1-дәріс. Кіріспе. Механика. Кинематика (1). Дәріс жоспары: Механикалық қозғалыс материя қозғалыстарының ең қарапайым түрі


СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары



бет7/18
Дата19.12.2023
өлшемі1,03 Mb.
#140982
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18
Байланысты:
Лекционный комплекс Ф-1

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары:
1. Серпімді кернеулер.
2. Серпімді деформацияланған дененің энергиясы.
6-дәріс. Тербелістермен және толқындар (1)
Дәріс жоспары:
1. Тұтас орта түсінігі.Сұйықтар мен газдардың жалпы қасиеттері.
2. Идеал және тұтқыр сұйық. Бернулли теңдеуі.
3. Сұйықтардың ламинарлық және турбуленттік ағыны.


1. Тұтас орта ұғымы. Сұйықтықтар мен газдардың жалпы қасиеттері.
Тұтас орта – ең кішкентай бөлшегі толық деген қасиетті атқара алатын үздіксіз субстанция.
Газ молекулалары ретсіз, хаосты қозғалатындықтын, әсер ету күшімен әлсіз немесе мүлде байланыспаған. Сондықтан, олар бос қозғалып, соқтығысу нәтижесінде әрқашан да жан-жаққа тарап кетуге тырысады да, барлық берілген көлемді толтырады. Яғни, газ көлемі оған берілген ыдыстың көлемімен анықталады.
Газ сияқты, сұйық та құйылған ыдыстың формасын қабылдайды. Бірақ, газдардағыдай емес, сұйықтарда молкулара арасындағы орташа ара қашықтығы практика жүзінде тұрақты болып қалады.
Сұйықтар мен газадардың қасиеттері әр түрлі болғанына қарамастан, механикалық құбылыстар шебінде оларды ұқсас параметрлер мен барабар теңдеулермен қарастырады. Сұйық тығыздығы қысымнан әлсіз тәуелді. Алайда, газ тығыздығы қысымға біршама есе көп тәуелді.
2. Идеал және тұтқыр сұйық.
Сұйық қозғалысын қарастырғанда көп жағдайда, сұйықты мүлде сығылмайды деп санауға және оның бір қабаты екінші қабатымен салыстырғанда орын ауыстырса, үйкеліс күштері (немесе тұтқырлық) пайда болмайды деп жоруға болады. Осындай мүлде сығылмайтын және мүлде тұтқыр емес сұйық идеал сұйық деп аталады. “Идеал сұйық” ұғымын пайдалану нақты сұйықтарға тек белгілі дәрежеде ғана жақындау болып табылады.
Барлық нақты сұйықтардың бір қабаты екінші қабатымен салыстырғанда орын ауыстырса, онда азды-көпті үйкеліс күші пайда болады. Шапшаңырақ қозғалатын қабат тарапынан жай қозғалатын қабатқа үдетуші күш әсер етеді. Керісінше, жай қозғалатын қабат тарапынан шапшаң қозғалатын қабатқа бөгеуші күш әсер етеді. Бұл күштер ішкі үйкеліс күштері деп аталады, олар қабаттардың бетіне жүргізілген жанама бойымен бағытталады. Ішкі үйкеліс күшінің шамасы сұйық ағысының v жылдамдығы бір қабаттан екінші қабатқа көшкенде қаншалықты шапшаң өзгеретіндігіне тәуелді және қарастырылып отырған сұйық қабаты бетінің S ауданы неғұрлым үлкен болса, соғұрлым зор болады. Мысалы, бірінен-бірі Δh қашықтықтағы сұйықтың екі қабаты v1 және v2 жылдамдықпен ақсын (v1- v2=Δv) делік. Қабаттардың Δh арақашықтығын өлшегенде бағыт сол қабаттардың ағыс жылдамдығына перпендикуляр болсын. Сонда Δv/Δh шамасы бір қабаттан екінші қабатқа көшкенде жылдамдықтың қаншалықты шапшаң өзгеретіндігін көрсетеді, оны жылдамдық градиенті деп атайды. Ньютон алғаш рет сұйықтың екі қабатының арасындағы үйкеліс күші жылдамдықтар айырымы мен жанасып тұрған сұйық қабаттары бетінің ауданына тура пропорционал және сол қабаттардың ара қашықтығына кері пропорционал екендігін дәлелдеді. Осы Ньютон сұйығын тұтқыр сұйық деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет