0,5 км/с шамаға (Жер бетінің экватордағы сызықтық жылдамдығы) азаяды. Дене алыстағы
объектілерге ұшырылғанда ұтыс анағұрлым елеулі болады. Мысалы, Юпитер
немесе Уран
сияқты алыстағы планеталарға ұшқанда зымыран қозғалысын Жердің Күнді
айналу
бағытында бастаса, ұтыс жуықтап алғанда 30 км/с (Жердің Күнді айналу жылдамдығы)
құрады. Яғни, алыс планеталарға ғарыштық ұшуға зымыран Жердің Күнді айналу
бағытымен бағыттас қозғала бастаса, бастапқы жылдамдық
3
42 30
12
/
км с
−
- ке тең
болса жеткілікті. Күрделі дәлірек есептеулер 3 – ші ғарыштық жылдамдықтың 16,7 км/с
мәнін береді.
7.4. Жер жасанды серіктерінің қозғалысы. Жер пішіні
7.4.1. Жер жасанды
серіктерінің қозғалысы
Жер жасанды серіктерінің қозғалысы екі себепке байланысты Кеплер заңдарына
бағынбайды:
1. Жер тығыздығы көлем бойынша біртекті таралған дәл шар емес. Сондықтан
оның тартылыс өрісі Жердің геометриялық центрінде орналасқан нүктелік
массаның тартылыс өрісіне эквивалентті емес.
2. Жер атмосферасының тежеу әсеріне байланысты жасанды серіктер
орбиталарының түрі мен өлшемдері өзгеріп, ақырында олар Жер бетіне құлайды.
Жасанды серіктер қозғалысының Кеплер
заңдарынан ауытқуларына қарап, Жердің
пішіні, оның көлемі
бойынша тығыздықтың таралуы, атмосфераның құрылымы
туралы пікірлер тұжырымдауға болады. Сондықтан жасанды серіктердің қозғалысын
зерттеулер осы сұрақтарға толығырақ жауаптар беруге мүмкіндік берді.
Соларға
қысқаша тоқталып кетейік.
Достарыңызбен бөлісу: