1 дәріс. Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржылардың мәні, қызметтері және рөлі Қаржы «қолма-қол ақша»



бет1/3
Дата06.01.2022
өлшемі19,72 Kb.
#11793
  1   2   3
Байланысты:
Ақша қаржы несие дәрістер кешені


1 дәріс. Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржылардың мәні, қызметтері және рөлі

Қаржы («қолма-қол ақша», «табыс» ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын тілінің financia сөзінен пайда болған француздың financе сөзінен шыққан) - тауар-ақша қатынастарымен және мемлекеттің өмір сүруімен байланысты тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық катергорияларының бірі. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар-ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып, дамыды және мемлекеттің қаржы ресурстарына қажеттіліктерімен тығыз байланысты болды.

Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақша қатынастарын қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс үдерісіндегі рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады. Қаржының ақшалай сипаты оны жүзеге асырудың нысанын және оның құндық экономикалық категорияға қатыстылығын баса көрсетеді. Қаржы экономикалық категория ретінде экономикалық заңдардың (құн заңының, сұраным мен ұсыным заңының, қажеттіліктердің жоғарылау заңының, өндірістік қатынастардың өндіргіш күштердің сипатымен даму деңгейіне сәйкестік заңының, уақытты үнемдеу заңының) іс-әрекетіне негізделеді. Қаржы – ақшалай қатынастардың жиынтығы және олардың ажырағысыз бөлігі, сондықтан оның рөлі мен маңызы экономикалық қатынастарда, ақшалай қатынастарда қандай орын алатынына байланысты болады. Алайда кез келген ақшалай қатынастар қаржылық қатынастарды білдіре бермейді және ақша әртүрлі экономикалық категориялардың – бағаның, еңбекақының, қаржының, кредиттің көмегімен жүзеге асырылатын қоғамдық өнімнің бүкіл құнының қозғалысын ортақтастыратындықтан, кез келген ақша операциясы, мәміле қаржы операциясына жата бермейді

Тауар өндірісінің негізгі тауар өндірушілердің экономикалық оқшауланушылығын шарттастыратын қоғамдық еңбек бөлінісі болып табылады. Ақшаның және оның туынды экономикалық категорияларының, соның ішінде қаржының көмегімен жетеді. Қаржы тауар қатынастарынан тыс өмір сүре алмайды, өйткені өндірілген өнімдер сатып алуға-сатуға жататын тауарлар ретінде болады: өнім оны тұтынудан бұрын айырбастаудан және бөлу стадияларынан өтеді. Жасалынған игіліктер мен құндылықтарды өлшеу құн өлшемі мен жалпыға ортақ балама ретіндегі ақшаның көмегімен жүзеге асады. Сондықтан материалдық және материалдық емес игіліктердің, қызметтердің өндірілген массасы – қоғамдық өнімнің - натуралдық-заттай көрінісімен бірге оның ақшалай көрінісі де болады. Қоғамдық өнімнің нақтылы іске асырылуының екі нысанының болуы қоғамдыө өндірістің әрбір қатысушыларының қажеттіліктеріне сәйкес оны түпкілікті тұтынуға жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл үшін құндық категориялар – ақша, баға, қаржы, еңбекақы, кредит және басқалары пайдаланылады. Қаржылық қатынастардың пайда болуы өзі жайында әрқашан ақшаның нақтылы қозғалысымен аңғартып отырады. Ақшаның нақтылы қозғалысы ұдайы өндіріс үдерісінің екінші және үшінші стадияларында – бөлуде және айырбастауда болады. Ұдайы өндіріс үдерісінің өндіру мен тұтыну стадияларында мұндай қозғалыстың болмауы олардың қаржының пайда болуының орны еместігін дәлелдейді. Бөлінген құн (ақша нысанында) тауар нысанымен айырбасталатын, яғни сатып алу – сату актілері жасалатын айырбастауда да қаржыға орын жоқ. Ұдайы өндіріс үдерісінің құн стадиясында тек баға құралын қажет ететін өнебойы жасалатын айырбас операциялары болып жататындықтан, мұндай басқа экономикалық категорияларының тетігі – баға жұмыс істемейді. Қаржылық қатынастардық пайда болуын олардың жұмыс істеу сферасына қарай экономиканың бастапқы буындарында яғни материалдық өндіріс сферасында

– нақты секторда немесе қоғамдық, соның ішінде экономикалық өмірді де реттейтін ұйым ретіндегі мемлекеттің қаржысы сферасында қадағалап отыруға болады

Қалыптастырылған ақша қорлары қайта бөлуге, ұсақтауға немесе қаражаттардың мақсатты арналымына қарай ірілендіруге, лоарды атаулы бағыттауға немесе өндірістік және өндірістік емес қорлардың толық айналымы үдерісінде пайдалануға ұшырайды. Қаражаттардың бір бөлігі мемлкеттік, жекеше, қоғамдық кәсіпорындар мен ұйымдардан және халықтан әртүрлі төлемдер, аударымдар, алымдар түрінде қор және қор емес нысанында түседі. Орталықтандырылған ақща қорларын – мемлкеттік бюджетті, әлеуметтік сақтандыру қорлары, түрлі бюджеттен тыс қорларды қалыптастару арқылы мемлкет деңгейінде қаржылық қатынастардың нысандары осылай пайда болады. Ұдайы өндірістік үдерістің барлық стадиларынан өте отырып, қоғамдық өнім жаңғырады және үш өзіндік қорда: орнын толтыру қорында, тұтыну қорында және қорлану қорында іске асады.



Қаржы қоғамдық өнімді жасау мен пайдалану арасындағы байланыстырушы буын болап табылады. Қаржылық қатынастардың ақшалай сипаты – қаржының маңызды белгісі. Ақша қаржының іс-әрекет етуінің міндетті шарты болып табылады. Қаржылық қатынастар өзінің негізінде ұдайыөндірісітік қатынастар болып табылады. Қаржылық қатынастардың ұдайыөндірістік сиапты экономикалық категория ретінде олардың айрықша белгісі болып табылады. Қаржының нақтылы жұмсауға арналған түрлі мақсатты ақша қорларының қозғалысында көрінуі оның маңызды ерекше белгісі болып табылады. Ақша қорлары қаржылық қатынастардың объектілері болып табылады.

Қаржы дегеніміз қоғамның қажеттіліктері мен өндірістің дамуы үшін пайдаланылатын мемлекеттің, оның муниципалды құрылымдарының, шаруашылық жүргізуші субъектілердің ақша қорлары. Бұл – елдің қаржы ресурстары. Қаржы – бұл шаруашылық жүргізуші субъектілерде және мемлкетте ақшалай табыстарды, қорланымдарды және қорларды қалыптастыру жолымен оларды ұлғаймалы ұдайы өндірістің, қоғамның әлеуметтік және басқа қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қоғамдық өнімді жасау және оның құнының қозғалысын қамтамасыз ететін үдерісінде пайда болатын ақша қатынастары. Қаржының мәні – ақша нысанындағы құн қозғалысынан туындайды. Мұндай қозғалыстың шарты тауар-ақша қатынастарының болуы және экономикалық заңдардың іс-әрекеті болып табылады. Қаржының қажеттілігі объекивті мән-жайдан - тауар-ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен туындайды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет