атаймыз (темекі исі, газ исі, шӛп исі т.б.). Иіс түйсіктері адамның тұрмыс
салтына, қызмет бабына қарай да ерекше дамып отырады.
Адамның иіс түйсіктерінің қоршаған ортаны бағдарлаумен байланысы аз.
Иістің бұл қызметін кӛру мен есту билеп тӛстейді. Иіс түйсігінің
дамымағандығы мен тұрақсыздығына тілімізде оларды атайтын арнайы
сӛздердің жоқтығы да дәлел, түйсіктер ӛзін тудыратын заттардың
абстрактыланбағандықтан «шӛп иісі», «шіріген алма иісі», «гүлдің иісі» деп
айтылады.
Иіс сезгіштігі дәм білумен тығыз байланысты, тағамның сапасын
ажыратуға жәрдемдеседі. Иіс организм үшін қауіпті ауасы бар ортадан
сақтандырады, кейбір жағдайларда заттардың химиялық құрамын анықтауға
кӛмектеседі.
Иісті жақсы сезу соқыр, мылқау, керең адамдарда ерекше жетілген.
Мәселен, олар бӛтен адамдарды, түрлі нәрселерді алыстан-ақ исінен «таниды».
үйге кірген адамдарды да, білетін кӛшесін де, тұрған үйін де олар иісіне қарап
оп-оңай айыра алады. Түрлі иістердің табиғатын зерттейтін ғылым саласы
Достарыңызбен бөлісу: