1 дәріс: Психология пәні, салалары және даму тарихы



Pdf көрінісі
бет47/121
Дата07.01.2022
өлшемі1,05 Mb.
#19243
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   121
Байланысты:
Жалпы психология. Оқулық

 2. Зейіннің түрлері. 
 Зейін  ырықты,  ырықсыз  және  үйреншікті  болып  үшке  бӛлінеді. 
Ырықсыз  зейін.  Сыртқы  дүниенің  кез  келген  объектілері  кейде  ырықсыз-ақ 
біздің  назарымызды  ӛзіне  тартады.  Күшті,  ерекше,  қатты,  күтпеген 
тітіркеңдіргіш  ырықсыз  зейін    тудырады.    Күтпеген  жерден  шыққан  айғай, 
ашық терезеден ұшып кірген кӛбелек, қарсы бӛлмедегі күлкі, кіріп келген адам 
-  мұндай  тітіркендіргіштердің  бәрі  балаларда  қозудьң  басты  ошағының  орнын 
ӛктем  түрде  алып,  қалған  әсерлердің  бәрін  ығыстырады  да,  олар  бағынышты  
жағдайға  түсіп  қалады.  Міне,  1  сыныптың  оқушылары  математикалық 
мысалдарды  шығаруда  еңбектеніп  отыр  дейік,  кенеттен  дәлізде  еденнің  қатты 
дүрсілдеп, біреудің жүгіріп, қарқылдап күлгені естілді. Оқушылардың зейіні тез 
арада  жұмыстан  ауытқып,  кӛңіл  қоюлары  бұзылды.  Балалар  мұғалімнің  не 
айтып  тұрғанын  тіпті  естімейді  де.  Оның  ӛздері  оқушылардың  санасына 
жетпейді,  қозу  туғызбайды  да,  қабылданбайды.  Мұғалім  сабақ  үстінде  дауыс 
және сӛз екпінін ӛзгерте отырып оқушыларды ырықсыз зейін тудыра алады.  
Тітіркендіргіштің  күші,  жаңалығы,  ырықсыз  зейін  тудырады.  Мәселен, 
жаңа маркалы автокӛлік, не қабырға газетінің  жаңа нӛмірін  кӛріп қалсақ, оған 
еріксіз  назар  саламыз.  Зейіннің  осындай  қасиеттерін  ескеріп,  сабақта  түрлі 
кернекті  құралдарды  пайдалану  жемісті  нәтижелер  бермек.  Әсер  етіп  тұрған 
тітіркендіргіштің басталуы мен аяқталуы - ырықсыз зейінді тудырудың қайнар 
кӛзі. 
Адамның  таным  әрекетінде  кӛңіл-күйге  қатты  әсер  ететін  нәрселер  де 
ырықсыз  зейін  тудырады.  Мысалы,  бояуы  қанық  заттар,  құлаққа  жағымды 
әуенді  дыбыстар,  хош  иісті  ӛсімдіктер  мен  нәрселер.  Адамды  таңдандырып, 
сүйсіндіретін  нәрселер  де  зейінді  ӛзіне  еріксіз  аударады.  Кӛркемӛнер 
туындыларының  адам  сезіміне  күшті  ықпал  етуі  де  ырықсыз  зейін  тудырып, 


 
танымдық  процестер  мен  ойлау  әрекетін  күшейте  түседі.  Ырықсыз  зейіннің 
тұрақты  болуы  адамның  ықылас-ынтасы  мен  қызығуының  артуына 
байланысты. 
Мәселен,  кӛшемен  кетіп  бара  жатқан  адамның  бояулы  афишаға  кӛзі 
түссе,  оған  мойнын  бұрады  не  полицияның  ысқырығына  жалт  қарайды  т.  б. 
Адам ӛмірінде ырықсыз зейін елеулі орын алады. Зейіннің бұл түрі әсіресе жас 
балаларда  жиі  кездеседі.  Ӛйткені  балалық  дәуірде  адамның  күрделі  іс-
әрекеттері  (оқу,  еңбек  т.б.)  белгілі  жүйеге  келе  қоймайды  да,  осының 
нәтижесінде  оның  психикасы  ӛте  нәзік,  түрлі  сыртқы  әсерге  берілгіш  келеді. 
Әрине,  бұдан  бала  есейген  соң,  оның  ырықсыз  зейіні  маңызын  жояды  деген 
қорытынды  тумау  қажет.  Адам  ӛмірінің  барлық  кезеңдерінде  ырықсыз  зейін 
тиісінше орын алып отырады.  
Қызығу - ырықсыз зейінді туғызады.  Ӛйткені қызықты іске кӛңіліміз тез 
ауады.  Мәселен,  қызықты  кітап  оқуға  ырықсыз  зейін жеткілікті.  Ал  қызықсыз 
кітапты оқу- ырықты зейінді керек етеді. Ырықты зейінде де қызығу орын алуы 
тиіс.  Бірақ  ырықты  зейін  де  жанама,  дәнекерлі  қызығуды  керек  етеді.  Мұнда 
адам ӛз ісінен шығатын нәтижеге қызығады, оны орындау үшін күш жұмсайды, 
ӛйтпесе  іс  ӛнбейді,    күткен      нәтижеге      қол      жеткізе    алмайды.Ырықсыз 
зейіннің кӛрінуіне тӛмендегі жағдайлар себеп болады: 
         а)  күшті  тітіркендіргіштер  (кӛзді  аштырмайтын  жарық,  қанық  бояулы 
заттар,  қатты  дауыс,  мұрын  жаратын  иіс  т.  б.),  заттар  мен  құбылыстардың 
жаңалығы  мен  қозғалысы  (мәселен,  адамның  үстіндегі  киімінің  ӛзгеруі, 
дыбыстың, жарықтың артуы не кемуі т.б.); 
         ә)адамның  сыртқы  дүниедегі  объектілерге  қатынас  жасауының  дәрежесі 
(қызығу, қажетсіну, кӛңіл күйінің хош болуы) ырықсыз зейіннің тууына жақсы 
әсер етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет