Сӛз сӛйлеу стилдері: күнделікті тұрмыстық, кӛркемдік, іскерлік, ғылыми түрде болады. Аталған стильдер сӛздердің мағынасынан ап-айқын кӛрініп тұрады.
Күнделікті-тұрмыстық стиль тұрмыстық қарым-қатынас тақырыбына байланысты. Ауызекі сӛзде бұл стиль әңгімелесу арқылы, ал жазбаша сӛзде жақын адамдардың бір-біріне жазған хаттарынан аңғарылады.
Кӛркемдік стиль проза мен поэзияның түрлі формалары арқылы танылады.
Іскерлік стиль еңбек үстіндеігі ресми қарым-қатынасқа байланысты болады жәнехаттама, талқылау, арыз, акт формасында жүзеге асады.
Ғылыми стиль оқып білім алу, танымдық іс-әрекетке байланысты және лекциялар мен ғылыми еңбектерде айқын байқалады. Әрбір стильге ӛзіндік лексика (сӛз саптау) және ӛзіндік сӛйлем құрылысы тән.
Қарым-катынас практикасы адамның ӛзіндік қасиетін құратын сӛйлеу стилін қалыптастырады. Адамның сӛйлеу мәдениеті мен сӛз сӛйлеуге жан- жақты тӛселуі оның сӛйлеу стилін қарым-қатынас ситуациясына бағындыра білуінен кӛрінеді.