1-дәріс. Кіріспе. Математиканың пайда болуы


-44 ж. ж. сызықтық кеңістік ұғымы қалыптасты (Грассман, Кэли)



бет35/42
Дата31.12.2021
өлшемі167,21 Kb.
#21807
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   42
Байланысты:
4. Дәрістер

1843-44 ж. ж. сызықтық кеңістік ұғымы қалыптасты (Грассман, Кэли). Кэли матрицалардың жалпы теориясын жариялап, матрицаларға қолданылатын амалдарды анықтады және характеристикалық көпмүшелік ұғымын енгізді. 1870 жылға қарай сызықтық алгебраның барлық базалық теоремалары дәлелденді. 1871 ж. Дедекинд өріс, модуль және идеал ұғымдарын енгізді, Кронекер бөлінгіштіктің жалпы теориясын жасады.

XVIII ғасырдағы Эйлердің аналитикалық әдістері сандар теориясындағы бірқатар мәселелерді шешуге мүмкіндік берді (Гаусс, Дирихле, т.б.). Француз математигі Лиувилль трансценденттік сандардың шексіз көп болатындығын дәлелдеп, тансценденттіктің жеткілікті белгісін ұсынды және осы сандарды қатардың қосындысы түрінде өрнектеп көрсетті. 1873 ж. Ш.Эрмит санының, ал 1882 ж. Линдеман 𝞹 санының трансценденттігін дәлелдеді. У.Гамильтон кватерниондардың аса қызықты коммутативтік емес әлемін ашты, сандардың геометриялық теориясы пайда болды (Минковский).

5. XIX ғасырда қателіктер теориясы мен статистика және олардың физикалық қолданылулары алдыңғы орынға шыға бастады. Бұл мәселелермен Гаусс, Пуассон, Коши айналысып, қалыпты үлестірімнің маңыздылығын анықтады. Барлық өркениетті елдерде статистикалық департаменттер мен қоғамдар құрыла бастады. К.Пирсонның жұмыстарының нәтижесінде математикалық статистика жедел қарқынмен дами түсті. Алайда, бұл ғасырда ықтималдықтар теориясының математикалық негіздері жасала қойған жоқ, сондықтан XX ғасыр басында Д.Гильберт ықтималдықтар теориясын қолданбалы физикаға жатқызды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет