Linux ұсынатын жабдықтардың әр түрлілігін ескере отырып, ол арзан
тұрмайды деп аңғаруға болады. Дегенмен ол бұлай емес! Linux ядросы мен
оған жазылған бағдарламалардың көп бөлігін Іnternet арқылы, негізінен
көшірме жасауға және таратуға ешбір шектеу қойылмаған, олар тегін
таратылады.
Ең алдымен, Linux ядросы GNU GPL (General Public
License жалпы түрдегі қоғамдық лицензия) лицензиясы негізінде
таралады. Бұл тегін бағдарламалық қамтамалар фондымен (Ғrее Software
Foundation) құрылған тегін бағдарламалық қамтамаларды таратуға
негізделген арнайы лицензия. GNU лицензиясы бойынша бағдарламалық
қамтаманы тегін немесе ақшалай GNU лицензиясының шарттары орындалған
жағдайда таратуға рұқсат етіледі.
GNU лицензиясының тағы бір маңызды ерекшелігі барлық
бағдарламалық қамтамалар бастапқы мәтіндерінің толық жиынымен таралуы
қажет. Бастапқы мәтіндерге қол жеткізбейтіндіктен өзгертулер енгізуге
болмайтын саудалық бағдарламалық қамтамалармен салыстырғанда, GNU
бағдарламаларын модификациялауға рұқсат етілумен қатар толық еркіндік
беріледі.
Linux операциялық жүйесін және оған арналған бағдарламаларды
құрудың осындай тәсілінің сәтті болуы соншалық — оны Netscape
компаниясы өзінің Communicator бағдарламалар тобы үшін қабылдады.
Достарыңызбен бөлісу: