салыстырмалылықтың жалпы теориясының дамуына байланысты жағдай күрт өзгерді.
Себебі санақ жүйелерін тиісті түрде таңдап алсақ, кеңістіктің аз бөліктерінде инерция күші
сияқты тартылыс күшін де «жоюға» болады екен, яғни оны да «жалған» күштер қатарына
жатқызуға болады екен. Сонымен инерция және тартылыс күштерінің жалғандығы туралы
сұрақтарды бірге қарастыру керек екендігі айқын болды. Сонда инерция күштер
жалғандылығын қандай қасиеттері сипаттап тұр? Біріншіден, инерция күштері тек
инерциялық емес санақ жүйелерінде пайда болады, екіншіден, инерция күштері қай
денелер тарапынан түсіп тұрғанын көрсете алмаймыз. Осы екі ерекшелікті жеке-жеке
қарастырайық.
5.1.
Инерция күшінің бірінші ерекшелігі тек классикалық механикада ғана білінеді.
Салыстырмалылық теориясында, керісінше, эквиваленттілік принципіне сәйкес инерция
күші мен табиғатта ең көп тараған кәдімгі күштердің бірі - тартылыс күшінің арасында
айырмашылық болмауға тиіс. Материялық нүктенің бірқалыпты үдемелі қозғалысын не
гелиоцентрлік санақ жүйесіндегі біртекті тартылыс өрісіндегі «ауыр» массаның үдемелі
қозғалысы ретінде, не инерттік массаның сол жүйеге салыстырмалы үдемелі қозғалған
ауырлық өрісі жоқ санақ жүйесіндегі бірқалыпты қозғалысы ретінде түсіндіруге болады.
5.2.
Енді екінші ерекшелікке көшейік. Егер гелиоцентрлік санақ жүйесінде +
υ
жылдамдықпен қозғалған
А
денені бақыласақ, оның қозғалысын сол санақ жүйесімен
байланысқан денелердің (Күн және үш бекітілген жұлдыздар) жылдамдығы -
υ
қозғалысы
деп елестетуге болады. Екінші жағынан бұл санақ жүйесінде орташа алғанда бүкіл әлемді
құрастырып тұрған аспан денелерінің барлық массасы орналасқан. Олай болса,
А
дененің
+
υ
жылдамдықпен қозғалысын, жоғарыда айтқандай, әлемді құраушы аспан денелерінің
барлық массасының -
υ
жылдамдықпен қозғалысы деп қарастырамыз.
Ғарыштық кеңістікте аспан денелері орташа жуық бірқалыпты таралғандықтан, Әлемді
құраушы денелердің массасы іші қуыс сфералық қабатта орналасқан деп санауға болады
(11.5.1-сурет). Бұл қуыс шардың сыртқы радиусы ішкі радиусынан көп үлкен. Мұндай
елестетудің нәтижесінде кез келген санақ жүйесінің аспан денелері сферасына
салыстырмалы қозғалысын екі түрлі қарастыруға болады. Кез келген
К’
санақ жүйесінің
а
үдеумен аспан денелері сферасына салыстырмалы ілгерілемелі қозғалысын сол аспан
сферасының
К’
санақ жүйесіне қарағанда үдеуі -
а
ілгерілемелі қозғалысы деп айтуға
болады. Сол сияқты
К’
жүйенің бұрыштық жылдамдығы
ω
айналмалы қозғалысын аспан
сферасының санақ жүйесіне қарағанда -
ω
бұрыштық жылдамдығы бар айналмалы
қозғалысымен алмастыруға болады.
Егер кез келген
К’
санақ жүйесі гелиоцентрлік жүйеге салыстырмалы үдемелі қозғалса
немесе осыған пара-пар аспан сферасы
К’
жүйеге қарағанда үдемелі қозғалса, жүйеде
инерция күштерінің әсері байқалуы керек. Мысалы, аспан денелерінің сферасы
К’
жүйесіне
қарағанда айнала қозғалса, сфера ішінде центрден тепкіш және Кориолис инерция күштері
пайда болады. Сонымен, инерция күштері қай дене тарапынан түсіп тұрғанын көрсете
алмауымыздың себебі - ондай денелердің жоқ болуы емес, керісінше, өте көп болуы, яғни
инерция күші барлық аспан денелері тарапынан әрекет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: