1 Дәріс Психологияға кіріспе Жоспары



бет26/44
Дата01.10.2024
өлшемі0,78 Mb.
#146450
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   44
Байланысты:
Лекция 1-15 Мадениет и психология КАЗ (2)

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Сәбет Бап-Баба. Жалпы психология. Алматы, 2013 ж


2.ЖарықбаевҚ. Жантануға кіріспе хрестоматия. Алматы, 2015 ж
3.Алдамұратов Ә. Жалпы психология, Алматы, 2013ж
4.Намазбаева Ж.И. Психология, Алматы, 2015 ж


Дәріс №6 Құндылықтар, қызығушылықтар, нормалар тұлғаның рухани негізі ретінде

1.Әлеуметтік әлемдегі мен концепциясы


2.Адам өміріндегі құндылықтар
3.Тұлғаның адамгершілік негіздері, тұлғаның рухани әлеуметтенуі

Адам өмірге келген сәттен бастап өзінің іргетасын қалыптастырып, өмірдің ағы мен қарасын ажыратуды үйреніп, жеке тұлғалық қасиеттерге ие бола бастайды. Өзін қоршаған адамдарымен араласу жағдайында өзара қарым-қатынасқа түсуді үйренеді. Өзінің менін қалыптастырады.


Адамның өзінің менінің бейнесі әр түрлі жағдайларда, әр түрлі адамдармен көп түрге ие болуы мүмкін. Жапондардың көзқарастары бойынша, адамдардың үш бет-бейнесі болады екен. Бірі - жай ғана адамдармен араласқанда қолданатын бейнең, екіншісі - жаныңа жақын адамдарыңмен араласқандаға бейнең, және үшіншісі - өзіңмен араласқанда, дәлірек айтқанда, өз-өзіңмен оңаша қалғандағы бейнең. Осы аталғандардың ішіндегі соңғысы адамның шын бет бейнесі. Расында да, адам оңашада қалғанда өзін еркін ұстап, қалаған нәрсесін санаға байланысты ерікті түрде жасайды. Не нәрселерді де ойлауы мүмкін. Жеке қалған жағдайда жағымды ойлар ойлап, болашағын елестеткен адамның ойлары жүзеге асатынына сенемін. Бұл жөнінде көптеген кітаптар жазылып, видео туындылар да шығарылған болатын. Үшінші бейнеңді таза ұстаған жағдайда ғана, біріншіден, өзіңмен қарым-қатынаста шынайы боласың, екіншіден, адамдармен қарым-қатынаста көп жүзділіктен арыласың. Психология ғылымы бойынша мен концепциясын екіге бөліп қарастырады: идеалды мен және реалды мен. Идеалды мен өзін қандай деп санайтын бейнесі немесе сол бейнеге ұмтылуы. Тағы да екі мағына... Адам бір бейнеге ұмтылып, өзінің қарапайымдылыған сақтауы мүмкін немесе өзін әу бастан биік санап, жоғары көрінуі мүмкін. Қазіргі таңда, адам өзін-өзі жақсы көруі қажет, сол жағдайда ғана басқаларды жақсы көре алады деген пікірлер көбейіп кетті. Бір жағынан дұрыс та болар. Дегенмен, әр нәрсенің екі жағы бар... Адам өзіне-өзі ғашық болып, тамсану дәрежесіне дейін өтіп кеткен жағдайда қоршаған адамдарын жақсы көру функциясынан айырылады. Эгосының дәрежесі өте биікке өсіп, жақындарын төмен санайды. Бүкіл әлемдік тордың құрсауына түскен адамдар әр жақтан жетіп жатқан шындыққа жанасымды, бірақ алдамшы ақпараттарды дұрыс қабылдап, өмірлік тәжірибелерінде қолданып жатады. Психологияны, адамдармен қарым-қатынастарды шетелдік ғалымдардың зерттеулерінен көп оқып біліп, ойланбастан сол нұсқаулар бойынша қадамдар жасайды. Бұл тақырыпқа сай болмаса да, өзіміздің даналығымыздың белгісі Абай атамыздың Қара сөздерінің ең болмағанда біреуін оқып көріңізші...
Адамға ерекше берілген қасиет - ойы мен санасы. Ой мен сананы уламай, өзіндік өмір сүру қабілеттілігіне жеткізіп, құбылыстарды саналы түрде қабылдаған жағдайда ғана реалды менді идеалды мен концепциясымен ұштастыра аласың. Теңдікті сақтау маңызды...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет