Зейінсіз айналадағы нәрсені қабылдау, түйсіну мүмкін емес. Ӛйткені
адам ӛз ӛмірінің әрбір кезеңдерінде бір нәрсені қабылдайды не есіне түсіреді,
бірер нәрсені қиялдайды, бір нәрсе жӛнінде ойлайды. Ал зейін болса, ӛз алдына
бұлардан дербес кездеспейтін, қайта солармен бірлесіп келетін психикалық
әрекеттің айрықша бір жағы, санадағы ерекше сипаты болып табылады.
Психикалық құбылыстар зейінге түрліше әсер етеді. Сезім зейінді күшейте
түсуге не оны бӛліп жіберуге себепші болады. Мәселен, бір объект жағымды
сезім туғызып зейінді күшейтеді де, ал кӛрші кластан естілген ән-күй сабақ
тыңдап отырған баланың зейінін тӛмендетеді. Ерік, ой, қиял процестері де
зейінге түрліше әсер етіп отырады.
Зейіннің физиологиялық механизмі ӛте күрделі. Оның негізі - нерв
жүйесінің әр түрлі деңгейде тұрған сезгіштік қызметі. Сезгіш дегеніміз - ми
қабығының тӛменгі қатарында орналасқан ретикулярлық формациялар деп
аталатын анатомиялық және функционалдық ерекшелік. Ретикулярлық
формацияның ӛрлеуші, тӛмендеуші дейтін екі түрі бар. Ол бір импульстерді
сиретіп тежеп, екіншілерін күшейтіп, ми қабығына талғап жеткізіп отырады.
Осының нәтижесінде сананың айқындығы реттеледі. Ми алаптары жұмысының
реттеліп (қозьп, тежеліп) тұруы нәтижесінде әр қилы психикалық әрекет жүзеге
асады.
Әр түрлі импульстер жоғарыдан (ми қабығынан) тӛменгі ми алаптарына
(ми бағанасы т.б.) келіп, оларды ӛзіне бағындырады. Бұл - тӛмендеуші
ретикулярлық формация деп аталады. 1958-1960 жж. АҚШ ғалымы Г.Мэгун,
Италия ғалымы Моруций импульстардың тӛменнен жоғары ми алаптарына
жетіп, олардың жұмысына әсерін тигізе алатынын дәлелдеді. Мұны - ӛрлеуші
ретикулярлық формация дейді.
Зейіннің физиологиялық негіздерін И.П.Павлов ашқан нерв процестерінің
Достарыңызбен бөлісу: