл біліктер арнайы тренингтік сабақтар кезінде іске асады;
таныстырушылық, жалпы элементі «ойын ережесін» меңгеру, мақсатты ұстанымды хабарлау, өңдеу мінезімен нұсқау жəне оқу қорытындысын есептеу тəсілі болып табылатын əртүрлі модификациялары бар.
Оқу сабағының жүрісі сабақ мазмұнының жасына, оқу материалының көлемі мен оны меңгеруге кететін уақытына қарай, таңдалған технология нұсқасына байланысты əр түрлі өтуі мүмкін. Ұжымдық өзара оқыту технологиясы келесі сатылардан тұрады:
əрбір оқушы өзінің іс-əрекетін анықтайды (бұл əріп, буын, сөз, сөйлем, мəтін бөлігі, суреттеме, мінездеме, буын немесе оқулық та- рауы, статья, тарихи құжаттар жəне т.с.с болуы мүмкін);
қасыңдағы оқушымен білім алмастыру рөлдік ойын «мұғалім
оқушы» ережесі бойынша. Рөлдерді ауыстыру міндетті түрде қажет. Мұғалім жаңа сабақ тақырыбының өз нұсқасын, өзінің жоспарын ұсынады, қойылған сұрақтарға жауап береді, бақылау сұрақтарын немесе тапсырмалар жəне т.с.с ұсынады. Бұл саты білім алмастырумен аяқталады;
жаңа ғана қабылданған ақпаратты өңдеу жəне өзара оқытуға жаңа жолдас іздеу жəне т.с.с.
Орындаған тапсырмалар есебі не жекеше карточкалар немесе ұйымдастырылған диалогқа қатысқандардың ата-тектері жəне барлық оқу элементтері көрсетілген топтық құжаттар жүргізіледі.
Ұжымдық өзара оқыту технологиясы жағдайында əрбір оқушы өзін еркін ұстайды, жекеше түрде жұмыс істейді. Онда тек қана өзінің жетістіктеріне ғана жауап бермей, сонымен қатар ұжымдық еңбек қорытындысына да жауапкершілігі жоғарылайды, тұлғалық өзін-өзі бағалау, өзіндік мүмкіншіліктері мен қабілеттері мəртебесі мен жұтаңдығын бағалау қалыптасады. Мұғалімде біреулердің алға жылжуын азайту мен кейбіреулерді алға итермелеуді іске асыру қажеттілігі жоғалады, бұл ұжым микроауданына дұрыс əсер етеді. Бір ақпаратты бірнеше ауыстырмалы жұптарымен талқылау, ассоциативті байланыстар санын көбейтеді, олай болса, неғұрлым тереңірек меңгеруге əкеледі.