6. Баланың қабылдауын тәрбиелеу.
Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдауы олардың қимыл - әрекетіне байланысты және эмоциялық бояуларға байланысты келеді. Олар заттарды үстіртін қабылдайды. Мысалы: 4 – 5 жастағы бӛбек кеңістік пен уақытты, алыс пен жақынды нашар ажыратады. 2 – 3 жастағылардың кейбіреулері аспандағы ай мен күнді әпер деп ата – анасына маза бермейтіні мәлім. Олар күн мен түнді, жылдың тӛрт маусымын, «бүгін мен ертеңді, кешегі мен бірсүгінді» шатастырып отырады.
Ал, бастауыш сынып балалары тұтас затты жӛнді қабылдай алмайды. Мысалы: оқушы шәйнектің суретін салғанда, шүмегі мен тұтқасын шамадан тыс үлкейтіп жіберді, ал үйдің суретін салғанда, есік – терезелері еденнен тӛбеге дейінгі жерді алып жатты.
Баланың сабақты қабылдауын дамытуға мән бере отырып, әрбір мұғалім мына шарттарды орындауы тиіс:
Кӛрнекі құралдарды пайдаланғанда, баланың жас ерекшеліктерін мұқият ескеру, оқушының байқағыштығын тәрбиелеу.
Мектепте балалар әр түрлі пәндер география, тарих, жаратылыстану пәндерін оқумен байланысты олардың уақыттары қабылдауы дами түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |