1 дəріс. Əлеуметтануға кіріспе Жоспар: Əлеуметтануға кіріспе.Əлеуметтанулық қиял


Шағын қаладағы және ауылдағы өмір



бет49/52
Дата15.12.2023
өлшемі395,61 Kb.
#138465
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52
Байланысты:
Әлеуметтану экс

Шағын қаладағы және ауылдағы өмір
Мемлекет халқының шамамен 17 пайызы ауылда немесе шағын қалаларда (халқы 2500 адамнан кем) өмір сүреді. Кейбіреулер ірі қалаларда, бірақ көбі Мэн штатынан Алабамаға дейінгі, Калифорниядан Флоридаға дейінгі елді мекендерде тұрады. Бұл жерлердің өзіндік ерекшеліктері көп, ауқымы да зор. Бұл аумаққа Колорадо штатындағы Теллурид сияқты көлемі бойынша, екінші миллионер қалалардан бастап, Канзастағы ауыл шаруашылығы жойылып жагқан қалаларға дейін, Пенсильваниядағы амиша қауымдастығы және Солтүстік Дакотадағы қарқынды дамып келе жатқан мұнайлы қалалар жатады. Кейбір ауыл шаруашылығы аудандары, негізінен, ақ нәсілді, кейбіреуінде афроамерикалықтар басым және халықтың көп бөлігі испантілді.
Ауылда және шағын қалалардағы өмір бірнеше себептермен жағымды болады : үлкен жер телімдерін үсынады, жылжымайтын мүлікке салық төмен және түрғын үй (демалыс аудандарынан басқа жерлерде) алу қиын емес.
Ауыл тұрғындары үшін ең өзекті мәселе - жұмыс орнын табу. Әсіресе табысы мол жұмыс орындары жетіспейді. Отбасылық фермалар жойылды деуге болады. Олар жаһандық бәсекеге төтеп бере алмады немесе оларды жаһандық нарықта бәсекеге түсуге қажетті ақшасы мен билігі бар үлкен агрохолдингтер сатып алды. Америкалықтардың 5 пайызға жетер-жетпесі әлі де ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейді. Ауылда өмір сүретіндердің көпшілігі төмен жалақылы түрме, казино, жедел тамақтану орындарында және т.б. жерлерде қызмет көрсетеді. Сол себепті де ауыл жастары, білімді азаматтар табысты жүмыс іздеп қалаға кетеді. Ал ауылда қалатындары жалақысы да, дәрежесі де төмен жүмысты қанағат етеді немесе қаладан қашық аймақта қызмет етуге мәжбүр болады. Осының салдарынан ауылда тұрмысы төмендер көбейіп барады, әсіресе балалық шағын кедейлікте өткізетіндердің үлесі басым.
Кедейлік, мардымсыз жалақы мен жұмыссыздық, қолжетімді жұмыстың жүйкеге кері әсері, әлеуметтік ресурстардың тапшылығы, медициналық қызметке қолжеткізу қиындығы - бәрін қоса алғанда ауылдықтардың денсаулығы қала және қала маңы тұрғындарымен салыстырғанда, физикалық және психикалық тұрғыдан нашар болуына әкеледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет