2-сұрақ. Бастауыш мектепте қазіргі заманғы технологияларды пайдалану мүмкіндіктері Қазіргі бастауыш мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту уақыты мен тəрбиелеудің соңғы əдіс-тəсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті жəне нақты тəжірибелік іс-əрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл бастауыш сынып мұғалімі болуын қажет етеді.
Қазіргі кезде еліміздің білім беру саласында, оқытуда өзгерістер аз емес. Білім беру стандарттары мен бағдарламаларының, оқулықтар мен оқу құралдарының мазмұндары қайта қаралып, жаңашыл əдіс- тəсілдерді іздеу, оларды өмірге ендіру жүргізіліп жатыр.
Бүгінгі күні дидактикалық «нені оқытамыз?» «не үшін оқытамыз?» «қалай оқытамыз?» деген дəстүрлі сұрақтармен бірге «қалай тиімді оқытуға болады?» деген мəселесі ғалым- əдіскерлер мен мектеп мұғалімдерін толғандыруда. Осы сұрақтың айналасында бірқатар ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілген. Зерттеудің нəтижесін талдау барысы педагогика ғылымында жаңа
«педагогикалық технология» бағытының пайда болып, қалыптасып келе жатқанын көрсетеді жəне ол оқушының өз бетінше білім алуын ұйымдастыруға бағытталған. Əрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады. Ертең осы елге ие болып, тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі мектеп оқушысы болғандықтан, қазақстандық барлық мектептерге үлгі болуға тиісті қазақ тілінде оқытатын мектептердің бүгінгіжайы, дамубағыттары, келешегінің көкжиектері бүкіл қоғамның, мемлекеттің назарында.
Қазіргі кезде инновациялық мектептердің бірнеше түрі қалыптасты. Олар ерекшеліктерін, онда оқитын оқушылардың мүмкіншіліктерін ескере отырып, қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды түзеу, бұл мектептерде оқыту мен тəрбиелеу мүмкіндіктерін кешенді түрде шешу проблемасын қарастырады.
Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үдерісін ұйымдастыру қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды ендіруді міндеттейді.
Кез келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүниежүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталмақ. Жалпы қоғам дамуы мен қазіргі заманғы технологияларды енгізу сапалығы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі. Экономикалық күшті дамыған елдердің тəжірибесі білім беру жүйесін ақпараттандыру экономика, ғылым жəне мəдениеттің қарқынды дамуының негізгі кілті екендігін көрсетіп отыр. Ендеше, қазіргі заманның ақпараттық технологиясын игеруге міндеттіміз. Ол үшін бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда жоғары оқу орындары төмендегідей жұмыстар атқаруы тиіс.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін ақпаратты қоғам жағдайында оқып, білім алуға, өмір сүруге бейімдеу;
Қазіргі заманғы ақпараттық жəне телекоммуникациялық технологияға бейімделген білім берудің ғылыми-əдістемелік базасын жасау, білім саласын басқарудың жаңа формалары мен əдістерін пайдалана отырып, жоғары білім беру жүйесін жаңарту;
Дүниежүзілік ақпараттық білім кеңістігіне бастауыш білім беру мен орта, жоғары білім беру жүйесін сəйкестендіре отырып кіріктіру; Білім берудің иллюстративтік түсіндірмелі жүйесінен дамыта оқыту жүйесіне көшу. Оқыту үдерісінде бастауыш сынып оқушысы шығармашылығына негізделген оқыту əдістерін пайдалануға түбегейлі көшу.
Бастауыш білім беретін мектептерде бүгін белең алып отырған ділгірліктер:
білім сапасының төмендігі;
білім саласына мемлекет тарапынан реформалар жүргізілгенімен оқудың нəтижесінің болмауы;
директивалық құжаттар көптеп шығарылғанымен, оның мардымсыздығы;
бастауыш сынып оқушыларының жəне бастауыш сынып мұғалімдерінің бірлескен шығармашылық еңбегінің болмауы.
Бұл тығырықтан шығудың бірден-бір жолы – оқу-тəрбие үдерісінде жаңа инновациялық əдіс-тəсілдерді енгізу, бастауыш сынып оқушыларының білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салу.