1 дәріс: Психология пәні, салалары және даму тарихы


Сана туралы ұғым.Сананың негізгі қасиеттері



бет16/113
Дата06.01.2022
өлшемі248,7 Kb.
#16187
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   113
Байланысты:
Психология китап

Сана туралы ұғым.Сананың негізгі қасиеттері.


Психика жануарларға да, адамдарға да бірдей тән әрекет болғанымен олардың психикалық әрекеттерінің арасында жалғыз сан жағынан да ғана емес, сапа жағынан да кӛп айырмашылықтар да бар. Адамның психикасының айрықша ӛзгешелігі адамда сананың болуымен байланысты. Жануарларда сана жоқ, олардың ӛздерінің биологиялық мұқтаждықтарымен байланысты соқыр сезім әрекеттері және туысынан кейін тіршілік ету үшін күресінде пайда болатын санасыз дағдылану әрекеттері ғана бар.

Сана психиканың дамуында ең жоғары сатыға шыққан, сапа жағынан айрықша ӛзгешеліктері бар, адамға ғана тән нәрсе. Сана деп – еңбек арқылы пайда болып, адамның жаратылысқа және басқа адамдарға мақсатты түрде бет алып қатысуында орын алатын психикалық әрекетті айтамыз. Адамның санасы тек қана тұрмыстың нәтижесі болып қоймай, сол тұрмыстың ӛзін қайта құрып ӛзгерте алады. Адам белгілі, нақты тарихи қоғамдық жағдайларда ӛмір сүріп, тіршілік ететіндіктен, оның санасы қоғамның тұрмысының ықпалын да болып, сол тұрмысты сәулелендіріп отырады. Сондықтан таптық қоғамда адамдардың санасы таптық сана болады. Қоғамдық эксперименттің ӛзгеруімен бірге адамның санасы да ӛзгеріп отырады.



Сананың негізгі қасиеттері. Сана психика дамуының жоғары сатысы ретінде, ең алдымен, жалпыны және болмыстағы елеуліні тану қабілеті сияқты қасиетімен ерекшеленеді. Жалпыны білу адамның болмыста мейлінше дұрыс бағдар ұстауын қамтамасыз етеді, істі біліп әрекет жасауына, ӛзін дұрыс алып жүруге мүмкіндік береді. Жалпыны біле отырып адам әрбір жеке міндетті практикалық тұрғыдан шеше алады. Заңдылықтарды біле отырып, белгілі бір оқиғаның болатынын алдын ала болжай да аласыз. Жалпы мен елеулі жайындағы білімдерді жинақтау ғылымды И.П.Павловтың сӛзімен айтқанда, "болмысты және ӛз басымызды дұрыс алып жүруге жоғары бағдарлылықты" қалыптастырады. Ғылым, ӛнер, мәдениет (сӛздің кең мағынасында) қоғамдық сананы құрайды.

Тұлғаның санасы мен қоғамдық сана диалектикалық бірлікте болады. Тұлға санасы оның болмысын ғана бейнелеп қоймайды, сонымен қатар адамзат жинақтаған білімді меңгеру нәтижесі де болып табылады. Екінші жағынан, қоғамдық сана тұлғалар мен бұқара кӛпшіліктің шығармашылық іс-әрекетінің нәтижесінде қалыптасады.

Сана объективтік болмыс жайында қорытылған білімнен ғана емес, сондай-ақ сол болмысқа белгілі түрдегі қатынастардан да кӛрініп отырады. Демек, адам ӛзін табиғаттан бӛліп алады, белгілі автономия танытады, белгілі дәрежеде бағалай отырып, оқиғаларға байқастап жанасады. Адам қатынастарды интеллектуалды (бағалау арқылы) және эмоционалды (сүю, ұнату, ӛшпенділік, жек кӛру, жирену түрінде кӛрінеді) сипатта болуы мүмкін. Кӛп жағдайларда саналы қатынастар интеллектуалды-эмоционалды сипатта, екеуі аралас келеді. Сана адамның шығармашылық қабілеттілігінен кӛрінеді. "Адамның санасы объективті дүниені бейнелеп қана қоймайды, сонымен қатар оны жасайды".

Хайуан еш нәрсені де орната алмайды. Егер ол ӛзі мекендеген жердің жағдайын ӛзгертсе оны саналы түрде түсініп істемейді, оның тіршілік етуі соған жеткізеді. Адам дүниені саналы түрде ӛзгертуге талаптанады, оны ӛз қажетіне бейімдегісі келеді, тіпті ол табиғаттың жеке элементттерінен табиғатта кездеспейтін жаңа заттар жасайды. Шығармашылық адамның бүкіл Жерді мекендеуіне және ғарышқа да жол табуына мүмкіндік береді.

Сананың аса маңызды қасиеті оның есеп беруі болып табылады. Адам ӛзінің ниеті мен күйзелісі, ойы мен түйсігі туралы ӛзіне-ӛзі есеп береді, демек, сана тек қана сыртқы білімді емес, ӛзін білуді де қамтамасыз етеді, яғни сана ӛзіндік сана-сезім түрінде де кӛрініс табады. Адам есеп беруінің арқасында ӛз күшін реттей алады, ӛзін түзетіп және дамытып отырады.

Білім негізінде тұлғаның. іс-әрекетіндегі және мінез-құлқындағы саналылық мӛлшерін анықтауға болады. Тұлға мінезі мен іс-әрекетінде білімге сүйенеді, ол ӛткендегіні ескеріп және болашақты болжай отырып, неғұрлым тиімді тәсілді таңдап алады. Бұл ретте адам ӛзін-ӛзі бақылайды және ӛз күшін жоспарына қарай реттеп отырады.

Адамның жануарлардан айырмашылығы - ол ӛзін танитын және білетін, ӛзін түзетіп және жетілдіріп отыруға қабілетті тіршілік иесі. Ӛзіндік сана-сезім


  • сананың ӛзіңді білу мен ӛзіңе қатынастың бірлігі ретінде кӛрінетін бір түрі. Ӛзіндік сана-сезім сыртқы ортаны және ӛзіңді ӛзің танудың бейнелеуінен біртіндеп қалыптасады.

Басқаларды тану арқылы ӛзіңді тану. Жас бала бастапқыда ӛзін қоршаған ортадан бӛліп қарамайды. Ол ойыншықты қозғап та, аяғын қимылдатып та - бірінен-бірін айырмай ойнай береді. Бірте-бірте ол ӛзін, ӛзінің мүшелері мен тұтас денесін қоршаған заттардан бӛле қарап, ажырата бастайды. Бұл физикалық саралау процесі сыртқы дүние мен ӛзін танудың нәтижесінде және алғашқы кезде проприоцептивтік деңгейінде (ӛз мүшелерінің қалыпты жайы мен қимыл қозғалысын сӛзіну) ӛтеді. "Баланың ӛзін-ӛзі аңғаруынан кейін, есейген соң ӛз санасының актілеріне сын кӛзбен қарауға, яғни ӛзінің бүкіл ішкі дүниесін сырттан келіп қосылатын барша құбылыстардан бӛліп қарауға, оны талдауға және сыртқымен салыстыруға, бір сӛзбен айтқанда, ӛз санасының

актін зерттеуге мүмкіндік беретін ӛзіндік сана-сезім туады" - деп, И.М.Сеченев дәріптеген. Күрделі психикалық құбылыстарды, әсіресе ӛз басының қасиеттерін танып білу - іс-әрекет және қарым-қатынас процестерінде ӛтеді. Қарым- қатынас процесінде адамдар бірін-бірі біліп, біріне-бірі баға береді. Ӛзгенің осындай бағалауы әр адамның ӛзін-ӛзі бағалауынан кӛрініс танытатын болады.

Адамның ӛзін-ӛзі тануда, оны басқаның бағалауы мен ұжымдық бағаның маңызы ерекше. Егер бір адамның іс-әрекеті мен мінез-құлқын сыңар жақты бағалау тұрақты сипат алса, онда сол адам ӛзінің қабілеті немесе мінезі жайындағы осы сыңар жақ бағаны малданып алады да соған мойын ұсынады.

Ӛзін-ӛзі тану ӛзіндік сана-сезімнің қалыптасуында маңызды рӛл атқарады. Ӛзін-ӛзі тану - адамның ӛз психологиялық және физикалық ерекшеліктерін зерттеп білуі. Адам ӛзін тікелей де, жанама түрде де танып біледі.



Ӛз іс-әрекеті мен мінез-құлқын талдау арқылы адамның ӛзін-ӛзі тани алуы. Ӛзін жанама тану ӛз іс-әрекетінің нәтижелерін талдау жолымен жүзеге асырылады. Белгілі бір саладағы жетістіктерін талдай және бағалай отырып, жұмысқа жұмсалған уақыт пен күшті есептей отырып, ӛз қабілеттерінің деңгейін анықтауға болады. Қоғамдағы ӛз мінез-құлқын бағалау арқылы адам ӛз басының адамгершілік және психологиялық ерекшеліктерін танып біледі. Жанама танымда ӛзін-ӛзі зерттеп жүрген тұлғаға айналасындағылардың ӛзі жайындағы кӛзқарасын талдаудың да маңызы зор. Жақын адамдардың, қызметтес жолдастардың объективті бағасы ӛзіңді тереңірек танып білуіңе кӛмектеседі.

Ӛз басының қасиеттеріне берген ӛз бағасы мен басқа жұрттың бағасын салыстыру да маңызды. Ол ӛз танымының ӛзгелердің ойымен бірдей шығу- шықпауын, ӛзін-ӛзі не артық, не кем бағалап жүргенін айқындауға мүмкіндік береді.

Бұдан шығатын қорытынды, басқа адамдармен неғұрлым кең қарым- қатынаста болу ӛз басыңның жағымды және жағымсыз жақтарын жан-жақты салыстыруға, танып білуге комектеседі екен.

Ӛзін-ӛзі байқау арқылы ӛзін-ӛзі тану. Тікелей ӛзін-ӛзі тану, ӛзін-ӛзі байқау формасында кӛрінеді. Қабылдау, елестету, ойлау процестерінде адам белгілі бір сәтке зейінін психикалық іс-әрекет объектісінен жеке басының жағдайына аударады және оны бағалайды. Ӛзін-ӛзі бақылау осыған негізделген. Адамның ӛзін-ӛзі байқауы үшін байсалды, қалыпты жағдай неғұрлым қолайлы болады. Психикалық іс-әрекеттің сылбырлығы немесе оның шамадан тыс шиыршық атуы ӛзін-ӛзі тану мен ӛзін-ӛзі байқаудың мүмкіндігін кемітеді. Жүрек алып-ұшып, тым ӛрепкіген сәтте, бір нәрсемен құштарлана әуестену немесе бір нәрсені шоғырландыра кӛру кезінде ӛзін-ӛзі бақылау мүмкіндігі тарыла түседі. Мұндай жағдайда адамның ӛзінің кӛңіл-күйі туралы ӛзіне-ӛзі есеп беруі толыққанды болмайды. Сондықтан ӛзін-ӛзі байқау неғұрлым толық және әрі айқын болуына жеткізетін шекара табалдырықтар деген болады. Тұлғалар іскерлігі мен дағдылануына қарай ӛз психикасын әр түрлі деңгейде байқай алады.

Ӛзін-ӛзі бақылау және ӛзін-ӛзі тәрбиелеу. Ӛзін-ӛзі тану - адамға ӛз басын жетілдіру үшін, сондай-ақ ӛмір және еңбек жоспарларына сәйкес ӛз іс-

әрекетін жолға қойып отыру үшін қажет. Адам ӛз күшін біле отырып, оны еңбекте барынша тиімді пайдалануға ұмтылады. Бұл үшін ол ӛзінің қимылы мен әрекетін, қылығы мен мінез-құлқын бақылап және талдап отырады. Адам ӛзін-ӛзі бақылау арқылы іс-әрекетіндегі қателіктерін байқайды, еңбегін дұрыс ұйымдастыра алады. Ӛзін-ӛзі бақылау жедел сипатта болады және сол сәтте ӛтіп жатқан әрекетті ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Демек, ол ӛз бойыңдағы жақсы мен жаманды аңғаруға, сол арқылы болашақ ӛмір жолыңды құруына кӛмектеседі. Егер ешқандай күш салу іс-әрекетті жақсарта алмаса, онда адам ӛз бойында белгілі бір қажетті қасиетті дамытудың немесе қалыптастырудың ұзақ мерзімді жоспарын жасайды.

Ӛзін-ӛзі тәрбиелеу адам дамуының жаңа мүмкіндіктеріне жол ашады. Ӛзін жетілдірумен айналыса бастаған адам тәрбиелеудің объектісі ғана емес, сонымен бірге субъектісіне де айналады, яғни оны тек қоғам тәрбиелеп қана қоймайды, ол ӛзі күш жұмсап та тәрбиеленеді.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет