1. дәріс Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі


Тұлғаны, оның еркіндігінің, өмірді, табиғатты және мәдениетті сақтау жауапкершілігінің қалыптасу шарттары



бет34/55
Дата19.10.2023
өлшемі460,45 Kb.
#119477
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   55
Байланысты:
Ойлау мəдениеті Ойлау-emirsaba.org

2.Тұлғаны, оның еркіндігінің, өмірді, табиғатты және мәдениетті сақтау жауапкершілігінің қалыптасу шарттары.

Бостандық дегеніміз – барлық нәрсеге ерік беру, рұқсат беру емес, ол ең алдымен, жауапкершілік, қажеттілікті түсіну. Бостандықтың алғы шарты – адамға таңдау мүмкіндігін беретін ақыл-ойы және жан-жақты терең білімі. Өмір сүрудің жаңа, қазіргі кезеңінде табиғат пен әлеуметте еркіндік түсінігін терең түсіну қажеттілігі баю үстінде.Еркін болу – яғни, әлемде толық және ақылды болып қалуға мүмкіндік беретін шынайы тосқауылдарды түсіне білу, ал адам әлемді жасаушы объективті заңдарға сәйкес іс әрекет жасау керек.Э.Фромм еркіндікті адамның негізгі өсу мен даму жағдайы деп санаған. Ол – адам бас тарта алмайтын ұлы сый және ауыртпалық. Еркіндік – адамның өзінің іс әрекетіне жауапкершілік таныта отырып таңдаған альтернативаларды саналы ұғынуымен байланысты. Қазіргі философтар мен психологтардың зерттеулері бойынша жауапкершілік ересек тұлғаның әлеуметтік мінез құлқын ішкі реттеушісі ретінде орын алады деп қорытынды жасаған. Мұнда әңгіме жас жайында емес, оның тұлғалық өсуінде болып отыр. Кішкене бала үшін қажетті сыртқы жағдайлар мен шектеулер орын алатын болса, ал ересекте тұлғаның өзінің еркін қабылдаған мақсаттары мен құндылықтары болып табылады. Ересектер үшін сыртқы стимулдар мен еске түсірулер қажет емес. Тұлғаның ішкі еркіндігі, бостандығы оның жауапкершілігімен шектелмейді, керісінше, жауапкершілігінің арқасында мәнге және мазмұнға ие болады. Жауапкершіліктің дамымауы немесе оның тіптен болмауы адамға толығымен еркін тұлға болуға кедергі жасайды, бірақ, сонымен бірге ол оны жағдайларға құл етіп, ішкі бақылауға тәуелді етеді.Сонымен еркіндік мәселесі жауапкершілік мәселесімен тығыз байланысты.Жауапкершілік – еркіндіктің басқа бір жағы болып табылады. Ол ересек тұлғаға тән және өзін саналы түрде жасайтын іс әрекеттерінің себептері мен өзінің ойлары мен әрекеттерін ішкі бақылауда көрінеді. Әлеуметтік жауапкершілік өзінің жеке эгоистік қызығушылықтарына емес, қоғам мен басқа адамдардың қызығушылықтарына сәйкес өзін өзі ұстай білудегі адамның бейімділігі. Тек еркін және жауапкершілігі жоғары тұлға өзін әлеуметтік мінез құлқын жан –жақты дамыта алады және жоғары дәрежеде өзінің потенциалын аша алады.Сонымен, жоғарыда тұлға жайында айтылғандардың барлығын қоса келе, оның қалыптасуына әсер ететін факторларды бөліп көрсетеміз.
Олар:

адамның өзінің қабілеттілігі мен нышандарын көрсете білуге мүмкіндік жасайтын іс әрекеті;


адамның басқа адамдармен ауызба- ауыз сөйлесуі кезінде ғана емес, адамзаттың адами қасиеттерін, салт дәстүрлері, әлеуметтік нормалар мен ережелерді меңгеруі арқылы көрінетін, болатын қарым -қатынасы;
жеке және әлеуметтік мінез құлық жауапкершілік әдістері мен формаларын болып жатқан жағдайларға байланысты таңдап алуда көрінетін адамның шығармашылығы, мұны еркіндік сөзінің синонимі деп алуға да болады.
Мінекей осы факторларды адам негізгі қоғамдық рөлдерді меңгеруі арқылы әлеуметтену процесінде дамытады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет