1 дәріс: Психология ғылым ретінде. Психология пәні, міндеттері, принциптері мен әдістері. Психологияның пайда болу тарихы. Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар



бет1/8
Дата16.09.2023
өлшемі54,13 Kb.
#108179
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
1 дәріс Психология ғылым ретінде. Психология пәні, міндеттері, -emirsaba.org


1 дәріс: Психология ғылым ретінде. Психология пәні, міндеттері, принциптері мен әдістері. Психологияның пайда болу тарихы. Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар

1 дәріс: Психология ғылым ретінде. Психология пәні, міндеттері, принциптері мен әдістері. Психологияның пайда болу тарихы.


Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1. Психология ғылым ретінде пайда болуы. Психология пәні, міндеттері, принциптері мен әдістері. Психологиялық ғылымның даму тарихы.
2. Психология пәні бойынша көзқарастар эволюциясы.
3 Қазіргі Батыс психологиясы.
4 Психология дамуының негізгі кезеңдері. Қазіргі психологияның принциптері. Психологияның зерттеу әдістері.


1. Психология ғылым ретінде пайда болуы. Психология пәні, міндеттері, принциптері мен әдістері. Психологиялық ғылымның даму тарихы.
Психикада психологиялық құбылыстар мен фактілер ерекшеленеді. Психология психикалық құбылыстардың пайда болу және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін, яғни адамдардың жан-жүйесін зерттейтін сан-салалы ғылым. Психология ерте заманнан бері келе жатқан ғылым, оның даму тарихына екі жарым мыңдай жыл болды. Оның дүниеге тұңғыш келген жері ежелгі Грекия. Психология атауы «псюхе» - қазақ тілінде «жан», «логос» - «ілім», «ұғым» деген гректің екі сөзінен тұрады. Ғылыми қолдануда психология термині XVI ғасырда алғаш рет пайда болды. Психика обьективті дүниенің субьективті бейнесі.
Этимологиялық тұрғыдан психологияны жан туралы ғылым ретінде анықтауға болады. Психологияның білім саласы ұзақ уақыт бойы осылай түсіндірілді. Бірақ мынандай сұрақ туындайды: жан шындық ретінде бар ма? Тек жанның объективті өмір сүруін тану кезінде ғана оны ғылым объектісі деуге болады. Бұл сұраққа нақты жауап жоқ. Жанды көру, өлшеу мүмкін емес. Кейінірек «жан» ұғымының орнына «психика» деген ғылыми термин психологияны зерттеу саласы ретінде қолданыла бастады. Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы бейнесі. Олар (түйсік, ой, елес, сезім, қабілет, мінез және т.б.) көпшілігімізге мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Осылардың бәрін ғылыми тұрғыда психология ғылымы зерттейді.
Психологияның зерттеу пәнінің негізіне адам болмысының табиғаты, психикалық күйлері, процестері, қасиеттері кіреді. Адам дамуының заңдылықтары және оның ерекшеліктері туралы ғылыми ілімдердің жүйесі жалпы қоғамның дамуы үшін қажет. Мұнда мыналарды бөліп көрсетуге болады: а) когнитивті (танымдық) процестер: түйсік, зейін, қабылдау, қиял, ес, ойлау және сөйлеу; б) индивидтің басқа адамдармен қарым-қатынасын реттейтін, оның әрекеттерін тікелей басқаратын адамның психикалық қасиеттері мен күйлері. Психикалық қасиеттер: сезім, эмоция, ерік, темперамент, мінез және қабілет. Психикалық күйлер: адамнық түрлі көңіл-күйінің (шабыт, зерігу, үрейлену, ашулану, қуану) компоненттері.
Өз кезегінде, адамның психикалық процестерін, күйлері мен қасиеттерін, егер олар адамдардың өмір сүру жағдайларына, олардың табиғатпен және қоғаммен өзара әрекеттесуінің қалай ұйымдастырылғанына байланысты қарастырылмаса, толық түсіну мүмкін емес. Бұл дегеніміз, психология объектісі адамның іс-әрекеті мен қарым-қатынасын да қамтиды.
Адамның іс-әрекеті мен қарым-қатынасы әрқашан белгілі бір әлеуметтік нысандар мен ұйымдарда жүзеге асырылады. Сондықтан, мінез-құлықтың жеке психологиясынан басқа, психологиялық ғылымның объектісі әртүрлі адами бірлестіктердегі - үлкен және кіші топтардағы, ұжымдардағы адамдар арасындағы белсенділік пен қарым-қатынас болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет