1 дәріс. Механикалық қозғалыстардың теориялық негіздері


Массасы айнымалы дененің қозғалысы



Pdf көрінісі
бет85/132
Дата28.11.2023
өлшемі3,36 Mb.
#130617
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   132
Байланысты:
Дәрістер мазмұны

 
10.5. Массасы айнымалы дененің қозғалысы 
10.5.1. Релятивистік емес қозғалыс 
И.В.Мещерский теңдеуі. 
Осы жерге дейін (жалпы көп жағдайда) материялық 
нүктелер жүйесінің қозғалысын қарастырғанда жүйені құрайтын нүктелер жиынтығы 
өзгермейді деп санадық. Ал, күнделікті тәжірибеде жүйені құрушы нүктелер саны уақыт 
аралығында өзгеруі мүмкін: яғни, нүктелер жүйеге келуі, немесе жүйе құрамынан шығуы 
мүмкін. Мысалы: транспортер, су бетінде қалқыған мұз, планетаның массасы, ұшақ және 
т.б. Аталған мысалдардың бірінде масса дискретті өзгерсе, екіншісінде үздіксіз өзгереді. 
Біз мысал ретінде массасы үздіксіз өзгеретін зымыран қозғалысын қарастырамыз. Зымыран 
моторларында қозғалтқыш күш отынның жану өнімдерінің күшке қарсы бағытта ұшып 
шығу нәтижесінде туады. Ол Ньютонның 3 заңына сәйкес реакция күші ретінде пайда 
болады, сондықтан күш реактивтік, ал мотор реактивті деп аталады. Бірақ тарту күшін 
тудыратын кез келген мотор негізінде реактивті екендігін ескерту керек. Мысалы, кәдімгі 
пропеллерлі ұшақтың тудыратын тарту күші пропеллердің ауа массаларына ұшақ 
қозғалысына қарсы бағытта үдеу беру нәтижесінде пайда болған реактивтік күш. Яғни 
пропеллерлік ұшақтың тарту күші кейін қарай ығыстырылған ауа массасының ұшаққа 
әрекет күшіне тең. Ол күш ұшаққа мызғымай бекітілген пропеллерге түседі. Теміржол 
поезы да, егер қозғалыс тыныштықтағы жұлдыздармен байланысқан инерциялық санақ 
жүйесінде қарастырылса, рельстер мен Жер бетінің қозғалысқа қарама-қарсы бағытта 
үдеуінен туған реактивтік тарту күші арқасында орнынан қозғалады. Әрине, поезбен 
салыстырғанда рельстер мен Жердің массаларының анағұрлым үлкен (үдеу өте аз) болуына 
байланысты олардың қозғалысын байқау іс жүзінде мүмкін емес. 
Бірақ зымырандар мен басқа денелердің реактивті қозғалыстарының арасында өте 
маңызды бір айырмашылық бар. Зымырандық моторда тарту күші бастапқыда массасы 


зымыран массасының құрамына кіретін отынның жану өнімдерінің ұшып шығу 
нәтижесінде пайда болады. Басқа қарастырылған мысалдарда жағдай өзгеше. Мысалы, 
ұшақ пропеллері ығыстырған ауаның массасы қозғалыс барысында ұшақ массасының 
құрамына кірмейді. Сондықтан реактивтік қозғалыс деп біз реактивті мотор тудырған 
қозғалысты айтамыз. Басқаша айтқанда, массалары айнымалы денелердің қозғалысы 
қарастырылады, оған қоса тарту күші дене массасын құрастыратын бөлшектердің ұшып 
шығу нәтижесінде туады.
Енді релятивистік те, релятивистік емес те жағдайлар үшін қолдануға мүмкіншілік бар 
қозғалыс теңдеуінің қорытуын келтірейік. Массасы 
m
(
t
), жылдамдығы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет