1 дəріс. Əлеуметтануға кіріспе Жоспар: Əлеуметтануға кіріспе.Əлеуметтанулық қиял



бет44/52
Дата15.12.2023
өлшемі395,61 Kb.
#138465
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   52
Байланысты:
Әлеуметтану экс

Жоспары:
1. Жаңғыру және урбанизация. Жаһандық урбанизация
2. Халық туралы заманауи зерттеулер
3. Миграция
4. Ауылдық жердегі өмір

Урбанизация
Біздің көптеген әлеуметтік институттарымыз аграрлық қоғамдардан, яғни түрғындардың басым бөлігі тұрып, жұмыс істейтін ауылдық жерлерден бастау алады. 1850 жылдың өзінде дүниежүзіндегі халықтың небары 2 пайызы ғана 100 мыңнан аса халқы бар қалаларда өмір сүрді. Бүгінгі уақытта дүниежүзі халқының жартысынан көбі және АҚШ тұрғындарының 80 пайыздан астамы қалалар мен астаналық аудандарда өмір сүреді.


Қала халқының өсуі мен азаюы туралы теориялар
Құрылымдық-функциялық теориялар және конфликтология теорияшылары қалалық өмір салты мен сипатына байланысты екі түрлі көзқараста. Құрылымдық функцияшылдар қаланың өсуі мен құлдырауының артықшылықтарына мән береді. Ал конфликтология теорияшылары осы өзгерістерге эсер ететін саяси күресті зерттейді.


АҚШ-тағы урбанизация
Бір ғасырда қалалық деп саналған адамдар келесі ғасырда ауылдық деп саналатын болды. Екі түсінікті анықтауда шатаспау үшін АҚШ санақ бюросы қалалық және ауылдық деген жалпылама сөздерді екі терминмен ауыстырды: астаналық және астаналық емес. Астаналық статистикалық аудан - 50 мыңнан астам халқы бар және айналасындағы аймақтармен экономикалық әрі әлеуметтік қарым-қатынас орнатқан округты анықтау үшін зерттеушілердің қолданатын термині. Кейбір астаналық аудандарда бір округ болады. Ал Нью-Йорк, Сан-Франциско немесе Детройт сияқты қалалар 6 көршілес аймақты қамтиды. Астаналық ауданның аясы қала шеңберінен асады және мысалға Нью-Йорктің үлкен ауданы сияқты аймақты қамтиды. Астаналық емес статистикалық аудан дегеніміз - үлкен қаласы да, ондай қаламен тығыз байланысы да жоқ аудан.
АҚШ-та астаналық емес халық 16 пайызға дейін қысқарып кетті. Мұндай аудандар Нью-Джерсиден басқа барлық штатта болғанымен олардың көпшілігі Оргалық Батыста немесе Оңтүстікте өмір сүреді. 5 пайызға жуығы - фермерлер. Ал қалғандары – ауылдық жерлер емес, шағын қалалардың тұрғындары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет