1 дәріс. «Инклюзивті білім» курсының мақсаты және міндеттері «Инклюзивті білім беру»



бет3/19
Дата23.09.2024
өлшемі66,43 Kb.
#145261
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Дәріс Инклюзивті білім беру 23-24

Норвегия

Бұл елде интеграция процесі 80жылдан басталады, 90-жылдардың басынан арнайы мектептер қысқартылған, тек мүмкіндігі шектеулі балалардың бір пайызы барады.

5

Филяндия

Көп жылдар бойы арнайы мектептер мен жалпы мектептің жанындағы арнайы сыныптар параллельді жүйесі бірге жұмыс істейді.
90 жылдардан бастап мүмкіндігінше арнайы және жалпы білім беруді біріктірген «Мектепке бірге барамыз» атты мемелекеттік жоба арқылы жүзеге асады. Бұл жобада мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-көмекті қамтамассыз ету, арнайы мектептің оқушылар санының тұрақтандыру, ақыл-ойының кесістігі бар балалармен психологиялық дамуы тежелген балаларға арналған мектептің санының өсуіне жол бермеу мәселесін мақсат тұтады.

6

Венгрия

Венгрияда білім беру жүйесі қымбат және шығынды, бұл интеграциялаудың тиімділігінің жолындағы кедергілердің бірі болып табылады. Басқа автор инклюзивтік бағдарламалар өте қымбат, алайда
мектептердің бұл ресурстарды тиімді пайдалану мүмкіндіктері бар деп ескертеді. Мүмкіндіктері және ерекшеліктері әр түрлі балаларды мектепте оқыту үшін қосымша қаржыландырып отырады.

7

Франция

Бұл мемлекетте кемістігі бар балаларды жалпы білім беретін мектепке барынша көп интеграциялауға бағыттайды. Дамуында кемістігі бар балаларды жалпы білім беретін мектеп үдерісіне ендіру 4 нұсқада жүзеге асырылады:
1-нұсқа: Бала әдеттегі мектеп бағдарламасымен оқйды, бірақ, мектепте және мектептен тыс уақытта оған қосымша қызметтер ұсынылады: емдік процедуралар, тәрбиелік сипаттағы іс-шаралар жүргізіледі. Мысалы: тірек-қозғалыс аппараты бұзылған бала әдеттегі сыныпта оқиды және осы мектепте немесе жақын жерде орналасқан бейімдеу орталығына барады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет