2. Сөйлеудің түрлері.
Психологияда сӛйлеуді
сыртқы
және
ішкі
деп екі формаға бӛледі. Сыртқы
сӛйлеудің ӛзі
ауызша
және
жазбаша
сӛйлеу болып бӛлінеді.Ауызша сӛйлеудің ӛзі
диалог
және
монолог
болып бӛлінеді.
Диалогты сӛйлеу.
Диалог дегеніміз - екі немесе бірнеше адамның тікелей
қарым-қатынас жасауы. Диалог сӛйлесу немесе сӛз жарыстыру формасында етеді.
Диалогты сӛйлеу сӛйлесудің неғұрлым қарапайым түрі. Біріншіден, диалог -
қуатталып отыратын сӛйлеу. Тыңдаушы әңгіме үстінде бір нәрсені анықтамақ болып
сұрақ қояды, жанындағы адамның ойын қорытуы, ӛз тарапынан сӛз қыстыруы да
мүмкін. Бұл жағдай сӛйлеушінің ӛз ойын түгел айтып беруіне, сӛз болып отырған
затқа қатынасын білдіруіне және тыңдаушыға сӛзін түсіндіре алуына кӛмектеседі.
Екіншіден, диалог сӛйлеушілердің әлденеге тебірене-толқи сӛйлеп, бір-бірін
еліктіріп әкетуі жағдайында етеді. Сӛйлеушілер қолды сермей сӛйлеу, ымдау,
мимика, дауысты құбылту арқылы бір-біріне әсер етеді, кӛбінесе талқылап отырған
затты бірлесе бақылайды.
Монологты сӛйлеу.
Монологты сӛйлеу дегеніміз - бір адамның ӛз ойын,
білімін ұзақ уақыт жүйелей, сабақтай баяндауы. Ол баяндама, әңгіме, лекция, сез
сӛйлеу формасында керінеді. Монологты сӛйлеу диалогты сӛйлеу негізінде дамыды.
Диалогты сӛйлеуде бір сӛйлеуші хабарлап отырған материалдың кӛлемінің ұлғаюы
біртіндеп жаңа сапаға жеткізеді, яғни монологты сӛйлеуді туғызады.
Монологты сӛйлеу де қарым-қатынас жағдайында дамиды, бірақ мұнда қарым-
катынас сипаты басқаша. Атап айтқанда монолог үзілмейді, сондықтан сӛйлеушінің
қимыл-қозғалысы, ым-мимикасы мейлінше әсер ететін болады. Тыңдаушылардың
әлпетіне карап ол сӛзінің оларға қаншалықты түсінікті және әсерлі екенін ғана
байқайды. Сейтіп монологты сӛйлеу аудиториямен тығыз қатынаста етеді деу керек.
Монологты сӛйлеуде диалогты сӛйлеуге қарағанда сӛздің мағыналық жағы
анағұрлым елеулі түрде ӛзгеріске ұшырайды. Монологты сӛйлеу - байланысты,
тұжырымды болып келеді. Монолог логикалық ойға койылатын дәйектілік,
дәлелділік сияқты талаптарға бағынады. Бұл ойдың байланыстылығын қамтамасыз
ететін бірінші шарт болып табылады. Бірінші шартпен тығыз байланысты екінші
шарт – сӛйлемдерді грамматикалық жағынан мүлтіксіз жатық құру.
Диалогты сӛйлеуде аяқталмаған ой, екі ұшты қолданылған сӛздер онша
аңғарылмайды. Ӛзара қарым-қатынас жағдайы бұл кемшіліктерді жуып-шайып
жібереді. Ал монолог ой жүйесінің дұрыс құрылмауын кӛтермейді. Монологтың
мағыналық жағы оның тыңдаушысын баурап алатын тартымдылығымен ұштасуы
қажет. Тартымдылық дауыстың әсерлі болуынан туындайды. Монолог артық қимыл-
қозғалыстың болмауын қалайды.
Монологтық сӛйлеу дегеніміз бір адамның сӛзі, яғни баяндамашының,
лектордың создері. Монолог сезге тән кейбір психологиялық ерекшеліктері
тӛмендегідей:
1.
Монолог сӛз үнемі белгілі жоспарға сәйкес құрылады, бұл алдын ала
даярлықты тілейді;
2.
Монолог сӛздерге логикалық жағынан қатаң талаптар қойылады
(мәселен, баяндамашы мен лектор сӛзінің мағыналылығы мен түсініктілігіне ерекше
кӛңіл бӛледі);
3.
Монолог сӛз мәнерлі, адамға әсер ететін сәттерді (сӛзді сазына келтіріп
айту) кӛбірек қажет етеді.
Білімнің дамуы, жалпы әлем туралы ғылыми деректерді басқаларға жеткізу
қажеттігі монологтың ерекше формасы - лекцияны ӛмірге келтірді. Лекцияның
әңгімеден айырмашылығы, мұнда құбылыстар жай ғана суреттеле баяндалып қана
поймай, сонымен бірге себеп-салдарлық байланысты іздестіру, белгілі бір ғылыми
қағидаларды дәлелдеу жүзеге асырылады.
Баяндама жасау және сӛз сӛйлеу монологты сӛйлеудің формалары болып
табылады. Баяндама дегеніміз – құжаттарға негізделген, белгілі бір мәселе
тӛңірегіндегі сарапталған ауызша хабар. Мысалы, оқу жылының қорытындысы
туралы мектеп директорының баяндамасы, жүргізілген ғылыми эксперименттің
нәтижелері туралы баяндама.
Жазбаша сӛз сӛйлеу.
Жазбаша сӛз сӛйлеу ауызша сӛз сӛйлеуден кейін пайда
болды. Жазбаша сӛйлеу арнаулы әдістер арқылы меңгерілетін сӛйлеудің түрі.
Адамзат мәдениеті дамуының алғашқы кездерінің ӛзінде-ақ адамдар белгілі бір
оқиғалар туралы деректерді ұзақ мерзімге сақтау қажеттігін сезіне бастаған.
Жазбаша сӛз сӛйлеудің алғашқы қадамы - болған оқиғаны сурет арқылы беру
амалынан басталады.
Жазбаша сӛйлеу адам баласы хат танырлықтай дәрежеге жеткенде, ауызша
сӛйлеудің біршама дамыған кезінде ғана пайда бола бастайды.
Жазбаша сӛйлеудің кейбір ерекшеліктері:
1)
Жазатын адамның қасында сӛйлесетін адам болмағандықтан, мұнда
ешбір ым-ишара қолданылмайды.
2)
Жазбаша сӛйлеудің логикалық жағына аса қатаң талап қойылады.
Мәселен, белгілі тақырыпқа шығарма жазған кезде адам осындай талаптарды
орындауға тырысады, кӛп ойланып, толғанады.
3)
Жазуда грамматиканың ережелері де қатты ескеріледі.
4)Жазу кезінде адам қатты зейін қойып, әр сӛзін ойлап құрастырады,
мағыналы сӛз іздейді. Бұл үлкен ой жұмысын қажет етеді. Мәселен, адам ӛзінің
туысқандарына, таныстарына хат арқылы ойын білдіргенде осы жағдай байқалады.
Іштей сӛйлеу.
Осы сӛздің мағынасынан-ақ кӛрінетіндей, іштей сӛйлеу басқа
адамдармен қарым-қатынас жасауға арналмайды. Іштей сӛйлеу деп тілдік
материалдар негізінде дауыстамай-ақ сӛйлей алушылықты айтады. Әр ұлттың ӛкілі
қандай бір нәрсе туралы ойласа да, алдымен ӛз тілінде ойлайды. Осындай кезде адам
ішкі сӛйлеуді пайдаланады. Іштей сӛйлеу - адамның ӛзімен-ӛзі сӛйлесуі. Ол
алғашқыда «ар үні» деп аталып, түсіндірілді. Іштей сӛйлеуде ой ағымы болады,
әлдебір шешім туып, әрекет жоспарланады.
Іштей сӛйлеудің негізгі белгісі - оның дауыстап айтылмауында, оны
айналадағылар естімейді. Іштей сӛйлеу ішкі күбірлеуден және іштей сӛйлеуден
тұрады. Іштей сӛйлеу сыртқы сӛйлеудің негізінде қалыптасады. Сыртқы сӛйлеуді
ішкі сӛйлеуге айналдыру –
интериоризация
деп аталынады. Мұндай ауыстыру
балаларда шамамен үш жаста байқалады, яғни балалар ӛз-ӛзімен сӛйлесе бастайды.
Бұл сӛйлеу бірте-бірте азая келіп, іштей сӛйлеу формасына айналады.
Іштей сӛйлеудің сыртқы сӛйлеуге алмасуы
экстериоризация
деп аталады.
Адам іштей ойын ойлап, сыртқа шығарады.
Достарыңызбен бөлісу: |