1 дәріс. Механикалық қозғалыстардың теориялық негіздері



Pdf көрінісі
бет61/132
Дата28.11.2023
өлшемі3,36 Mb.
#130617
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   132
Байланысты:
Дәрістер мазмұны

Жасанды серік жолы
. Егер Жер пішіні дұрыс шар болып, атмосфера болмаса, 
жасанды серік қозғалмайтын жұлдыздар жүйесіне қарағанда бағытталуы тұрақты 
жазық орбита бойымен ұшар еді. Орбита элементтері бұл жағдайда Кеплер 
заңдарымен анықталады. Жер өз осін айналғандықтан, серік әрбір келесі айналымында 
Жер бетінің басқа нүктелері үстінен ұшып өтеді. Жасанды серіктің бір 
айналымындағы жолы белгілі болса, уақыттың кез келген келесі мезеттеріндегі оның 
орнын болжау қиын емес. Бұл үшін Жердің батыстан шығысқа қарай сағатына 15
0
-қа 
жуық бұрыштық жылдамдықпен айналатынын ескеру қажет. Сондықтан әрбір келесі 
айналымда серік сол бір ендікті Жер шығыс бағытында жасанды серіктің айналу 
периоды аралығында қаншама бұрышқа бұрылса, сонша градусқа батысырақ кесіп 
өтеді (7.4.1 – сурет). Экватор бойындағы оңға бағытталған көрсеткіш Жердің өз осін 
айналуына байланысты оның бетіндегі нүктелердің қозғалыс бағытын анықтайды. Сол 
бағыттағы (батысқа қарай) көрсеткіштің екі түрлі мағынасы бар: біріншіден, ол 
жасанды серік жолының батысқа ығысуын көрсетсе, екіншіден, оның орбитасы 
жазықтығының Жердің айналу осін айнала қозғалғандағы бағытын анықтайды. Жер 
атмосферасының кедергісіне байланысты жасанды серіктер 160 км биіктіктен төмен 
қашықтықтарда ұзақ уақыт ұшып жүре алмайды. Мұндай биіктіктегі шеңбер бойымен 
ең аз айналу периоды жуық шамамен 88 минутке тең. Осындай уақыт ішінде Жер 
жуықтағанда 22,5
0
-қа бұрылады. 50
0
ендікте бұл бұрышқа 1400 км қашықтық сәйкес. 
Олай болса, айналу периоды 
1, 5
Т

сағ. жасанды серік 50
0
ендікке әрбір келесі 
айналымда алдыңғы жайға қарағанда батысқа қарай 1400 км нүктеде байқалып 
отырады.
Бірақ, мұндай есептеу нәтижесін серіктің тек бірнеше айналымдары үшін ғана 
қолдануға болады. Егер ұшу уақыт аралығы айтарлықтай көп болса, қосымша Жердің 
Күнді айнала қозғалысын ескеру қажет. Жер Күнді орташа 365 тәулікте айналып 
өткендіктен, ол тәулік аралығында Күнді айнала 1
0
(0,99
0
) бұрышқа бұрылады. Бұл 
кездегі бұрылу бағыты Жердің өз осін айналу бағытымен бірдей. Сондықтан Жер 24 
сағат ішінде қозғалмайтын жұлдыздармен салыстырғанда 360
0
-қа емес 361
0
-қа 
бұрылады, олай болса, бір айналымды 24 сағатта емес 23 сағат 56 минутта жасайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет