1 дәріс: Психология пәні, салалары және даму тарихы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі



бет17/85
Дата03.10.2023
өлшемі0,82 Mb.
#112868
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   85
Байланысты:
1 дәріс Психология пәні, салалары және даму тарихы-emirsaba.org

Фрейдизм бағыты.

Психологиялық бұл бағыттың осылайша аталуы австриялық психиатор Зигмунд Фрейдтің (1856-1939) есімімен байланысты. Оның концепцияларының қалыптасуы XX ғасырдың басына жатады.


Зигмунд Фрейд Австрияның Фрайберг қаласыңда дүниеге келген. З.Фрейдтің «психоанализ» терминін алғаш енгізуін, оның ғылымға қосқан үлкен үлесі деп тануға болады. Оның «Түс жору» (1900ж.), «Күнделікті ӛмір психопотологиясы» (1904ж.), «Тапқырлық және оның бейсанаға қатынасы» (1904ж.), «Сексуалдылық теориясы бойынша үш очерк» (1905ж.) және т.б. еңбектері басылып шыққан.
"Психоанализ" терминінің үш мағынасы бар: 1)тұлға және психопатология теориясы; 2) тұлға кӛңілінің бұзылуының терапиялық әдісі; 3) индивидиумның саналы түрде сезілмейтін ойлары мен сезімдерін зерттеу әдісі.
Ұзақ мерзім психоанализдің дамуында 3.Фрейд тұлғалық ұйымдастырудың топографиялық моделін қолданды. Осы модель бойынша психикалық ӛмірдің үш деңгейін бӛлуге болады: сана, парықсыздық (подсознательность) және бейсаналық. Оның ғылымға қосқан ең үлкен үлесі - бейсаналық ұғымын енгізіп, ұғымсыз түрткілермен жұмыс істеу әдісін қолдануды үйретуі.
Сана деңгейі тура осы уақытта сезінетін түйсіктер мен әсерлерден тұрады. Ал парықсыздық деңгейі (кейде "қол жететін ес" деп аталады) тура осы сәтте сезілмейтін тәжірибелерді кӛрсетеді. З.Фрейдтің ойынша, бұл психиканың сезілетін және сезілмейтін аумағының арасындағы кӛпір болып табылады. Бейсаналықта тұлғаның негізгі детерминанттары болады, олар: психикалық қуат, ояту және инстинктер. Инстинктердің екі түрі бар: либидо немесе сексуалдық қанағаттануға ұмтылу және агрессиялы инстинкт, ӛлімге ұмтылу. 20-жылдардың басында 3.Фрейд ӛзінің концептуалды моделін қайта қарастырып, тұлға құрылымын негізгі үш компонентке бӛлді: ид, эго, жоғарғы эго.

"Ид" латынның "Ол" сӛзінен шығады. 3.Фрейд бойынша "Ол" тұлғаның қарапайым, инстинктивті және тума аспектілерін білдіреді. Ид бейсаналықта ӛмір сүреді және инстинктивті биологиялық оянулармен (тамақ, ұйқы, т.б.), яғни біздің жүріс-тұрысымызды қуатпен қамтамасыз ететін оянулармен тығыз байланысты. Фрейд бойынша, ид - ешқандай заң мен ережеге бағынбайтын нәрсе. Фрейд идті ағзаның соматикалық және психикалық процестері арасындағы нәрсе деп қарастырады. Ол ид адамды шаршаудан арылтатын екі механизмді кӛрсетеді: рефлекторлық әрекет және алғашқы процестер.

"Эго" (латын. "Эго" - "Мен") - шешім қабылдауға жауапты психикалық ақпараттың компоненті. Эго идтің тілектерін сыртқы әлемге байланысты
шектеу қоя отырып, қанағаттандыруға тырысты. Эгоның қызметі - ағзаның тұтастығы мен тепе-тендігін сақтау.


"Жоғарғы Эго" (латын. "super" - "жоғарғы" және "ego" - "мен"). Адам қоғамда ӛмір сүру үшін қоршаған ортаға сәйкес құндылықтар, нормалар және әдептер жүйесіне ие болуы керек. Мұның барлығы "әлеуметтену" процесі, яғни құрылымдық модельдің тілі бойынша "жоғарғы эгоның" қалыптасуы барысында жүзеге асады. Фрейд "жоғарғы эгоны" екі жүйеге бӛледі: ар-ұят және "эго-идеал". Ар-ұят ата-ананың жазалауының арқасында пайда болады, ал суперэгоның мадақтаушы аспектісі - бұл эго-идеал.
З.Фрейд инстинктің екі негізгі тобын мойындады: ӛмір және ӛлім инстинктері. Бірінші топ (Әрос) ӛмірге маңызды процестерді қолдау мақсатындағы күштерді қамтиды. 3.Фрейд ӛмір инстинктерінің индивидиумның физикалық құрылымына үлкен маңыздылығын мойындай отырып, тұлғаның дамуындағы сексуалды инстинктердің орнын айқындайды. Сексуалды инстинктердің қуаттарын либидо (лат. "қалау", "тілеу") деп атайды.
Екінші топ - ӛлім инстинктері, яғни танатос - қатігездік, агрессия, суицид және біреуді ӛлтірудің барлық кӛріністері. 3.Фрейд «ӛлім инстинктері - ӛмір инстинктері секілді адам мінез-құлқын реттеуші биологиялық түрде шартталған» деп есептейді.
Тұлғаның дамуы үшін 3.Фрейд психосексуалды деңгейлерді анықтаған, дамудың психоаналитикалық теориясы екі алғышартқа сүйенеді. Бірінші немесе генетикалық алғышарт бойынша, ерте балалық шақта болған уайымдар ересек тұлғаның қалыптасуында үлкен рол атқарады. З.Фрейдтің ойынша, индивидиум тұлғасының негізі ӛте ерте жаста, яғни бес жасқа дейін қалыптасады. Екінші алғышарт бойынша, адам сексуалды қуатпен (либидо) дүниеге келеді. Бұл қуаттар ӛзінің дамуында бірнеше психосексуалды деңгейден ӛтеді.
З.Фрейд ӛзінің ғылымдағы жолын физиологиялық институтта бастады, сондықтан ағзаға энергетикалық шама ретінде қарау оның санасына терең бойлады: ағза мінездің қозғалыс күшін ерекше энергия түрінде білдіреді. Зигмунд Фрейд невропатолог-дәрігер болды. Оның пациенттері психикалық нерв ауруларына шалдыққандар еді. Бірақ олардың нерв жүйесінің құрылысынан аурудың себебін түсіну мүмкін болмады, ол ӛз тәжірибесінде, анатомо-физиологиялық ұғымдар түсіндірмейтін айғақтарды жиі кездестірді. Зигмунд Фрейд алдында мынандай дилемма пайда болды: мотивация механизмдерін анатомо-физиологиялық схема тұрғысынан қарау керек пе, әлде белгілі бір психологиялық айғақтарға жүгіну керек пе?
З.Фрейд дәстүрлі психологияға қарсы шықты. Бұрынғы түсініктеме схемаларын ығыстырып, жаңаларын ұсынды. Ол ӛзінің емдеу тәжірибесінде ерікті ассоциациялар әдісін кең қолданды. Әрбір ассоциация қандай да бір себептің салдарынан басталады деп санады. Ассоциация арқылы ол ӛзінің пациенттерінің ойын білуге тырысты.
Психоанализдің негізгі дәрежесі болып мотив дәрежесі саналады. Психоанализ адамның мінез-құлқынын серіппелері мен қуат қоры туралы адамның ӛзі жайлы ұғымдарынан кӛбірек айтуға тырысты. Бірақ З.Фрейд
мотивацияны санаға қарсы қойды. 3.Фрейдтегі психикалық қуаттылық биологиялықты алмастырды және қоғамдық дамудың басты қозғаушы күшінің рӛлін атқарды. Ағза да, қоғам да пішінделетін материал түрінде қарастырылды.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет