1 дәріс: Психология пәні, салалары және даму тарихы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі


Түйсіктердің өзара әсері (Сенсибилизация)



бет42/85
Дата03.10.2023
өлшемі0,82 Mb.
#112868
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   85
Түйсіктердің өзара әсері (Сенсибилизация). Егер адаптация құбылысы талдағыштар сезгіштігінің түрлі жағдайларға орай бәсеңдеуінің кӛрсеткіші болса, ал сенсибилизация - сезгіштіктің тек артуын ғана кӛрсететін құбылыс. Сезім мүшелерінің біреуінің әсерінен басқаларының сезгіштігі артып отырады. Әлсіз тітіркендіргіштер ӛзімен бірге әсер етіп тұрған басқа тітіркендіргіштердің сезгіштігін арттырады. Сыныпта температуралық режим, таза ауа, тәртіп болуын қадағалай отырып, мұғалім осы шаралардың гигиеналық және педагогикалық жағын ғана емес, сол шаралардың оқушылардың сезіштік денгейіне қандай әсері болатынын да есінде сақтауы қажет.
Мысалы, кӛзге түскен жарық мӛлшері оның кӛру қабілетімен қатар, есту түйсігінің де сезімталдығын арттыруға себеп болады. Әдетте, қызыл түс адамның ақ, қара түстерді дұрыс ажыратуына кӛмектеседі. Ұшқыштардың түнгі ұшуға даярлану кезінде кӛздеріне 20-30 минут бойы қызыл кӛзілдірік киетіндері осыған байланысты. Психологиялық зерттеулердің кӛпшілігінде адамның таза ауада жиі демалуы, жеңіл-желпі дене қимылдарын жасауы, беті- қолын салқын сумен сүртінуі кӛру сезгіштігін арттыратындығы анықталған.
Сыртқы дүниенің заттары бір ғана анализатормен түйсінілмейді. Бір сезім мүшесіне түскен әсер қалған сезім мүшелеріне де әсер етеді. Түйсіктердің бір- бірімен байланысқа түсуі сыртқы дүниенің құбылыстарын толығырақ түйсінуге жағдай жасайды. Болар-болмас дәм түйсігі (қышқыл нәрсе) кӛру сезгіштігін арттырады, тұз ерітіндісін ішкеннен кейін таза судың ӛзі тәтті болып кӛрінеді. Осындай ӛзара байланыс кӛру, сипай сезу, қозғалыс түйсіктерінде де кӛп байқалады.
Түйсіктердің қарама-қарсылығы (контрастылығы). Контраст дегеніміз
  1. ілгері немесе қосарланған тітіркендіргіш әсеріне қарай түйсіктердің қарқыны, және сапасының ӛзгеруі. Екі тітіркендіргіштің бір мезгілді әрекетінен бір мезгілділік контраст пайда болады. Мұндай контраст кӛру түйсіктерінде жақсы байқалады.Бір кескіннің ӛзі қоңырқай түстің аясында ақшыл, ақшыл түстің аясында қоңырқай болып кӛрінеді.Жасыл зат қызғылт түстің аясында қоюлана


түскендей болады. Суықтан соң жай ғана жылы тітіркендіргіштің ӛзі ыстық сияқтанады. Қышқылды түйісіну тәттіге деген сезгіштікті арттырады.



Синестезия. Синестезия дегеніміз - пайда болған бір түйсіктің басқа түйсікті қоздыруы. Тітіркендіргіштер сезім мүшелерінің біреуінде ғана түйсік туғызудың орнына сол сәтте басқа түйсіктердің пайда болуына да жағдай жасайды. Мәселен, кейбір адамдар біреудің сӛзін естігенде, бұған қоса түрлі дәмдер мен түстерді де сезінуі мүмкін. Сондай адамдардың бірі қызғылт түстен
  1. жылылықты, екіншілері кӛгілдір жасыл түстен суықты сезінеді. Түйсіктердің осылайша қосарланып жүруін синестезия дейді. Есту, кӛру, сипап сезу, иіс, дәм түйсіктерінде кездесіп отыратын осы құбылыс ӛмірде онша жиі кездесе бермейді. Синестезия - түйсіктердің ӛзара байланысының шамадан тыс дамыған бір кӛрінісі.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет