1 дәріс. Механикалық қозғалыстардың теориялық негіздері



Pdf көрінісі
бет57/132
Дата28.11.2023
өлшемі3,36 Mb.
#130617
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   132
Байланысты:
Дәрістер мазмұны

Гравитациялық энергия.
(7.1.5) формулаға қарағанда, потенциалдық энергия 
бөлшекті оның бастапқы орнынан шексіздікке орын ауыстырғанда істелінетін жұмысқа тең. 
Материялық нүкте орын ауыстырғанда оның потенциалдық энергиясы қанша өзгерсе, 
соншалықты шамаға кинетикалық энергия өзгереді (5 - модуль), яғни толық энергияның 
сақталу 
заңы 
орындалады. 
Осыған 
байланысты 
потенциалдық 
энергияның 
тасымалдаушысы туралы сұрақ туады. Кинетикалық энергияның салыстырмалы 
жылдамдыққа, ал потенциалдық энергияның денелердің салыстырмалы орналасуына 
тәуелді екені белгілі. Осыған қарағанда потенциалдық энергияның тасымалдаушысы таза 
геометриялық қатыс болады деген ой тууы мүмкін. Бірақ, күш табиғатына байланысты 
бірдей геометриялық өзгерістер кезінде потенциалдық энергияның өзгеруі әртүрлі болуы 
мүмкін. Сондықтан, денелердің салыстырмалы орналасуы потенциалдық энергияның тек 
өлшемі бола алады. Ал, оның физикалық тасымалдаушысы ретінде дененің кеңістіктегі күйі 
қарастырылады. 
Кеңістіктегі күш әрекет еткен аумақты, күш өрісі деп атайды. Олай болса, 
потенциалдық энергияның физикалық тасымалдаушысы ретінде күш өрісі қарастырылуы 
керек, яғни дененің потенциалдық энергиясы өріс энергиясымен байланысқан. Дене 
қозғалғанда оның кинетикалық энергиясы өзгереді, дәл солай, тек кері бағытта өріс 
энергиясы да өзгереді, яғни, өріс энергиясы дене қозғалысының кинетикалық энергиясына 
ауысады. Бұл кезде физикалық бақыланатын шама тек өрістің энергиясының өзгеруі 
болғандықтан, санақ нүктесін (бастапқы мәнді) еш шарт қоймай таңдауға болады. 


Қорыта келе, бөлшектің кинетикалық және потенциалдық энергияларының қосындысы 
шындап келгенде бөлшек және өрістен тұратын жүйенің энергиясы. Мұндай жүйеде 
кинетикалық энергия бөлшектікі, ал потенциалдық энергия өрістікі. Олай болса, бөлшек 
қозғалғанда өріс пен оның арасында энергиямен алмасу процесі жүреді. Яғни, өріс 
материялық нүктелердің өзара әрекетінде аса маңызды роль атқарады. Гравитациялық өзара 
әрекетке себеп болатын өріс энергиясын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет