1 дәріс. Реттеу теориясы


Нейрондар немесе жүйке жасушасының әмбебаптылығы



бет4/4
Дата30.09.2022
өлшемі238,84 Kb.
#40984
түріҚұрамы
1   2   3   4
1.3. Нейрондар немесе жүйке жасушасының әмбебаптылығы
Сонымен Табиғатта және Эволюцияда күрделі жүйелердің элементтерін басқару реттеу және келісімді жүруіне гуморалды механизмдеріне қосымша жаңа сапалы механизм ойлап табылды. Ол электрлік құбылысты пайдалану. Сөйтіп ақпараттарды тасымалдаушы биоэлектрлік импульс сигнал, соның ортасында жүйке элементтерінің арасында тез және сенімді байланыс іске асырылады. Бұл жалпы барлық тірі құрылымдарға тән биоэлектрлік қасиет болады, бірақ кез келген құрылым ақпараттарды өңдей алмайды. Көптеген құрылымдардың ішіндегі құрылысы және қызметі жағынан ерекше қасиеті бар құрылым, нейрондар немесе жүйке жасушасы.
Нейрондардың басқа жасушалардан басты айырмашылығы, тек ғана ағза өсіп жетілген кезде қалыптасып өмір бойы сол қалпында қалады, яғни басқа жасушалар сияқты бөлінбейді, қалпына келмейді. Нейрондардың бірнеше түрлері болады: атқаратын қызметіне қарай қоздырғыш және тежеуші нейрондар; құрылысы жағынан өткізуші, аралық ассоциативті қозғаушы (еттердің қозғалысын басқарушы) тіпті секрет бөлуші немесе биологиялық белсенді заттар гормондар өндіруші.
Бұл жасушалар әмбебап. Мысалы жер бетінде немесе өсімдік бойымен жылжып, жай басып бара жатқан ұлуды көрсеңіздер оның да қарапайым сезімтал кішкентай ғана жүйке жүйесі бар. Бұл жерде ең бір таңқаларлық қасиеті нейрондар, адамның бас миы нейрондары сияқты жасалынған. Нейрофизиологиялық зерттеулер арқылы олардың құрылысы ганглиялардан ақпараттың таралуы синапстар арқылы іске асыратындығы ұлудың нейрондарын зерттеу кезінде анықталған. Осыған орай біз қазіргі таңда жоғары сатылылардың оның ішінде адамның бас миындағы сырлары анықталынған.
Ұлудың, құрттардың, құрбақа, балық және басқада ағзалардың, қысқасы барлық жануарлардың жүйке жүйесінің құрылысы бірдей, ұқсас қызмет атқарады деп айтар болсақ, қабылдау, өңдеу жинақтау және ақпарат тарату. Осы қызметтеріне қарай нейрондардың әмбебап қасиеттілігі деп атауға болады.
Сонымен жүйке жүйесінің әмбебап құрылысы мен қызметі біртұтас өлшемі нейрон қалыптастырады, яғни сигналды таратушы әмбебап механизмі биоэлектрлік құбылысында. Ал енді күрделі көпжасушалардың қызметін басқаратын дер кезінде мақсатына жететін, реттеп, келісіп миллиардтаған бөліктерін басқарушыға ат қоятын болсақ ол ағза немесе организм.
Атап айтар болсақ, сигналдардың жоғарғы жылдамдықпен және ақпараттарды өңдеудің нәтижесінде дүниедегі барлық тірі жан-жануарлар ұшады, жүзеді, сондай бір күрделі және әртүрлі іс қимыл, қозалыстар жасай алатындығына бәріміздің де көзіміз жетіп отыр.
Мысалы мынандай ғажайып құбылыстарды еске алайықшы. Жәй ғана ұшып жүрген шегіртке, оның кішкентай ғана бас миы ганглиялардан тұрады, ол өзінің жемтігін ұшып жүріп оңай, тез сондай жылдамдықпен ұстап алып қоректенеді. Ал оданда жоғары жылдамдықпен осындай іс әрекетті Стриж деген құста жасап, сол шегірткені опоңай ұстап жейді. Бұл жерде осы іс әрекетті өздерінің қарапайым «миы» арқылы басқарып отырғанына күмән жоқ.
Ал енді пианиноға сондай шеберлікпен ойнайтын пианистің саусақтарының іс қимыл, қозғалысы немес күрделі көзге операция жасаушы (микрохирургия) дәрігердің қолдарының іс қимылы сондай ақпарат ағынының сигналдарын басқаруда осы бас миындағы нейрондардың қызметіне байланысты.

Пысықтауға арналған сұрақтар:



  1. Үдірісті басқару дегеніміз не?

  2. Басқару жүйесіне сипаттама беріңіз

  3. Биологиялық жүйенің техникалық жүйеден айырмашылығы неде?

  4. Ле-Шателье принципі жайлы не білесіз?

  5. Гомеостаз туралы не білесіз? Оның ағзаны реттеудегі ролі қандай?

  6. Дененің температурасын реттеу механизміне сипаттама беріңіз

  7. Реттеуші жүйелерді атап көрсетіңіз


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет