1-дәріс. Кіріспе. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдағы педагогиканың рөлі


-дәріс. ТПҮ тәрбиенің мақсаты, оның әлеуметтік тұрғыдан негізделуі



бет14/20
Дата15.07.2023
өлшемі431,3 Kb.
#104399
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20
10-дәріс. ТПҮ тәрбиенің мақсаты, оның әлеуметтік тұрғыдан негізделуі
Тұтас педагогикалық үрдісте тәрбие ерекше орын алады. Жеке адамды қалыптастыруда осы үрдістің мәнін мына құрылым арқылы анықтауға болады.
Тәрбие жеке адамды мақсатты түрде қалыптастыру болып табылады.
Тәрбие үрдісі дегеніміз — мақсатты орындауға бағытталған тәрбиеші мен тәрбиеленушінің ынтымақтастығы.
Тәрбие үрдісінің бірқатар ерекшеліктері бар. Ең алдымен ол мақсатқа бағытталған мақсаты, ынтымақтастығы бірыңғай жағдайда ғана қазіргі тәрбие үрдісі дұрысталады. Тәрбие үрдісі – көп факторлы, онда объективтік және субъективтік факторлар орын алады. Егер де субъективтік фактор адамның ішкі қажеттілігінен көрініс берсе оған сәйкес объективтік жағдайда адам өмір сүреді және қалыптасады, белгіленген тәрбие міндеттері толық орындалады.
Тәрбие үрдісі қозғалмалы, үнемі өзгерісте болады.
Тәрбие үрдісі – узақтылығымен сипатталады. Ол өз мәнінде өмір бойы болуы мүмкін. К. Гельвеций жазған «… Менің барлық өмірім, ұзынан-ұзақ тәрбие». Мектептегі тәрбие адамдның өмірінде үлкен із қалдырады, себебі нерв жүйесі жас кезінде жоғары қабылдағыш және иілгіш келеді. Тәрбие үрдісі мектепте жақсы ұйымдастырылғанның өзінде тез жетістікке жетуге болмайды, себебі тәрбие үрдісіне тән нақтылы тәрбиенің әсерінен нәтиженің алшақтығы байқалады.
Тәрбие үрдісінің тағы бір ерекшелігі – үздіксіздігі.
Мектептегі тәрбие үрдісі ол тәрбиеші мен тәрбиеленушінің жүйелі, үздіксіз өзара әрекеті оқушының тәртібін бір ғана қызық жұмыс шара өзгертеді деп ойлайтын тәрбиешілер қателеседі. Белгілі мақсатқа негізделген жүйеге жұмыс қажет. Егерде тәрбие үрдісі кездейсоқ үнемі болмай отырса онда тәрбиешіге тұрақты әдет қалыптастыру үшін оқушының санасына жаңа із салып отыруға тура келеді,
Тәрбие үрдісі кешенді үрдіс кешенділік дегеніміз-мақсаты, міндеті, кешенділік нысанасы және әдістері бірыңғай адамды қалыптастыруға бағытталған біртұтас идея болып табылады.
Тәрбие үрдісінің кешенді сипаттамасы бірталай педагогикалық талаптарды орындауды, тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара іс әрекетінің ұйымдастырылуының ұқыптылығын қажет етеді.
Тәрбие үрдісіне тән ерекшелік бұл мағынасыздық және нәтиженің белгісіздігі. Бір жағдайда олардың бір-бірінен айырмашылығы болуы мүмкін. Ол субъективтік факторға байланысты: тәрбиешілердің жеке басты өзгешеліктеріне, олардың әлеуметтік тәрбиесіне, тәрбиеге қатынасы.
Тәрбиешілердің кәсіби дайындық деңгейі, олардың шеберлігі, үрдісті басқару іскерлігі де үлкен әсер етеді және нәтижелігі жоғары болады.
Тәрбие үрдісі екі жақтылы. Оның ағымы екі бағытта жүреді: тәрбиешіден тәрбиеленушіге (тура байланыс), тәрбиеленушіден тәрбиешіге (кері байланыс). Басқару үрдісі кері байланыстан пайда болады немесе тәрбиешіден түсетін хабарламадан туындайды. Тәрбиешінің қарамағында неғұрлым көбірек болса, соғұрлым тәрбиенің әсерлігі жоғары болады.
Тәрбие қоғамдық құбылыс, онсыз ешбір қоғамның алға дамуы, өркендеуі мүмкін емес.
Еліміздің әлеуметтік — экономикалық дамуын жеделдету кезеңінде адам факторы жаңа негізде қаралып жаңа адамды қалыптастыру барысында әрбір жасөспірімнің субъективтік талап-тілегін, бейім-қабілетін және тіршілік өмір сферасында белсенді саналы творчестволық қасиетін одан әрі дамытады. Өйткені, жеке адамның әлеуметтік белсенділігі артқан сайын, оның терең мағыналы қоғамдық мәселелерді шеше білуге құшына кірісіп, айналасын қоршаған адамдармен адамгершілік-психологиялық байланыстары күрделеніп, қоғамның саяси-экономикалық қарым-қатынастары жүйесінде әлеуметтік творчестволық көлемдері өрбіп, оның мәні арта түспек.
Жас ұрпақтарға аға буынның жинақтап берген әлеуметтік бай тәжірибесін беруде, қайта құру идеологиясын сана-сезімдеріне сіңіруге, мағыналы мінез-құлық нормалары мен жүріс-тұрыс, әдет-дағдыларын қалыптастыруда кешенді тәрбиені– қоғамдық функция атқарады. Осы орайда, тәрбиеге жүктелетін ең басты мақсат — қоғамға қажетті адамгершілік қасиеті жоғары, еңбексүйгіш, ғылыми дүниетанымы қалыптасуы үстіндегі, эстетикалық талғам – сезімі мен дене күші мығым, белсенді өмірлік позициясы айқындалған жас өспірімді дамытып қалыптастыру.
Тәрбие үрдісінің мәнін ашуда П.П.Блонский, С.Т.Шацкий, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский және т.б. өз үлестерін қосты. Мысалы, А.С. Макаренко тәрбие үрдісінің мақсаты біздің қоғамдық қажетімізден туындайтынын дәлелдеген.
Тәрбие үрдісі арқылы жас өспірімдер халықтың материалдық және рухани байлықтарын, адамзат қауымының бай тәжірибесін игереді. Соның барысында жеке адамның және оқушылар ұжымының өмір тәжірибелерінен білім алуы, еңбектенуі мен бір-бірімен қарым-қатынас жасау салалары жүйесі молая береді.
Бұл проблеманың әлеуметтік-педагогикалық аспектісі Г.Л. Смирнов, Ю. Бабанский, Э.И. Моносзон, Г.И. Филонов, И.С. Марьенко, Ю.П. Сокольников т.б. педагогтардың жарық көрген еңбктерінде жан-жақты сөз болады.
Сонымен тәрбие үрдісі дегеніміз — жеке адам мен балалар ұжымын әлеуметтік тұрғыдан қалыптастыруда, оларды өмірге дайындап, қоғамда өз орнын таба білуге үйретіп, әрбір әрек етімен, қызметімен қоғамға пайда келтіруден, өз жеке басына қанағаттанған сезіммен қарауға тәрбиелеу.
Тәрбие үрдісінің құрылысы өз ерекшеліктеріне байланысты алдына айқын мақсаттар қойып, тәрбие мазмұнын соған негіздеп оларды іс жүзіне асыруда тәрбиенің формалары мен әдіс-тәсілдерін, объективтік мүмкіндіктерін, сонымен қатар ең соңында жеткен жетістіктердің қорытындысын белгілейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет