2. Жақсы көру мәнді жұрнақтар
Жақсы көру сезімін білдіру мәнін-тай ,-жан жұрнақтары білдіреді. Мысалы, Жеңешетай, ұмытпаспын! Өлсем де ұмытпаспын осы жақсылығыңды! — деп, қоштасты да, кішкене есікті ашып, жай салмақпен басып жүріп кетті (М.Әуезов). - Ой, Абайжан, қарағым, не болды? Біреу тиген бе? — деп, ішінен "әкесі ұрды ма?" деп те ойлап кеп еді (М.Әуезов). Бұл жұрнақтар кісі аттарына, кіші адамға, туыстық атауларға жалғанады: жеңешетай, әкетай, көкетай, әпкетай, ағатай, апатай, Сәулетай, Ғалымтай, Сырымтай, Қасымтай, апажан, ағажан, Сәулежан, Ғалымжан, Сырымжан т.б.
Бұл екі жұрнақ мағыналас, синоним жұрнақтар, олар кісі аттарын жасауда кең орын алған.
Достарыңызбен бөлісу: |