№1 дәріс. Жеке-тұлғалық өсу тренингі психологиялық айна ретінде. Жеке-тұлғалық өсу тренингінің жалпы принциптері



бет8/15
Дата26.10.2022
өлшемі186 Kb.
#45543
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Байланысты:
№1 д ріс. Жеке-т л алы су тренингі психологиялы айна ретінде.

Әдебиеттер тізімі:
1.Келли Г. Тренинг принятия решения. –Спб.: Питер, 2001.
2.Евтихов О. Практика психологического тренинга.Спб, 2005.
3.Овчарова Р.В. Справочная книга школьного психолога. М., 1996.
4.Тренинг технологиясына кіріспе/ Орыс тілінен аударып және құрастырған А.А.Лиясова.- Алматы, 2011. -237с.
http://artpsy.kz
8 дәріс. Жеке-тұлғалық өсу тренингінде «Сергіту» арқылы еркін әрекет етуге үйренуін қамту.


Тренингте сергіту жаттығулары не үшін қажет? Сергіту жаттығулары бірнеше функция атқарады. Ең басты функциясы – олардың топтық динамикаға, топ ұйымшылдығына ықпал ететіндіктері, ширығуды алып тастайтындығы, қатысушылардың өздерін еркін сезінулеріне мүмкіндік беретіндігі, бір тақырыптан екіншісіне ауысуға, шаршамауға және күні бойы жақсы жұмыс күйін сақтауға, сондай-ақ тренингті зеріктіретін шаруа емес, көңілді іс етуге мүмкіндік беретіндігі.
Тренингтегі сергіту жаттығулары әдетте әрбір бір-бір жарым сағат сайын өткізіледі. Сергіту жаттығуы ойындардың арасында өткізілуі тиіс. Рөлдік ойынның ішінде сергіту жаттығуын өткізбейді. Яғни, сергіту жаттығуын рөлдік ойын басталғанға дейін жасауға, содан соң ойынның өзін ойнауға, одан кейін қайтадан сергіту жаттығуын жасап, сергіту жаттығуынан кейін үзіліс жасауға болады. Үзілістен кейін – қайтадан сергіту жаттығуы, ойын және тағы да сергіту жаттығуы. Егер уақыт жетпейтін болса, үзілістің алдында сергіту жаттығуын өткізбеуге болады, бірақ одан кейін сергіту жаттығуын жасау қажет.

«Пианино»


Барлығы бір-біріне барынша жақын, шеңбер жағалай отырады. Оң қолдарын оң жақтарындағы көршілерінің тізесіне, ал сол қолдарын сол жақтарындағы көршілерінің тізесіне қояды. Шеңбер бойынша кезекпен, гамманың ойнатылуын бейнелей отырып, шапалақтау қажет. Бірінші күні ойнаудың қажеті жоқ.

«Шабадан»


Ойынның әр түрлі көптеген нұсқалары бар. Бұл жерде мына нұсқа ұсынылады. Әр жолы қатысушылардың бірі, кезекпен, есік сыртына шығады. Оған «бір шабадан» қасиет жинау қажет. Топтың қалған қатысушылары оның «шабаданына» қандай қасиеттерді салатынын шешеді (әрбір қатысушы екі-екіден: біреуі – оған көмектесетін, екіншісі – кедергі келтіретін). Жаттықтырушы, өз кезегінде, қандай да бір өте жаман қасиеттердің болмауын қадағалап, жеңілірек баламалы нұсқасын ұсынып, оларды жұмсақ түрде түзетіп отырады. Жаттықтырушы да қатыса алады, ол есік сыртына соңғы болып шығады. Бұл ойынмен тренингті аяқтаған жақсы.

«Есімдер жазылған конверттер»


Тренингтің аяқталуына бір күн қалғанда жаттықтырушы бір жерге (үстелге, терезенің алдына және т.б.) қатысушылардың аттары жазылған конверттерді қояды. Әрбір қатысушы қалғандарына (міндетті түрде әрқайсысына) тілектер жазады да, конверттерге салады. Жаттықтырушы конверттердегі тілектердің саны қатысушылардың санымен сәйкес келуін тексереді де, содан соң оларды желімдеп, кімге арналса, соған табыс етеді.

«Атомдар мен молекулалар»


Барлығы шеңберге тұрады. Жаттықтырушы нұсқаулық береді: «Шеңберде тұрған орындықтар ыдыстың қабырғаларын білдіреді. Шеңбер ішіндегі барлық қатысушылар – «атомдар». Ал «атомдар» үнемі қозғалып, бір-бірімен соғылысады да, молекулаларға бірігеді. «Атомдар» температураға байланысты қозғалады. Төмен температура болса – баяуырақ, ал жоғары температура болса – жылдамырақ. Менің командам бойынша сендер қозғалып, соғылысасыңдар да, ал мен бір санды атаған кезде, мен атаған сандағы адамдармен топтарға («молекулаларға») біріге бастайсыңдар. Содан соң ажырайсыңдар да, қайтадан қозғаласыңдар және бірігесіңдер».
Топтарға екі-үш адамнан біріктіруден бастап, барлығын бір топқа жинаумен аяқтау қажет. Бұл ойын ашушаңдықты жақсы тарқатады, мысалы, «Конференциядан» кейін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет