17
гормондар бөле бастайды. Осымен бір мезетте вегетативті жүйке жүйесі жұмысын
бастайды, артериалды қан қысымы көтеріледі, жүрек соғысы жиілейді, стресті жағдайға
бейімделуге, қарсы тұруға көмектесетін көптеген өзгерістер жүзеге аса бастайды. Г. Селье
стрестің 3 кезеңін бөліп көрсетті: 1- мазасыздық кезеңі; 2-қарсылық көрсету, бейімделу
немесе тұрақтану кезеңі; 3-жүйке жүйесінің ширығу кезеңі.
Сансыз эксперименттердің, бақылаулардың нәтижесінде Г. Селье мынадай
қорытындыға келеді: ағзаның кез келген тітіркендіргішті қабылдауының күрделі процесі
өзіне реакцияның екі типін қамтиды: 1) спецификалық; 2) спецификалық емес.
Спецификалық реакция нақты бір аурудың белгілерін сипаттайды, оның негізінде осы
аурудың диагностикасы жатады. Спецификалық белгілер түрлі ауруларда тез
ажыратылады.
Стрестік жағдай, мысалы, егер оқушының сабаққа дайындықсыз келгені мұғалімнің
бақылауды орындау барысында байқалады. Кейде стрестік жағдай оқушылардың өзінде де
байқалады. Стресс физиологиялық өзгерістер мен мінез-құлықтың өзгеруіне себепші
болады. Өте күшті стресс жағдайында адамның мінез-құлқы өзгереді дедік. Адам өзінің
қимыл әрекетін игере алмайды, сөзінің байланысыз шығуы, өз-өзінен абыржуы, қабынуы
зейінін бір объектіден, екінші объектіге тез ауыстыра алмауынан көрінеді. Стресс
жағдайында адамның қабылдауында, ес, ойлау процесінде қателіктер орын алады.
Американ психологы Е. Джекобсон эмоционалды жағдайды зерттей отырып, теріс
эмоциялар кезінде бұлшық еттердің қысымы болатынын айтты. Соның негізінде Е.
Джекобсон “прогрессивті бұлшық ет релаксациясы” әдісін ұсынды. Топтағы тұлғааралық
қатынасты сәйкесінше ұйымдастыру. Стресс жағдайында қолданылатын психологиялық
әсер ету технологиялары: топтық психотерапия; пікірталастық терапия; психодрама;
арттерапия; музыкатерапия; топтық мінез-құлықтық терапия; отбасылық терапия.
Стрестік қысым тудыратын мәселелі жағдайлардағы мотивациялық белсенділікті
шамалау. Стрестік жағдайдағы адамның психикасына тікелей педагогикалық әсер ету.
Жекелеген функциялар мен сапалардың дамуына бағытталған педагогикалық жұмыс
жүргізу.
Достарыңызбен бөлісу: