деген болады. Тұлғалар іскерлігі мен дағдылануына қарай ӛз психикасын әр түрлі
деңгейде байқай алады.
Ӛзін-ӛзі бақылау және ӛзін-ӛзі тәрбиелеу.
Ӛзін-ӛзі тану - адамға ӛз басын
жетілдіру үшін, сондай-ақ ӛмір және еңбек жоспарларына сәйкес ӛз ісәрекетін жолға
қойып отыру үшін қажет. Адам ӛз күшін біле отырып, оны еңбекте барынша тиімді
пайдалануға ұмтылады. Бұл үшін ол ӛзінің қимылы мен әрекетін, қылығы мен мінез-
құлқын бақылап және талдап отырады. Адам ӛзін-ӛзі бақылау арқылы іс-әрекетіндегі
қателіктерін байқайды, еңбегін дұрыс ұйымдастыра алады. Ӛзін-ӛзі бақылау жедел
сипатта болады және сол сәтте ӛтіп жатқан әрекетті ұйымдастыруға мүмкіндік
береді. Демек, ол ӛз бойыңдағы жақсы мен жаманды аңғаруға, сол арқылы болашақ
ӛмір жолыңды құруына кӛмектеседі. Егер ешқандай күш салу іс-әрекетті жақсарта
алмаса, онда адам ӛз бойында белгілі бір қажетті қасиетті дамытудың немесе
қалыптастырудың ұзақ мерзімді жоспарын жасайды.
Ӛзін-ӛзі тәрбиелеу адам дамуының жаңа мүмкіндіктеріне жол ашады. Ӛзін
жетілдірумен айналыса бастаған адам тәрбиелеудің объектісі ғана емес, сонымен
бірге субъектісіне де айналады, яғни оны тек қоғам тәрбиелеп қана қоймайды, ол ӛзі
күш жұмсап та тәрбиеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: