Атауыштық тіркес
– сыңарлар арасындағы байланысы тұрақты, зат пен құбылысты тура
мағынада атайтын, бөлек жазылатын күрделі сөз.
Ашық дауысты
– жақтың кең ашылуы арқылы тек үннің қатысымен жасалатын дыбыс.
Әріп – дыбыстың әліпбидегі графикалық таңбасы.
Біріккен сөз – бірнеше түбірден бірігіп, бір ғана зат пен құбылыстың атауы болатын, бірге
жазылатын күрделі сөз.
Дыбыс – айтылымдағы ең кіші тілдік бірлік.
Емле – жазу нормаларын қалыптандыратын ережелер жиынтығы, орфография.
Идиомалық тіркес
– дайын күйінде қолданылып, бір ұғымды білдіретін, тұтас мағынасы
құрамындағы бірліктердің әрқайсысының мағынасына сәйкеспейтін тұрақты тіркестің
түрі.
Көмекші есімдер
–
зат есімдерге тіркесіп, заттардың кеңістіктегі орналасу қатынастарын
білдіретін сөздер.
Күрделi сөз – сыңарлары арасындағы синтаксистік қатынас жойылып,
тұтасқан бірлік
ретінде бір мағынаны білдіретін, бір ғана морфологиялық, синтаксистiк қызмет атқаратын,
біріккен, кіріккен, қос сөз және атауыштық тіркес түріндегі сөздер.
Күрделі етістік
– екі немесе одан да көп сөздерден жасалып, күрделі
қимыл-әрекетті
атайтын, бөлек жазылатын сөздер.
Кірме сөз – қазақ тілінің дыбыстық заңдылықтары бойынша игеріліп жазылатын өзге
тілден енген сөз.
Кіріккен сөз
– екі не одан да көп сөзден бірігіп, сыңар жігіндегі дыбыстар үндесіп, үйлесе
өзгеріске ұшыраған, құрамы сіңісіп кеткен сөздер.
Қос сөз – бір сөздің қайталануынан не сөздердің
қосарлануынан жасалған, дефиспен
жазылатын күрделі сөз.
Қосымша –
сөз мағынасын өзгертетін, түрлендіретін, сөз бен сөзді байланыстыратын
грамматикалық бірлік.
Қысқарған сөз – күрделі атаулардың қысқартылып жазылған түрі.
Лексикаланған тіркес – фразеологиялық мағынасынан қол үзген,
синтаксистік қатынас
көмескіленген, жеке сөз орнына жүретін лексикалық бірлік.
Морфологиялық принцип – жеке сөздің және күрделі сөз сыңарларының түбір тұлғасы
сақталып жазылатын емле ұстанымы.
Тəуелдік жалғау
– бір заттың басқа
затқа немесе біреуге тәуелді, меншікті екенін
білдіретін қосымша.
Түбір сөз – сөздің әрі қарай бөлшектеуге келмейтін, мағыналы негізгі бөлігі.
Тіл үндестігі – қазақ тіліндегі бірінші буынның үндесіміне
қарай сөздердің бірыңғай
жуан, не бірыңғай жіңішке айтылатын негізгі дыбыстық заңдылығы.
Фонема – сөздер мен морфемаларды бір-бірінен мағына және форма жағынан ажырататын
тілдің дыбыстық жүйесіндегі негізгі типтік бірлік.
Фонематикалық принцип – фонеманың негізгі реңкі сақталып жазылатын емле ұстанымы.
Шеттілдік сөз – жазба тұрпаты түпнұсқасынан үлкен айырмасы болмайтын өзге тілден
енген сөз.
Достарыңызбен бөлісу: