1 дәріс: Психология пәні, салалары және даму тарихы



Pdf көрінісі
бет25/121
Дата07.01.2022
өлшемі1,05 Mb.
#19243
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   121
Байланысты:
Жалпы психология. Оқулық

 2.Гештальтпсихология
Эмпирикалық  психологиядан  кейін  ХХ  ғасырдың  басынан  психология 
ғылымында  бірнеше    механистік  қылық  психологиясымен  бірге  идеалистік 
буржуазиялық  ағымдар  пайда  болып,  дами  бастады.  Олардың  бірі  –гештальт 
психология ( гешьталь- немістің бейне, кӛрініс, форма деген сӛзі).   
 
Гештальт  психологиясы  алдымен  ӛзінің  тұтастық  туралы  идеясын 
қабылдау  жӛнінде  жасалған  тәжірибелерге  сүйеніп  дамытты,  онан  соң  бұл 
идеяны психофизикалық проблемеға, одан да әрі психологияның барлық басқа 
проблемаларына  таратты.  Оның  ӛкілдері:  М.Вертхеймер,  В.Келлер,  К.Коффка, 
Д.Катц, Е.Рубин және т.б. 
 
Ұзақ  уақыт  бойы  жас  экспериментальдық  психологияның  зерттеу 
объектісі  болып  -  түйсік  саналды.  Осы  уақытта  психикалық  ӛмірдің  бейнелік 
аспектісі  психологиялық  лабораторияларда  ашылмай,  керісінше,  жоғала 
бастады.  Оны  идеалистік  философия  үстем  етуші  кезде  қалыптасқан 
гештальтпсихологиясы жүзеге асыруға тырысты. 
Бұл  мектеп  кӛп    жағдайда  бихевиоризмге  және  бұрыннан  ӛмір  сүріп 
келген  психологиялық    бағыттарға  қарсы  шықты.  Гештальтпсихология 
бихевиоризмді      мінез-кұлықтың  оқшау      сегменттерін      зерттегені  үшін  
сынады. Гештальтпсихология  бойынша,  мінез-құлық тек рефлекстер шоғыры 
емес,  күрделірек  кұбылыс.  Ол  тұтас  нәрсе.  Сӛйтіп      психпкаға  тұтас  нәрсе 
ретінде  қарауды  гештальтистер  басқа    барлық бағыттардағы  атомизмге  қарсы 
қойды.  
Гештальтпсихологияны  жақтаушылар  қабылдау  саласында  да  кӛптеген 
зерттеулер  жүргізді.  Қабылдаудың  түйсіктен  сапалық  айырмашылығы  бар 
екенін және олардың жиынтығы емес екенін  кӛрсетті 
Гештальтпсихологтар 
ӛздерінің 
интеллект 
туралы 
теориясын 
бихевиоризм    теориясына  қарсы  қойды,  олар  интеллекті  стимул-реакция 
схемасы  бойынша  түсіндіру  соқыр  практикалық  соқыр  әрекетке  әкеліп 
ұрындырады  деп  санады.  Келер  интеллекті  зерттеу  объектісі  етіп  шимпанзені 
таңдап  алды.  Оларды  жабық  орындарда,  Торндайк  мысықтарының 
жағдайларына  ұқсас  күйде  ұстады.  Мәселен,  тордың  ішінде  таяқ,  сыртында 
банан жатты. Маймыл бананды бірнеше рет ұмтылып, ала алмағаннан кейін бос 
әурешелікті кояды, бір сәт ойланып  қалғандай болады, содан соң таяқты алып, 
соның кӛмегімен жемісті алып жейді.  
Келер жануарлар мәселені жағдайды сәтінде ӛзгерту арқылы шешеді деп 
санады.Соның нәтижесінде жағдай  элементттері басқа, жаңа ӛзара байланысқа 
түседі,  жаңа  мағынаға  ие  болады  (тақтайша  мақсатқа  жету  құралы  ретінде 
қызмет атқара бастайды). Бұл кұбылыс инсайт (инсайт - ұстау, түсіну, «ә, солай 
екен-ау»  деген  шешім)  деп  аталды  және  байқап  кӛру    қателесу  әдісіне  қарсы 
қойылды.  Келер,  «инсайттық»  мінез-құлықтың  кӛріп  қабылдаумен  тығыз 
байланыстылығын  және  кӛп  ретте  «жағдайды  оптикалық  түсінумен» 
анықталатындығын атап кӛрсетті.  


 
Гештальтпсихологиясының  құлдырауының  себебі  мынада:  ол  ӛзінің 
теоретикалық  тұжырымдамаларында  бейне  мен  әрекетті  бӛліп  қарастырды. 
Гештальтистер бейнені ӛз заңдылықтарына бағынатын  ерекше мағына ретінде 
кӛрсетті.  Оның  шынайы  зат  әрекетімен  байланысы  жұмбақ  болып  қалды.  Осы 
екі  маңызды  дәрежелерді  біріктіре  алмай,  психикалық  талдаудың  біртұтас 
схемасын жасай алмағандықтан гештальтпсихологиясының мектебі құлдырады.  
    


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет