1 дәріс. Педагогикалық психология – ғылыми білімнің пәнаралық саласы ретінде (2 сағ)


Екінші кезең. XIX ғасырдың аяғынан XX ғасырдың ортасына дейін созылған



бет20/51
Дата07.04.2022
өлшемі488 Kb.
#30134
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   51
Байланысты:
лекция Документ Microsoft Office Word (2)

Екінші кезең. XIX ғасырдың аяғынан XX ғасырдың ортасына дейін созылған. Бұл кезеңде педагогикалық психология алдыңғы жүзжылдықтың педагогикалық ойларының жетістіктерін пайдаланып, психологиялық, психофизиологиялық эксперименталық зерттеулердің нәтижесінде бағытталып, дербес сала болып қалыптаса бастады. Педагогикалық психология эксперименталдық психологияның қарқынды дамуымен бірге дамып,қалыптаса бастады,нақты педагогикалық жүйелер құрып, жете зерттеумен болды,мысалы; М.Монтессори. жүйесі.Аталған кезең ерекше психологиялық-педагогикалық бағыт педологияның қалыптасуымен сипатталады, (Дж.М.Болдуин, Э.Киркпатрик, Э.Мейман, М.Я.Басов, П.П.Блонский, Л.С.Выготский және т.б.) онда психологиялық, физиологиялық, анатомиялық, психологиялық және әлеуметтік үлшемдердің жиынтығының негізінде кешенді түрде баланың дамуын айқындау мақсатында оның мінез-құлықының ерекшеліктері анықталды.Басқа сүзбен айтқанда, екі жақтан педагогикалық психологияға оны жаратылыстану ғылымдарымен жақындастырып,үлшемдердің объективтік әдістері енді.Педагогикалық психологияның құрылуының осы негізгі кезеңінде қалыптасқан ғылым ретінде дербестілігі туралы тек психодиагностиканы пайдалану, мектеп зертханаларының эксперименталдық- педагогикалық жүйелермен бағдарламалардың кеңінен таралуы,педологияның пайда болуы ғана емес,50 жылдардан бастап педагогикалық психология дамуының үшінші кезеңінде жүзеге асырыла бастаған, білім беру процесін ғылыми рефлекциялау талпыныстары, оны теоретикалық тұрғыдан түсіну мағыналығы дәлел бола алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет