1 Дәріс Психологияға кіріспе Жоспары



бет35/40
Дата15.11.2023
өлшемі0,52 Mb.
#123993
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Байланысты:
1 Дәріс Психологияға кіріспе Жоспары-emirsaba.org

Идентификация, қазақша «теңестіру», «ұқсастыру» ұғымдарына жақын, яғни өзіңді басқа адаммен теңестіру, өзіңді сол адамның орнына қою. Идентификация басқа адамның құндылықтар нормасы, мінез-құлқы, талғамдары мен дағдылары игеріледі. Әсіресе, жеткіншектік кезеңде оның мәні зор. Көптеген зерттеулерде идентификацияның оған жақын ұғым эмпатиямен тығыз байланысты екені анықталған. Эмпатияны басқа адамды сезіну, оның эмоциялық жағы басым, егер идентификацияда басқаның «проблемасы» «ойналынса», эмпатияда «сезініледі». Екеуіде де басқаның орнына қоя білу көрінеді, бірақ бастапқысында өзін партнермен теңестіру қажет емес, өз пікірі болуы мүмкін, дегенмен басқаның проблемасын сезіну іске асырылады.
Эмпатия-басқаның қуаныш-сүйініштерін дұрыс сезіне білу қасиеті. Қарым-қатынас жасаудағы эмпатияның болуы психолог, педагог, әлеументтік қызметкердің кәсіби маңызды қасиеттерінің бірі.
Осы екі жағдайда да, арадағы қарым-қатынастың іске асырылуы, үшінші жағдайдағы, партнердің «мені» түсінуіне байланысты. Басқаша айтқанда бір-бірін түсіну рефлексия-қарым-қатынасқа түсушінің басқа адам оны қалай қабылдайтынын түсінуі. Ол басқаша қабылдау мен түсінуі ғана емес, басқа «мені» қалай түсінетінін білу, ерекше бір-бірін бейнелеу, яғни «мен» басқаларға қалай көрінемін.
Рефлексияны әлеументтік психологияда зерттегендер: Дж.Холмс, Г.Гибш пен М.Форберг, негізінен диадалдық (екі адамдық) әрекеттесу тұрғысынан қарастырады. Топтың рефлексиялық құрылымын зерттегенде диадалдық әрекеттесумен қатар, топтың ортақ әрекеті және соған байланысты жеке адамаралық қатынастарда пайда болатын рефлексияда күрделене түседі. Өзін-өзі дұрыс түсіну, басқаны дұрыс түсіне білуге үйрету-өте күрделі процесс, оған баулудың бір әдісі-перцептивті біліктілікті жетілдіретін әлеументтік-психологиялық тренингтің түрі. Қабылданатын адамға деген эмоциялық көзқарастардың пайда болу механизмдерін анықтаумен байланысты зерттеу аймағы-аттракция деп аталады. Аттракцияның қазақша мағынасы-тартымдылық дегенге жақын. Аттракция, бір жағынан, қабылдаушы үшін басқа адамның тартымдылығының қалыптасу процесі, екіншіден, осы процесс өнімі, яғни көзқарастардың біршама сапасы. Қарым-қатынастың перцептивті жағын зерттегенде осыны есте тұтқан жөн, себебі бір жағынан, адамдар арасында бір-бірін ұнатушылық, достық сезімдері екіншіден, бұл құбылыстың қарым-қатынастағы маңызы қандай деген мәселелер туындайды. Аттракцияны түрлі деңгейлері анықталған: үнатушылық, достық, сүйіспеншілік. Кеңестік әлеументтік психологияда аттракция көп зерттелінбеген. Қазіргі кезде топтық іс-әрекетте аттракцияны зерттеу қолға алына бастады. Әлеументтік психологияның ерекше саласы-каузалды атрибуция деп аталады. Зерттеушілер Г.Келли, Э.Джонс, К.Дэвис, Д.Кенноуз, Р.Нисбет, Л.Стрикленд. Атрибуцияның аудармасы, телу, есептеу дегенде келеді. Латын тілінен аударғанда «causa» -себеп, яғни каузалды атрибуцияны-себепті телу деп түсінуге болады. Каузалды атрибуция адамдар туралы алынған мәлімет жеткіліксіз болғанда, оның мүмкін әрекеттері мен қасиеттерін тауып, сол объектіге телу жағдайы. Г.Келли атрибуциясының үш түрін қарастырады: жеке тұлғалық атрибуция, объектілік атрибуция және жағдайлық атрибуция. Бақылаушы көбіне жеке тұлғалық атрибуцияны пайдаланады (әрекет себептері сол әрекетті жасаушыға телінеді), ал қатысушы көбіне жағдайлық атрибуцияны (әрекет себептері жағдайларға телінеді). Мұндай жағдайлар, әсіресе табысқа жету мен сәтсіздік себептерін телігенде айқын көрінеді: әрекетке қатысушы сәтсіздік себептерін жағдайлармен байланыстырса, ал сырттан бақылаушы сәтсіздік себебін ең алдымен орындаушыдан көрінеді. Атрибуция құбылысының маңыздылығы көптеген эксперименттік зерттеулерден айқын көрінеді.
Әлеументтік психологияға енгізген Ф.Хайдердің идеясы бойынша, адамдар негізінде былай ойлайды: «жаман адамға жаман қасиеттер тән», «жақсыға-жақсы қасиеттер», яғни «жаман» адамдарға әрқашан жаман істер телінеді, ал «жақсыларға»-жақсы істер телінеді. Сонымен қатар каузалды атрибуция теориясында «жаман» адамға теріс істер телінгенімен, қабылдаушы өзін тек оң әрекеттер жасаушы деп бағалауы да қарастырылады. Көптеген эксперименттердің нәтижелері, адам қабылдауына маңызды рол атқаратын бағдар (установка) мәселесіне келіп тіреледі әсіресе, оның маңызы таныс емес адам туралы алғашқы ой қалыптасуына ерекше екенімен анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет