1 дәріс. Механикалық қозғалыстардың теориялық негіздері



Pdf көрінісі
бет97/132
Дата28.11.2023
өлшемі3,36 Mb.
#130617
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   132
Байланысты:
Дәрістер мазмұны

 

 
 

 


Әрине, бұл тәжірибеде қозғалыс сипаттамасы өзгереді. Маятник центрден алыстай 
бастағанда Кориолис күші оған оңға бағытталған үдеу береді. Осыған байланысты маятник 
радиус бағытындағы жылдамдығы нольге тең болатын ең үлкен ауытқу нүктесіне жеткенде 
оның радиусқа перпендикуляр жылдамдығы максималды болады. Осының нәтижесінде 
бұл кезде маятник траекториясының радиусы оның ең үлкен ауытқуына тең шеңберге 
жанама болады, яғни маятниктің горизонталь жазықтағы проекциясы 11.3.2б-суретпен 
бейнеленеді. 
 
11.3.2.Инерциялық емес санақ жүйелеріндегі сақталу заңдары 
Энергияның, импульстың және импульс моментінің сақталу заңдарын қарастырғанда 
ол заңдар механикада қозғалыс теңдеулерінің салдарлары екені баса айтылады. Сақталу 
заңдары зерттелетін тұйық жүйелер үшін, яғни сыртқы күштер және олардың моменттері 
жоқ болғанда, орындалады. Инерциялық емес санақ жүйелерінде әдеттегі күштерден басқа 
инерция күштері әсер етеді. Бұл күштер қарастырылып отырған денеге қарағанда әрқашан 
да сырт болады. Олай болса, инерция күштерін жүйеге әсер ететін күштер қатарына қосу 
қажет. Тұрақты бұрыштық жылдамдықпен айналатын инерциялық емес координаталар 
жүйесінде центрден тепкіш инерциялық күш центрлік күштер қатарына жатады, ал олар 
әрқашан потенциалды болады. Екінші жағынан, Кориолис күші бөлшектің жылдамдығына 
перпендикуляр болғандықтан, жұмыс істемейді. Сонымен, тұрақты жылдамдықпен 
айналатын инерциялық емес санақ жүйесінде тек кәдімгі потенциалдық энергиямен қатар 
инерция күштерімен байланысты потенциалдық энергияны ескергенде ғана энергияның 
сақталу заңы орындалады. Егер инерция күштерінің жұмысы ескерілсе, энергияның сақталу 
заңын ілгерілемелі қозғалған инерциялық емес санақ жүйесінде де бұрынғыдай 
тұжырымдауға болады. 
Дәл осылай импульстың және оның моментінің өзгеруін қарастырғанда теңдеулерге 
инерция күштерін және олардың моменттерін енгізу керек. Бұл шамалар сақталу үшін 
инерция күштері инерциялық санақ жүйелерінде кәдімгі күштер сақталу заңдары 
тұрғысынан қарағанда қанағаттандыратын шарттарға толық сәйкес болулары қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет