1-дәріс. Сауат ашу әдістемесінің теориялық негіздері Негізгі мәселелер: Бастауыш білім берудегі сауат ашу үдерісі «Сауат ашу әдістемесі»



бет11/18
Дата19.10.2022
өлшемі106,39 Kb.
#44249
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18
Байланысты:
Сауат ашу әдістемесі дәріс 2022

Жазу сабағы:

  1. Жазуға дайындық (оқушылардың дұрыс отыруы, қаламдарын дұрыс ұстауы, дәптерлерінің партаға дұрыс қойылуы) тексеріледі.

  2. Сөзді буынға, дыбысқа талдау арқылы жаңа әріп бөлінеді.

  3. Жаңа әріптің элементтері бөлшектеліп көрсетіледі, мұғалім оны тақтаға жазып тұрады, оқушылар дәптерлеріне жазады.

  4. Мұғалім жаңа әріпті тақтаға жазады; оқушылар осы әріптен басталатын сөздер ойлап табады, сонан соң олар әріпті дәптерлеріне жазып алады.

  5. Оқушылар тапқан сөздерін буынға, дыбысқа талдайды, оқиды.

  6. Талданған сөздердің ішінен барлық әрпі түгел өтілген сөздерді оқушылар дәптерлеріне жазады.

Қазіргі жазу үлгілеріне сипаттама. Жазу сабақтарында «Жазу дәптерлері» пайдаланылады. «Жазу дәптерлері» сауат ашудың кезеңдеріне сәйкес жазылған.
№1 жазу дәптерінде бояу қарындашпен жазықтық бетінде емін-еркін бояу жұмыстары, жолақтарды бояу, сызықтар жүргізу, суреттерді үзік сызықтарды бастыру арқылы салу, әріп элементтерін көрсетілген үлгіге қарап салу берілген. №2, 3 жазу дәптерлерінде әріп, сөз, сөйлемдердің жазу үлгілері топтастырылған.
3. Оқушылардың каллиграфиялық талапқа сай жазу дағдысын қалыптастыру. Көркем жазуға үйрету
Жазуға сауатты жазу талабы ғана емес, көркем жазу талабы да қойылады. Сондықтан қатесіз жазу қандай керек болса, көркем жазу да сондай қажет. Көркем жазу жеке сабақ болып өткізілмейді, сауат ашу сабақтарында жазу жұмысымен бірге жүргізіледі. Әрбір сабақта жүргізілген жазу жұмыстарының барысында оқушылардың көркем жазуына мұғалім тарапынан көмек беріліп отырылады.
Жазу сабағын жаттықтыру. Балалар жазуды қаламмен жазады. Дайындық кезеңінде балалар жай және түрлі-түсті қарындаштарды және қаламды пайдаланады. Сыныпта әліпби ілініп тұрады.
Мұғалім жаңа әріпті тақтада жазылуын көрсетіп отырып түсіндіреді. Әр баламен қаламды ұстап жүргізіп, бір әріпті жазып көрсетеді. Келесі әріпті бала өзі жазады. Мұғалім аралап жүріп дұрыс жазбаған баламен жеке жазу жұмысын жалғастырады.
Оқу мен жазуға үйрету бірге жүргізіліп отырады. Баланың дұрыс оқуға машықтануымен сауатты да, әдемі жазуға үйретуі осы кезеңде жүзеге асырылады. Сондықтан мұғалім балаларды ұқыпытылыққа, жауапкершілікке үйрете отырып, өз жұмыстарына өздері баға беріп, қорытынды жасай білуге үйретуі тиіс.
Жазу жұмысын жақсарту үшін мұғалім оқушы дәптерін жүргізуге қойлатын төмендегідей біртұтас арнайы талаптарды жүзеге асырады:

  • Аса ұқыпты, түсінікті етіп жазу.

  • Дәптерлің сыртқы бетіне жазылатын жазулардың біркелкі болуын, оның қандай мақсатқа арналғанын көрсету.

  • Азат жолдарды сақтап жазу.

  • Әр күнде орындалған жұмыстан соң немесе әрбір аяқталған тексттен кейін қазақ тілі дәптерлерінде екі жол, математика дәптерінде екі жол тастап жазу.

Жазба жұмыстарын тексеру тәртібі. Жазба жұмыстарын тексергенде төмендегі ережелерді ұстану қажет:

  • Қатенің астын сызу, түзету қызыл сиямен жүргізіледі;

  • Қате жазылған әріп немесе тыныс белгісі көлбеу сызықпен сызылады, қажетті тыныс белгісі қойылады;

  • Қате жазылған сөздің бөлігі, сөйлем жіңішке түзу сызықпен сызылып тасталады;

  • 1, 2 – сыныптарда сызылып тасталғанның үстіне әріп, сөз, сөйлем жазылады;

3, 4 – сыныптарда (дәптер шетіне) жазылады ( / ) – емлелік қате, ( V ) – тыныс белгілерінен жіберілген қате;
- Баға тапсырманың оң жағына қойылады;
- Мадақтау жазуларын жазуға рұқсат;
Ескерту, сұраулы ескертулер жазбаған жөн;

  • 2, 3, 4 – сыныптарда мазмұндамаларға , шығармаларға 2 баға қойылады, журналдың 1 тор көзіне екі баға қойылады (4/5);

  • Жазба жұмыс дәптерлері күнбе- күн тексерілуі керек;

  • Қатемен жұмыс жасалынады.

Көркем жазуға әр сабақ сайын 5-7 минут бөлінеді. Тақтада түсіндіре отырып жазу үлгісі көрсетіледі. Көркем жазу жұмыстарының көлемі:
-1-2 сыныпта – 1-2 жол
-3-сыныпта – 3 жол
-4-сыныпта – 3-4 жол.
Тексерген соң мұғалім 3 жолдан аспайтын түзетуге бағытталған үлгі жазуды көрсетеді.
Бастауыш оқытуда 4 жыл бойына міндетті түрде әріп элементтерін дұрыс қосуға бағытталған жүйелі жұмыс жүреді. Сынып, үй жұмыстарын тексергенде дұрыс жазылмаған әріптерді түзетіп тұру қажет, немесе дәптер шетіндегі қызыл сызықта арнайы көрсетуі қажет. Бұндай әріптер мен әріптердің байланысуын түзету жұмыстарын жазуға беру керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет