1 ДӘріс. Дене мәдениеті және спорттың теориялық негіздері мен дене тәрбиесі жүйесі Жоспары


Дене тәрбиесінің мемелекеттік бағдарламасы



бет3/71
Дата31.12.2021
өлшемі195,76 Kb.
#22857
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71
Байланысты:
физкультура рефераты

Дене тәрбиесінің мемелекеттік бағдарламасы барлық оқу-тәрбие

орындарында: бала бақшаларда, жалпы білім беру мектептерінде, жоғарғы оқу орындарында, Республика Қарулы Күштерінде, т.б. оқу орындарында болады. Бұл бағдарламада дене тәрбиесінің амалдары, жүргізілуі тиіс керек спорт түрлері, оның негізгі жаттығулары, сынақ түрлері, қалай жұмыс істеу жолдары көрсетілген. 

Дене тәрбиесі мен спорт қозғалысында Президенттік сынаманың маңызы өте зор. «Қазақстан Республикасындағы халықтың дене тәрбиесі даярлығының Президенттік сынамалары туралы» Ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 24 маусымдағы № 774 қаулысымен қабылданды.

Президенттік сынама - бақылау нормалары арқылы халықтың оқуға, еңбекке, әскери қызметке дене дайындығының жалпы деңгейін анықтайтын, әр түрлі сынақ-жаттығулар жиынтығы.


Президенттік сынамаларда халықтың дене даярлығын – күштілікті, шыдамдылықты, ептілікті, жылдамдықты көрсететін жеті сынақ түрі қамтылған.
12-ден 23-ке дейінгі жас шамасындағы жастар үшін сынамалар дене даярлығының екі деңгейінен, яки Президенттік және ұлттық деңгейінен тұрады. 

1. Президенттік деңгейі жан-жақты дене қуаты даярлығы бар дені сау адамдар үшін арналған. 

2. Ұлттық даярлық деңгейі оқу немесе жұмыс орны бойынша спорттық секцияларда, топтарда, командаларда, дене тәрбиесі және спортпен жүйелі түрде айналысатын адамдар үшін арналған. 

23 жастан асқан адамдар үшін олардың денсаулық деңгейін анықтайтын Президенттік сынама сынақтары ретінде, адам организмі қызметін бағалаудың неғұрлым сенімді тәсілі ретінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған 1,5 мильге (2400 м) жүгіру сынағы енгізілген. 

Президенттік сынамалар сынақтарының түрлері бойынша жарыстар жалпы білім беретін мектептердің 5,9,11-сыныптарында, кәсіби-техникалық лицейлердің, колледждер мен жоғарғы оқу орындарының соңғы курсына барар жылы өткізіледі. 

Еңбекші жастар үшін сынақтар жас ерекшеліктеріне байланысты өткізіледі. 

Президенттік сынамалар нормативтерін тапсыруға дәрігердің рұқсаты бар, спортпен арнайы немесе өз бетінше айналысып жүрген адамдар жіберіледі.

Президенттік сынамалар сынақтарының түрлері бойынша жарыстарды қалалық, аудандық, облыстық білім басқармасының дене тәрбиесі бөлімі, туризм және спорт басқармалары бекіткен ережелерге сәйкес әр оқу орнының, кәсіпорынның дене тәрбиесі мұғалімдерінен, жаттықтырушыларынан, спорт нұсқаушыларынан құрылған төрешілер алқасы өткізеді. 

Президенттік сынамаларды республикада, облыстарда, аудандарда, қалаларда орындау жөніндегі жұмысқа басшылық және бақылау жасау Қазақстан Республикасының Туризм және спорт басқармалары, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің дене тәрбиесі орталықтары арқылы жүзеге асырылады.

Президенттік сынамалар бойынша жарысты ұйымдастыру жауапкершілігі жалпы білім беретін мектептерде, кәсіби-техникалық мектептерде, колледждерде, жоғарғы оқу орындары мен кәсіпорындарда - әкімшілікке жүктелген.

Президенттік сынамалар бойынша негізгі практикалық жұмыстарды орындау оқу орындарында дене тәрбиесі мұғалімдеріне, медициналық қызметкерлерге, ал кәсіпорындар мен ұйымдарда спорт мамандарына, спорт жөніндегі нұсқаушыларға, жаттықтырушылар мен медициналық қызметкерлерге жүктелген.

Президенттік сынамаларға кіргізілген сынақтардың түрлері: 60, 100,1000, 2000, 3000 метрге, 1,5 мильге (2400 м ) жүгіру, тұрған орнынан ұзындыққа секіру, биік белтемірге (турникке) тартылу, шалқалап жатқан қалыптан кеудені көтеру, мылтық ату, шаңғымен жүгіру, қол добын лақтыру.

Тағы да маңызды нормативтік негіз – спорт классификациясы. Республикалық спорт классификациясы дегеніміз – спорттың әр түрінен жасөспірімдер разрядынан бастап халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын беру тәртібі, нормалары, ережелері. Ол спортта жоғары жетістіктерге жетуге, жаттықтырушы жұмысын жетілдіруге, балалар және жасөспірімдер спорт мектептерінің, олимпиадалық спорт мектептерінің, арнаулы орта және жоғарғы оқу орындарының, спорт қоғамдарының жұмысын жақсартуға ықпал етіп, Қазақстан спортының дамуына негіз қалайды. Спорттық классификация КСРО-да 1935 ж. қабылданды. Одан кейінгі жылдары спорттың даму деңгейіне байланысты өзгертіліп отырылды. Қазақстан Республикасының егеменді ел болып, тәуелсіздік алуына байланысты, қазір елімізде классификация мазмұны мен құрылымы көп өзгерді, әлі де жетілдіріліп келеді.

Дене тәрбиесі жүйесі Республикамызда мемлекеттік, қоғамдық және жеке дербес негізде ұйымдастырылады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет