Енді “серпімділік күш әрекетінен дене қалай қозғалады?” деген сұраққа жауап берейік.
Егер күш және дененің орын ауыстыруы бір түзу бойымен бағытталса, дене тербелмелі
қозғалыс жасайды. Біз бұл құбылысты осы кітаптың соңғы бөлімінде
қарастырамыз.Егер серпімділік күштері дене қозғалысының бағытына перпендикуляр
болса, жағдай тіпті басқаша болады. Күш жылдамдыққа перпендикуляр болғандықтан
(жылдамдық бағыты қозғалыс бағытымен бірдей), үдеу де жылдамдыққа
перпендикуляр. Ал жылдамдыққа нормаль үдеу – шеңбер бойымен қозғалған денеге
тән центрге тартқыш үдеу. Айтылған жағдайға жіпке байланған жүктің шеңбер
бойымен айналмалы қозғалысы мысал болады. Бұл процестегі серпімділік күші –
керілген жіп тарапынан байқалатын серпімділік күші.
13 дәріс. Сұйық тұтас ортаның қозғалысы
13.1. Сұйықтықтар мен газдар қасиеттерінің сипаттамалары. Гидроаэростатика заңдары
Әрбір қатты дененің өзіндік пішіні мен көлемі бар екені белгілі. Сұйықтықтар мен
газдар – тұрақты пішіндері жоқ физикалық денелер: олар өзін шектеп тұрған ыдыстың
пішінін қабылдайды. Бірақ сұйықтың анықталған өзіндік көлемі болса, газ әрқашан мүмкін
болатын көлемді толығымен толтырып отырады. Дегенмен, осындай айырмашылықтарға
қарамастан, классикалық механика пәнінде жеткілікті дәлдікпен қатты, сұйық және газ
денелер біртұтас және үзіліссіз орта деп қарастырылады.
Жан-жағынан оқшауланған ыдыс ішіндегі сұйық немесе газ тәрізді денеге сырттан
тұрақты әсер болуы мүмкін. Сұйық (газ) поршені бар цилиндр ішінде орналассын дейік.
Егер поршеньге белгілі
Достарыңызбен бөлісу: