1-дәріс. Сауат ашу әдістемесінің теориялық негіздері Негізгі мәселелер: Бастауыш білім берудегі сауат ашу үдерісі «Сауат ашу әдістемесі»



бет9/18
Дата19.10.2022
өлшемі106,39 Kb.
#44249
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18
Байланысты:
Сауат ашу әдістемесі дәріс 2022

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. «Сауат ашу әдістемесінің қалыптасуы мен дамуы» тақырыбында бейне материал әзірлеңіз

  2. Жалпы дыбыс пен әріпті үйретудің типтік сызбасын құрастырыңыз

  3. Дыбыстық талдау-жинақтау әдісі туралы хабарлама дайындаңыз.



7-дәріс. Сауат ашу кезеңдері

  1. Сауат ашу кезеңдері жөнінде түсінік

  2. Сауат ашу әдістемесінің әдістемелік еңбектерде қарастырылуы



8-дәріс. Сауат ашу үдерісі барысында қолданылатын ұстанымдар
Негізгі мәселелер:

  1. Сауат ашу ұстанымдары

  2. «Сауат ашуды оқыту» үдерісінің болашақ бастауыш сынып мұғалімінің креативті құзыретін қалыптастыру әдістемесінің ұстанымдары



1. Сауат ашу ұстанымдары
Сауат ашуды үйрету – әдістеме ғылымының ежелден келе жатқан сүрлеуі бар бір саласы. Қай халықтың білім алу жүйесін барлап қарасақ та, «Сауат ашу» әдістерінің түрлі тарихи және әдістемелік болмыстары танылатыны анық. Осы бағытта жүргізілген зерттеулер қазіргі сауат ашуды оқыту әдістемесінің теориялық негізін құрайтын материалдар болып саналады. Бастауышта сауат ашуды оқыту әдістемесінің өзіне тән ұстанымдары әлі де болса бір жүйеге келтірілмегендігі осы бағыттағы зерттеу еңбектерін талдау барысы көрсетіп отыр. Мұның себебі, біздің ойымызша, қазақстандық «әліппетану» деген арнайы саласының қалыптаспауында жатыр. «Әліппетану» саласының қалыптастырылып, арнайы зерттеу саласы болуы керек екендігі қазіргі кезде қазақстандық тіл білімі саласындағы қазақ жазуын латын графикасына ауыстыру барысындағы түрлі қиындықтардың туындауынан да анық көрініп отыр. Мысалы, ресейлік бастауыш мектепте орыс тілін оқыту әдістемесінде «алфавит», «азбука», «букварь» ұғымдарының жеке қарастырылатынын көріп отырмыз. Ол ұғымдардың пайда болуы мен дамуы дербес «азбуковедение» және «буквароведение» өз алдына сала болып қарастырылуда. Олардың оқытылу ұстанымдарында да, сөзсіз, өзіндік ерекшеліктер болады. Осындай жаңа тұрғыдан келген тәсілдемелері бойынша қазақ бастауыш мектебінде сауат ашу әдістемесінде де зерттеулер жүргізу керек.
Сауат ашу әдістемесін зерттеген еңбектерінде сауат ашу ұстанымдары анықталған. Олар: интеграциялық ұстаным, дыбыс пен әріпті оқытудың жеңілден күрделіге қарай ұстанымы, заманауи талаптарға сай қолданылатын дәстүрлі аналитика-синтетикалық ұстаным, аналитикалық-синтетикалық оқудан синтетикалық, автоматтыққа ауысу ұстанымы, дыбыстық ұстаным, дыбыстық талдау ұстанымы, бірізділік ұстанымы, ауызша тілдің жазба тілден бұрын келетіндігі, графикалық позициялық ұстаным, коммуникативік-тілдік ұстаным, тілге назар аудару және тіл бірліктерінің мағынасын түсіну ұстанымы, тілдік және сөйлеу материалдарын минималдандыру ұстанымы, функционалдық ұстаным, тіл мәнерлілігін бағалау, тілдік сезімін дамыту ұстанымы, сауат ашу арқылы оқушының тілін дамыту ұстанымы, мәтінді орталық әдіс деп санау ұстанымы, оқылым қарқынын біртіндеп күшейту ұстанымы.
Сауат ашуды оқыту әдістемесінің интегративтік /кіріктірілген ұстанымы (І топтама). Бұл ұстаным бойынша сауат ашуды оқыту үдерісінде қазақ тілінің барлық дерлік қырлары, атап айтқанда, дыбыстары, әріптері, буындары, сөздер, сөз тіркестері, сөйлем, көркем жазу, сапалы оқу қамтылады. Сонымен бірге, оқушылардың оқу-танымдық сөздік минимумы дамытылады, фразеологиялық тіркестерді танып-біле бастайды, қарапайым грамматикалық конструкцияларды өзінің сөйлеу тәжірибесіне енгізіе бастайды, біртіндеп, ана тілі болып табылатын қазақ тілінің бай мүмкіндіктерін түсінуге қадамдар жасайды.
Сауат ашуды оқытудың коммуникативтік ұстанымы (ІІ топтама). Осы ұстаным бойынша оқу мен жазу дағдылары оқушының қарапайым дағдыдан жоғары тұратын түсініп оқуға, жазбаша ойын білдіруге аса қажетті және маңызды дағды ретінде қалыптасып, дамуы көзделінеді. Ауызша мәтін болсын, жазбаша мәтін болсын, ол – сөйлеудің туынды өнімі деп түсінілуі қамтамасыз етіледі. Қазақ тілінің - адамдар өзара қарым-қатынас жасайтын қатынас құралы екені саналылықпен түсінуіне қажетті дағдылар қалыптастырылады. Өзара сөйлесу барысында қандай сөздерді және қалай дұрыс қолданған дұрыс екенін түсініп, коммуникативтік жағдаяттарға сай меңгереді. (Мысалы, коммуникативтік жағдаят өлең арқылы беріледі:
–Апаң сенің базардан,
Алма сатып әкелді,
Ең үлкенін, дәмдісін,
Саған таңдап әперді.
Не деп барып жеу керек?
– Рахмет Сізге , - деу керек.)
Сауат ашуды оқытудың танымдық/когнитивтік ұстанымы (ІІІ топтама). Бұл ұстаным сауат ашу үдерісінде бірқатар дидактикалық талаптарды орындауға мүмкіндік береді. Атап айтсақ, оқушылар өзінің ана тілін яғни қазақ тілін мәдени-тарихи үдеріс ретінде оқып-меңгере алады, тілдің ауызша формасынан жазбаша формасына қарай жүру логикасы қолданылады, ойыннан, ымдау, сурет қолдану, пиктографиядан әліпбидегі дыбыстық-әріптік жүйеге қарай жолды жүріп өтеді. Сонымен бірге, оқушыларға тілді тек қарым-қатынас құралы ретінде ғана емес, дүниетаным құралы ретінде де қолданытын таным құралы ретінде игерту желісі басталады. Сауат ашуды оқыту барысында оқушылардың бейнелі, креативтік-шығармашылық, дерексіз логикалық ойлауы, түйсігі (интуициясы) қалыптасуы көзделінеді. Сонымен бірге 1-сынып оқушысының таным әрекетінің ерекшелігін назарда ұстай отырып, көрнекі-тәжірибелік, бейнелі-символдық, дерексіз-логикалық ойлау түрлерін дамыту арқылы иллюстративті-бейнелі тілдік-сөйлеу ұғымдарын кезеңмен меңгерту жұмыстары жүргізіліп отырылады. Сауат ашуды оқыту әдістемесінде оқушылардың тілдік ойлауын дамыту оқушының тіл бірліктерінің (дыбыс пен әріптен басталатын) формасы мен мазмұнын саналылықпен түсінуі және үйлесіммен тіркестіре алуы дағдысы қалыптастырылады.
Сауат ашуды оқытудың таңбалық/семиоталық ұстанымы (ІҮ топтама). Сауат ашуды оқыту әдістемесінде осы ұстаным өте көлемді оқу-танымдықдық міндеттерді шешуде басшылыққа алынады. Нақтырақ айтқанда, оқушы, алдымен, біржақты тіл бірлігі болып табылатын дыбыстан буын, буыннан барып, екіжақты тіл бірлігі болып табылатын сөзді, сөз тіркесін, сөйлемді құрай бастағанда, оқушылардың санасында «тіл белгілі бір таңбалар жүйесі» деген ұғымдардың қалыптасуының алғашқы сатылары орныға бастайды. Осы тіл бірліктерінің енді адам үшін сырттағы өмірдің бейнесі ішкі санасындағы «орынбасарлық» ерекше қызметін де біртіндеп аңғарып, түсінуі басталады. Мұғалімнің сауат ашуды оқыту әдістемесінде дамытушылық, креативтік бағытты ұстануы оқушылардың тілдік таңбалардың мағынасын алғашқы күннен бастап түсінікпен, саналы түрде қабылдауына керекті әдіс-амалдар мен құрал-жабдықтарды қолдану жолдары молынан қамтылуы керек. Жазылған сөзді оқып, сөз арқылы шынайы болмыста өмір сүретін, бар болып отырған затты түсінуі – оқушының санасында тілдік таңба арқылы дүниені тану тетігі жұмыс жасауын білдіретін көрсеткіш. Ендігі ретте оқушы сөз арқылы таңба мағына, мағына – дыбыстық айтылуы деген таным логикасын орнықты түрде қалыптастыруға өзі де саналылықпен қосыла бастайды. Мұғалімнің білім деңгейі мен көлемі, сабақтан тыс уақыты мүмкіндік беретін жағдайда, 1-сынып оқушыларына түрлі таңбалық жүйелері мен құралдары туралы қосымша білім берсе игі болады. Балаларға ойын түрінде (сабақтан тыс болғанын ұсынар едік) адамдар арасында ым тілі бар екенін, ежелде оның негізгі болуы да мүмкін екенін, таңба-белгі тілдерін, қазіргі бағдаршам, көше жолдарындағы белгілер, өзен жағалауындағы белгілер, ескерту таңбалары, жеңісті білдіретін таңбалар (лавр және кубок) т.б. осындай бағдардағы мазмұнда қосымша білім беру оқушыларға сауат ашудағы әріптер мен олардың дыбысталуы және дыыстық тілдің шынайы өмірдің таңбасы екенін түсінуіне саналылықпен жол қалыптастырады.
2. «Сауат ашуды оқыту» үдерісінің болашақ бастауыш сынып мұғалімінің креативті құзыретін қалыптастыру әдістемесінің ұстанымдары
Креативті орта мен креативті оқу процесін құру ұстанымы қоғамның заманауи инновациялық дамуының негізгі ресурстарының бір көзін білдіреді. Университеттерде креативті оқу ортасы мен оқу ұстанымын құру арқылы болашақ мамандардың ерекше сапалы қасиеттерін, жоғары интеллектуалдық қабілеттерін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Еліміздің экономикасына, әлеуметтік барлық салаларына ғылыми сыйымдылығы жоғары технологияларды енгізу үшін және ел пайдасына жарату үшін, жас мамандар универсиетттегі бірінші күннен бастап креативті білім ортасына кіруі керек. Университетте оқыған жылдардың әр күнінде болашақ маман, болашақ мұғалім креативті жеке тұлға ретінде қалыптасуға бір қадамалға басып, тұтастық болмысының бір кірпішін қалауға дағдылануы керек. Креативті білім ортасы мен креативті оқу үдерісі студентті біртіндеп білім объектісінен алға қарай өз бетімен білім ізденіп, жаңа идеяларды генерациялай алатын креативті субъектіге, толыққанды тұлғаға дейін көтерілуі күтіледі. Нақтырақ айтқанда, болашақ бастауыш сынып мұғалімін дайындауда креативті-шығармашылық бағытқа қарай бет бұрып, жаңа білім беру процесін құру әдіснамасын қажет болады.
Креативті өнім алу мақсаттылығы ұстанымы болашақ маман дайындаудың тек нәтижеге қол жеткізуін ғана көздемейді, есесіне, қалай да креативті өнім алуға міндеттейді. Студенттерге «Сауат ашу» пәнінің әдістемесін оқыту үдерісі олардың креативтік қабілеттері мен потенциалды танымдық мүмкіндіктері дамуын қамтамасыз ету көзделінеді. Ол қамтамасыз ету барысында дидактикалық оқу материалдары студенттің интеллектуалдық, эмоциялық, мотивациялық ресурстарын кешенді түрде ала отырып, креативті құзыретін дамытуға игі ықпал ететін түрлі жағдаяттар, тапсырмалар, проблемалар түрінде құрылады. Студенттің болашақ мұғалім ретіндегі кәсіби міндеттерін шешуге креативті тұрғыдан келуге дағдылануы оның креативті потенциалын белсендіру арқылы мүмкін болады. Оқу-танымдық әрекеттерінде эмоциялық-сезімдік ынталандырулар жасап отыру арқылы студенттің белгілі бір оқу міндетін креативтілікпен шешу жолына әкелуге болады. Мұның барлығы оқытушының студентке арналған креативті оқу-таным әрекетінің стратегияларын дұрыс құра білуін талап етеді.
Креативті педагог тұлғасын дамыту ұстанымы болашақ бастауыш сынып мұғалімінің педагогикалық және «Сауат ашуды оқыту әдісітемесі» (және барлық пән бойынша) пәндік білімін, жаңалықты танудағы жоғары мотивациясын, бастауыш мектепте оқыту практикасын шығармашылықпен игеру тәжірибесін интеграциялайтын кәсіби жеке тұлға ретінде қалыптастыруды көздейді. Креативті педагогтің тұлғасын зерттеуде, ғалымдардың айтуынша, олардың төрт қыры қарастырылады: креативті тұлғалардың мінездері мен мотивтерін зерттеу, креативті тұлғаның «Менін» креативтілікпен байланыстыра қарастыру, креативтілікті тұлғаның өзі мүмкіндіктерін жүзеге асыру контексінде зерттеу, креативті тұлғалырды психологиялық тұрғыдан зерттеу. Болашақ бастауыш сынып мұғалімі өзінің шығармашыл тұлға екендігіне сенімді болуы тиіс және белсенділік, өз бетімен жұмыс жасау және шешім қабылдау, оқу-таным үдерісін ұйымдастыру, еңбектену, шығармашылық қарым-қатынас жасау қабілеттері айқын дамыған болуы тиіс. Осы ұстанымды басшылыққа ала отырып, болашақ бастауыш сынып мұғалімін креативті құзыреттің даму көзі болып табылатын инновацияларға ұмтылып, әрдайым ізденіс үстінде болуын дағдыландыруға болады. Әдістемелік креативтілік-шығармашылық – бастауыш сынып мұғаліміне әрбір сабақты, таным үдерісінің әрбір үзігін жобалауда қажетті қабілет, кәсіби дағды. Сондықтан креативті тұлға деңгейі – болашақ мұғалімнің даму дәрежесінің биігі.
Креативті педагогикалық рефлексия ұстанымы – болашақ бастауыш сынып мұғалімінің ең өзекті сапалық қасиетін қалыптастыруға басшылық ететін ұстаным. Рефлексивтілік компонент – креативті құзыретті бір құраушысы болып табылатын айтылды. Мұғалімнің онтологиялық қиындықтарды еңсеруде күш беретін маңызды қасиеттердің бірі – рефлексиялық қабілеті. Болашақ бастауыш сынып мұғалімін рефлексия жасауға дағдыландыруда оның жеке тұлғалық және кәсіби түрлері бар екенін түсіндіру маңызды. Рефлексияның осы екі түрін саралап ажырата алмаған мұғалім кәсіби қызметінде өзін жегідей жеп тынуы мүмкін екенін ғалымдар атап көрсеткен. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің, қазіргі студенттердің рефлексиялық әрекеттерін ынталандырып отыру арқылы олардың өмір құндылықтарына бағдар алу, креативті идеяларды тудыру дағдылары қалыптастырылады. Психолог ғалымдарының айтуынша, креативтік көріністер динамикасында рефлексивтік анықталудың негізгі тетігі – жеке тұлғаның рефлесивтік өзін-өзі диагностикалауы болып табылады, сол арқылы тұлғаның өзіндік санасының тұтастығы мен тұрақтылығы сақталады. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің студенттік кезден қалыптастырылған рефлексивтілігі кәсіби қызметке кірген кезде дамып-жетіледі. Ол өз кезегінде қызметінде өзіндік сананың рефлексивтік құраушыларын іске қоса отырып, нәтижелі креативтік параметрлерді белсендіреді.
Креативті тұрғыдан жайлы атмосфера құру ұстанымы. Тұлғаның креативтілігін дамыту мәселелері бойынша зерттеген ғалымдардың пікірінше, креативтілікті дамыту үшін белгілі бір жайлы жағдайлар жасау қажет, ерекше шығармашылық орта құру керек. Өйткені замануи генетикалық зерттеу мәліметтері креативтіліктің, көп жағдайда, қоршаған ортаға тәуелді екенін айтады. Талдау жасалынған психологиялық және педагогикалық әдебиеттерде креативтілік құзыретті қалыптастырудың алды оған қажетті жағдайлар туғызудан басталу керек екендігін атап көрсетеді. мысалы Дж.Гилфордтың кітабында шығармашылық белсенділікті дамытудың мынадай тәсілдері көрсетілген:

  • жайлы, жағымды атмосферамен қамтамасыз ету. Оқытушы тарапынан студенттерге деген жылы шырай, мейірімді және шынайы достық қарым-қатынас, студентті бағалау мен сын айтудан аулақ болу – студенттердің дивергенттік ойлауын еркін көрсетуге тірек болады;

  • студенттің креативтік түрлі амал-тәсілдер мен оқу құралдарымен және ынталандырудың түрлеріне түсуі арқылы оның танымдық белсенділігі ерекше дами түседі;

  • студенттің ерекше идея айтуы, ерекше ой білдіруін оқытушының қолпаштап- қолдау жасауы - оны ынталандыра түсетіні.

Креативті трансформация және генерациялау ұстанымы. Унивиерситетте болашақ мамандарды дайындау үдерісінде жаңа оқыту технологияларын пайдаланудың маңызы зор екені белгілі. Бірақ шынайы өзгеріс пен даму тек технологияға ғана тәуелді емес, жаңалыққа қарай бет бұрып, өзгерістер жасалуына да және қайта түрленуіне де көптен-көп байланысты. Болашақ бастауыш мектеп мұғалімінің креативті құзыретін қалыптастыру әдістемесінде трансформация ұстанымы студенттердің санасында дүниетаным картинасын кеңейтуге басшылық етеді. Трансформация ұстанымы білім мазмұнын өзгертуде басышылық етеді, әрине, білім мазмұнын түбегейлі өзгерту жиі қолданылмайтыны белгілі. Генерациялау ұстанымы туралы зерттеген ғалымдардың айтуынша, креативті идеяны генерациялаудың келесі кезеңдері бар: бағдар ұстау кезеңі яғни проблеманы анықтау және нақты мақсатты анықтау; дайындық кезеңі яғни анықталған проблеманы шешу үшін ақпарат жинау; талдау кезеңі яғни ақпаратты өңдеу және пробдеманы шешу тәсілдерін іздеу; фильтрациялау /електен өткізу/ кезеңі яғни оңтайлы идеяларды сұрыптау; инкубация кезеңі яғни көрегендік қабілетін қарқындататын мезгілдік үзіліс; синтездеу, жинақтау кезеңі яғни «мозаика бөлшектерін біріктіру»; бағалау кезеңі яғни әзірленген идеяларды сыни тұрғыдан талдау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет